Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 08.04.2013 N 02.09.01-05/374 хаты)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 231 Заңы 28-бабына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 533 Заңы 5-бабы 3-тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 87 қаулысымен бекітілген ауылшаруашылық тауарөндірушілеріне көктемгі-егістік және орақ жұмыстарын өткізуге қажетті, жанар-жағармайдың және басқадай тауарлы-затты құндылықтардың бағасын арзандатуға және өсімдік шаруашылығының өнімдерінің сапасы мен өнімділігін жоғарылату үшін төленетін субсидиялар Ережесінің 12-тармағына сәйкес, 2009 жылы Солтүстік Қазақстан облысының топырақты-егіншілік аудандары бойынша қаржыландырылатын басымды ауыл шаруашылық дақылдар түрлері бойынша көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдері жөніндегі «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибелік станция» ЖШС көп жылғы ғылыми зерттеулер негізінде әзірленген ұсынымдары негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2009 жылға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша қаржыландырылатын басымды ауыл шаруашылық дақылдар түрлері бойынша көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 мамырдағы № 136 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуінің Реестрінде № 13-5-95 тіркелінді, «Новости Приишимья» 2009 жылдың 1 маусымдағы № 22 газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтағы «жаздық бидай - 15-30 мамыр» сөзі «жаздық бидай – 5 маусым» сөзіне өзгертілсін
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айбек Оралбекұлы Күшеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Тасмағанбетов