Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 2010.01.05 N 1 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2005 жылдың 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 Қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында жасы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды "Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу ұйымдастырылсын.
2. Шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Дюсетаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы ауданы әкімінің
міндетін атқарушы С. Апақашов