Ескерту. Күші жойылды - Глубокое аудандық әкімдігінің 2010.04.20 N 594 (қолданысқа енгізілу тәртібін 12-тармақтан қараңыз)қаулысымен.
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III Заңының 19, 23баптарына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери кызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру және 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабын басшылыққа ала отырып Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке Глубокое ауданы азаматтарын шақыру туралы» Глубокое аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі № 93 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 28 сәуірде № 5-9-102 тіркелген, аудандық «Огни Прииртышья» газетінің 2009 жылғы 15 мамырындағы № 20 санында жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілді:
5 қайырымдағы 2 тармақ төмендегідей мазмұнда жазылсын:
Досова Венера Советхановна–комиссия хатшысы, «Глубокое ауданының медициналық бірлестігі» КМҚК медбикесі (келісім бойынша).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Н. Пономареваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданының әкімі В. Кошелев