Кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына арналған ара-тұра сипаты бар бір жолғы талондар құнының ставкасы туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 112/19 шешімі. Павлодар облысы Успен ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қаңтарда N 12-12-85 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қаңтардағы N 64/12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 25.01.2013 N 64/12 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" N 148-ІІ Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы" N 100-IV Заңының  36 бабының 6 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына арналған ара-тұра сипаты бар бір жолғы талондар құнының ставкасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. 2006 жылғы 23 қаңтардағы "Жекелеген қызмет түрлерінен бір жолғы талондар құнының ставкасын және ойын автоматтарының ақшалай ұтыссыз қызметін көрсететін салық төлеушілер үшін белгіленген жиынтық ставкаларын бекіту туралы" N 140/22 (2006 жылғы 4 наурыздағы "Сельские будни" газетінің 9 нөмірінде жарияланған, N 12-12-17 мемлекеттік нормативтік құқық актілер тізілімінде тіркелген), 2006 жылғы 22 ақпандағы Успен аудандық мәслихатының 2006 жылғы 23 қаңтардағы "Жекелеген қызмет түрлерінен бір жолғы талондар құнының ставкасын және ойын автоматтарының ақшалай ұтыссыз қызметін көрсететін салық төлеушілер үшін белгіленген жиынтық ставкаларын бекіту туралы" N 140/22 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 144/23 (2006 жылғы 1 сәуірдегі "Сельские будни" газетінің 13 нөмірінде жарияланған, N 12-12-23 мемлекеттік нормативтік құқық актілер тізілімінде тіркелген), 2007 жылғы 20 сәуірдегі Успен аудандық мәслихатының 2006 жылғы 23 қаңтардағы (ІІІ шақырылым ХХІІ сессия) "Жекелеген қызмет түрлерінен бір жолғы талондар құнының ставкасын және ойын автоматтарының ақшалай ұтыссыз қызметін көрсететін салық төлеушілер үшін белгіленген жиынтық ставкаларын бекіту туралы" N 140/22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 190/30 (2007 жылғы 26 мамырдағы "Сельские будни" газетінің 21 нөмірінде жарияланған, N 12-12-23 мемлекеттік нормативтік құқық актілер тізілімінде тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми басылымға жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Аудандық мәслихатының
      IV сайланған XIX сессия төрағасы           В. Латун

      Аудандық мәслихатының хатшысы              Т. Байғожинов

Успен аудандық мәслихатының
2009 жылғы 25 желтоқсандағы
N 112/19 шешіміне қосымша

Кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына арналған
ара-тұра сипаты бар бір жолғы талондарының құны

N р/р

Кәсіпкерлік қызметтің түрі

1 күнге бір жолғы талон құны (теңге)

1

Үй жанында өсірілген гүлдерді сату

70

2

Қосалқы ауыл шаруашылығы, бақша өнімдерін сату

100

3

Газеттер мен журналдар сату

30

4

Бақша өнімдерін сату

150

5

Тұқым, сонымен қатар көшеттер сату (көшеттер)

70

6

Жеке трактор иелерінің жер учаскелерін өңдеу және жүк тиеу қызметін көрсетуі

250

7

Малдар мен құстар жемін сату

150

8

Сату:

- сыпырғыштар

- орман жидектерін, саңырауқұлақ

- бал

- балық сату


50

70

10

150

9

Үй малдары мен құстарын бағу

50

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады