Салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 191-IV шешімі. Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 26 қаңтарда N 4-6-93 тіркелді. Күші жойылды - Индер аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 желтоқсандағы N 258-IV шешімімен.

       Ескерту. Күші жойылды - Индер аудандық мәслихатының 2010.12.14 N 258-IV шешімімен.

      Төртінші сайланған Индер аудандық мәслихатының ХХІ сессиясы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабын, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36 бабын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшін талондардың құны мен қызмет түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен алаңын, сондай-ақ қызметпен айналысу тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып хронометраждық қадағалау негізінде № 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базаларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін талондардың құны қызмет түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен алаңын, сондай-ақ қызметпен айналысу тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, хронометраждық қадағалау негізінде № 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың экономикалық даму, бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы - депутат Бағдат Сапаров) тапсырылсын.
      5. Аудандық мәслихаттың "Салық ставкаларын белгілеу туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі № 152-ІV шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 4 тамыздағы № 4-6-86 санды реестіріне енгізілген, "Дендер" үнқағазының 2009 жылғы 20 тамыздағы № 34, 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 36 сандарында жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      6. Шешім Индер аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өтіп, ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.

       Аудандық мәслихат ХХІ
      сессиясының төрағасы              Б. Нұрғали
      Аудандық мәслихат хатшысы         Е. Көшек

                                   Индер аудандық мәслихатының
                                       2009 жылғы 23 желтоқсандағы
                                        ХХІ сессиясының № 191-ІV
                                       шешіміне № 1 қосымша 

      Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері:

Тіркелген жиынтық салық салу нысаны

Тіркелген салық ставкаларының мөлшері (теңге)

Айына

1

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

екі айлық есептік көрсеткіш 

2

Ойын жолы

алты айлық есептік көрсеткіш

3

Карта

бес айлық есептік көрсеткіш

4

Бильярд үстелі

алты айлық есептік көрсеткіш

                                         Индер аудандық мәслихатының
                                       2009 жылғы 23 желтоқсандағы
                                        ХХІ сессиясының № 191-ІV
                                       шешіміне № 2 қосымша

      Қызметi дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшiн талондардың құны:

Қызмет түрлері

Талонның құны

1

Газет және журналдар сату

30

2

Тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшет), бақша дақылдарын сату

50

3

Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді сату

100

4

Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшалық және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату

50

5

Жем сату

500

6

Балық сату

80

7

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі

200

8

Үй жануарларын бағу

200

                                       Индер аудандық мәслихатының
                                       2009 жылғы 23 желтоқсандағы
                                        ХХІ сессиясының № 191-ІV
                                       шешіміне № 3 қосымша

      Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базаларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін талондардың құны:

        Қызмет түрлері

Талонның құны

1

Ойыншық, сувенир сату

100

2

Парфюмерия, косметика сату

100

3

Киiмдер мен аяқ-киiм сату

170

4

Шаруашылық тауарлары, ыдыс-аяқ, хрусталь сату

100

5

Кеңсе бұйымдарын сату

100

6

Ұсақ-түйек заттармен тағамдар сату

50

7

Ет сату

180

8

Жемiс-жидек, көкөніс сату

100

9

Сүт және сүт өнімдерін сату

60

10

Азық-түлік тағамдарын сату

180

11

Нан өнімдерін сату

100

12

Құрылыс заттарын сату

1000

13

Үй жиһаздарын сату

250

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады