Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратының 04.02.2013 N 02.07-05-03/127 хаты)
«Қазақстан Респубикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағына 14) тармақшасына, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес, «Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы Жарлығын, «Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 32 қаулысын, «Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығын және «Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 32 Қаулысын іске асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 наурыздағы 62 қаулысын іске асыру үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оралмандардың 2009 жылға арналған Белгіленген көшіп келу квотасы саны 35 отбасы ауылдық округтер бойынша 1-қосымшаға сәйкес бөлінсін.
2. Оралмандарды қабылдау және орналастыру жөніндегі аудандық комиссия құрамы (ары қарай – комиссия) 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. «Аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
мектеп жасындағы оралмандардың балаларын оқыту және оларды интернаттарға орналастыру бойынша шаралар қолдансын;
оралмандардың балаларын бастапқы және орта кәсіби оқу мекемелеріне тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізсін.
4. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі оралмандарды жұмысқа орналастыру және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселелерін шешсін, қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оларды жаңа мамандықтарға қайта даярлауды және оқытуды ұйымдастырсын.
5. Селолық округтер әкімдері:
оралмандарды жаңа жерлерге орналастыруды ұйымдастырсын, олардың бейімделуі үшін жағдай жасасын;
тұрғын үй сатып алуда көмек көрсетсін;
оралмандарды жұмысқа орналастыру, оларға жер телімдерін беру және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шағын кредиттер алуға жағдай жасау мәселелерін бақылауға алсын.
6. Комиссия оралмандарды қабылдау және орналастыру мәселесі жөніндегі селолық округтер әкімдерінің, аудандық бөлімдер басшыларының ақпараттарын комиссия отырысында мерзімді түрде тыңдасын.
7. «Аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі оралмандарды қабылдау және орналастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы аудан жұртшылығын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етсін, тақырыптық кездесулер мен әңгіме өткізсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Ы. Байсыновқа жүктелсін.
9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қызылжар ауданының әкімі Қ. Пшенбаев
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы мамырдағы № 206
қаулысына 1-қосымша
Қызылжар ауданының селолық округтарына
оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу
№ ж/ж |
Селолық округтар |
Көшіп келу квотасы |
1 |
Архангелька |
3 |
2 |
Бескөл |
1 |
3 |
Қызылжар |
30 |
4 |
Прибрежный |
1 |
Барлығы |
35 |
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы мамырдағы № 206
қаулысына 2-қосымша
Оралмандарды қабылдау және орналастыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
Байсынов Аудан әкімінің орынбасары
Әсет Ыбрайымұлы комиссия төрағасы
Колесников «Қызылжар аудандық жұмыспен
Сергей Сергеевич қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы, төрағаның орынбасары
Дәуенова «Қызылжар аудандық жұмыспен
Қағира Хакімқызы қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әкімшілік
секторының бас маманы,
комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Қасеинов «Қызылжар ауданының ішкі істер
Әмір Қуандықұлы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Алмолдин «Қызылжар аудандық орталық
Серік Алмолдаұлы ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазынашылық
кәсіпорнының бас дәрігері
Касенова «Қызылжар аудандық білім
Күлшара Асқарқызы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Батаева «Қазақстан Республикасының Еңбек Светлана Анатольевна және халықты әлеуметтік қорғау
Министрлігінің зейнетақы төлеу
жөніндегі мемлекеттік орталығы»
республикалық қазыналық
кәсіпорны Солтүстік Қазақстан
облыстық филиалының
Қызылжар аудандық бөлімшесінің
бастығы (келісімімен)
Қожахметова «Қызылжар аудандық Әділет
Гүлнәр Қалиқанқызы басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Бодуновский «Қызылжар аудандық ішкі саясат
Александр Викторович бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Байбосынов Архангельск
Махмет Тлембайұлы селолық округінің әкімі
Андреасян Бескөл
Васо Вартанович селолық округінің әкімі
Жаңабеков Қызылжар
Хайса Есмұқанұлы селолық округінің әкімі
Сибанов Прибрежный
Орынбай Қожанұлы селолық округінің әкімі