Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.07 N 3-05/74 хаты).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бап 1-тармақ 14) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті XI сессия) "Екібастұз қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы" N 129/11 шешімін орындауда, аз қамтамасыз етілген тұлғаларды (отбасыларын) қолдау мақсатында, әрі ауылдық округ тұрғындарының жеке шаруашылығын дамыту үшін қаражаттың жеткіліксіздігін ескере келіп, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы (бұдан әрі – Комиссия) бекітілсін.
2. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтамасыз етілген тұлғалардың (отбасылардың) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек алу құқығы белгіленсін.
3. Жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек алу үшін "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) материалдық көмекті пайдалану мақсаты туралы өтініш;
2) аз қамтамасыз етілген отбасы мәртебесін куәландыратын анықтама;
3) азаматтарды тіркеу кітабінің көшірмелері;
4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (көшірме);
5) жеке куәлігі (көшірме);
6) "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі есеп шоты.
4. Жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек Комиссияның шешімімен тағайындалады.
5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаланың 2009 жылға арналған жылдық бюджеті аясында біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды жүзеге асырсын.
6. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А. Құрмановаға жүктелсін.
Екібастұз қаласының әкімі Н. Нәбиев
Екібастұз қаласы әкімдігінің
17 наурыздағы 2009 жылғы
N 141/3 қаулысына
қосымша
Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын
аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына)
жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық
көмек тағайындау жөніндегі комиссия
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2009.07.09 N 385/7 қаулысымен.
Құрамы
Сансызбай Сапарұлы Төлеубаев |
Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; |
Серік Әубәкішұлы Арыстанов |
"Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары; |
Айгүл Мұратқызы Төлегенова |
"Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі, комиссия хатшысы; |
Комиссия мүшелері: | |
---|---|
Болат Қайыржанұлы Құспеков |
"Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы; |
Кенжебек Дүйсенбайұлы Дүйсенбаев |
"Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы; |
Әлия Көкішқызы Базарбаева |
"Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары |