Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 ақпандағы N 177 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихаттың 2008 жылдың 19 желтоқсанында қабылданған, 2009 жылы 16 қаңтарында аудандық әділет басқармасында 3-10-91 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 29 қаңтарында аудандық "Темір" газетінің N 4-5 санында ресми жарияланған N 83 "2009 жылға кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы" шешіміне төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Шешімнің 1 тармағындағы "ойын бизнесі салығының ставкасы" деген сөздер "2009 жылғы тіркелген салық ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың сессиясының төрағасы: хатшысы:
Н.НҰРБАЙҚОС С.ЖАҢАБЕРГЕНОВА