Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2011.07.15 N 1619/23 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 130/2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-1-134 тіркелген, 2009 жылғы 14 наурыздағы "Сарыарқа самалы" N 31 газетінде, 2009 жылғы 17 наурыздағы "Сарыарқа самалы" N 32 газетінде, 2009 жылғы 16 наурыздағы "Версия" N 10 газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
"Біржолғы әлеуметтік көмек" 3-тараудағы 20-тармақ мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
26) "ҰОС мүгедектері мен қатысушыларының тістерін протездеуге; көмек мөлшері 15000,0 (он бес мың) теңге; төлем ЗТМО мәліметтер базасына сәйкес жүзеге асырылады";
27) Ауғанстандағы соғыс әрекеттеріне қатысушылардың тістерін протездеуге; көмек мөлшері 15000,0 (он бес мың) теңге; төлем ЗТМО мәліметтер базасына сәйкес жүзеге асырылады";
28) ЧАЭС апатының зардаптарын жоюға қатысқандардың тістерін протездеуге; көмек мөлшері 15000,0 (он бес мың) теңге; төлем ЗТМО мәліметтер базасына сәйкес жүзеге асырылады";
29) ҰОС мүгедектері мен қатысушылары 2010 жылға арналған "Ардагер-ветеран" газетіне жазылу үшін; көмек мөлшері 816,0 (сегіз жүз он алты) теңге;
төлем ЗТМО мәліметтер базасына сәйкес жүзеге асырылады."
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. М. Қанафинаға жүктелсін.
Павлодар қаласының әкімі Б. Жоламанов