Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 наурыздағы "Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін 2009 жылға біржолғы материалдық көмек беру туралы" N 141/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 9 шілдедегі N 385/7 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 31 шілдеде N 12-3-238 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 7 мамырдағы N 3-05/74 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.07 N 3-05/74 хаты).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес және кадрлық өзгерістердің болуына байланысты, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 наурыздағы "Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін 2009 жылға біржолғы материалдық көмек беру туралы" N 141/3 қаулысына (12-3-225 N-мен нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген және 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 17 "Отарқа" және 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 17 "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау жөніндегі комиссия құрамына (бұдан әрі – Комиссия):
      Сансызбай Сапарұлы Төлеубаев, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы болып;
      Кенжебек Дүйсенбайұлы Дүйсенбаев, "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, Комиссия мүшесі болып енгізілсін;
      2) Комиссия құрамынан Айзада Амангелдіқызы Құрманова, Өтен Борамбайұлы Тоқуров шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары С.С.Төлеубаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады