"Ауылдық елді мекендерде тұратын мамандарға әлеуметтік көмек беру туралы" Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 5 қарашадағы N 25/158-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 28/182-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 қаңтарда N 14-2-87 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 11/78-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 24.03.2017 № 11/78-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын мамандарға әлеуметтік көмек беру туралы" Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 5 қарашадағы N 25/158-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-2-84 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 26 желтоқсанында "Арыс ақиқаты" газетінің 52 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      бірінші тармағындағы "1 (бір) мың теңге" деген сөздер "2 (екі) айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қалалық мәслихат
      сессия төрағасы: С.Файзуллаев
      Қалалық мәслихат хатшысы: Ө.Керiмқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады