Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылдың 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 ақпандағы N 101 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының әділет басқармасында 2009 жылы 1 сәуірде N 2-1-95 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 173 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2010.04.14 N 173 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 12 (Талдықорған қаласының әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 12 қарашасында тіркелінген нөмірі 2-1-56, "Талдықорған" газетінің 2007 жылдың 23 қарашадағы 47 нөмірінде жарияланған) шешіміне, Талдықорған қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 14 сәуірдегі "Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылдың 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 47 (Талдықорған қаласының әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 23 мамырында тіркелінген нөмірі 2-1-81, "Талдықорған" газетінің 2008 жылдың 6 маусымындағы 23 нөмірінде жарияланған), Талдықорған қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 10 қазандағы "Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылдың 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 77 (Талдықорған қаласының әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 5 қарашасында тіркелінген нөмірі 2-1-87, "Талдықорған" газетінің 2008 жылдың 14 қарашасындағы 46 нөмірінде жарияланған) шешімдерімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып мынандай өзгеріс енгізілсін:
       16-тармақтағы "5000 (бес мың) килограмм" деген сөздер "3000 (үш мың) килограмм" деген сөзбен ауыстырылсын.
       2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс 14 сессияның
      төрағасы                                   С.М. Жансенгіров

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    М. Д. Бопазов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады