Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудындық мәслихатының 2011.02.03 № 220 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 474 «Ең төменгі күнкөріс деңгейі туралы» Заңының 4 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жан басына шаққанда орташа айлық табысы облыста белгіленген кедейшілік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларының мүшелеріне ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Аудандық мәслихаттың «Аз қамтылған отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2008 жылғы 25 қыркүйектегі № 61 шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-59, 2008 жылғы 15 қазандағы «Мәртөк тынысы» № 44 газетінде жарияланған; аудандық мәслихаттың шешімімен 2009 жылғы 19 ақпандағы № 83 «Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 қыркүйектегі № 61 «Аз қамтылған отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек туралы» өзгеріс енгізу туралы», Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-79, 2009 жылғы 18 наурыздағы «Мәртөк тынысы» № 12 газетінде жарияланған, енгізілген өзгерістерді ескеріп) күші жойылды деп танылсын.
3. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (А.Т.Жұмабаева) әлеуметтік көмек төлеуге қаржы қарастырсын.
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Г.А.Алматбаева) ай сайынғы төлемдерді қамтамасыз етсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен со қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
М. Ермұқанов А. Смағұлов