"Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру Ережелерін бекіту туралы" 2009 жылғы 24 маусымдағы № 16/10-ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 қазандағы N 18/10-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қарашада N 5-9-115 тіркелді. Күші жойылды - Глубокое аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі N 25/11-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Глубокое аудандық мәслихатының 2010.07.30 N 25/11-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

       «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабын басшылыққа алып, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Глубокое аудандық мәслихатының «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру Ережелерін бекіту туралы» Глубокое аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 маусымдағы № 16/10–ІІІ шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-108 болып тіркелген, 2009 жылғы 31 шілдедегі № 31 аудандық «Огни Прииртышья», 2009 жылы 31 шілдедегі № 5 «Ақ бұлақ» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Осы шешіммен бекітілген аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру Ережесінде:
      2 тармақ:
      «сондай-ақ, жекешелендірілген тұрғын үй ғимараттарында (пәтерлерінде) тұратын отбасыларына (азаматтарға) немесе мемлекеттік тұрғын үй қоры ғимараттарындағы (пәтерлердегі) жалдаушылардың (кіші жалдаушының) кондоминиум объектілерінің жалпы мүліктеріне күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинауға жарналар көлемімен анықталған сметаға сәйкес көрсетіледі» сөздерімен толықтырылсын;
      2-1 тармағымен келесі мазмұнда толықтырылсын:
      «2-1. Кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге тұрғын үй көмегі осы тұрғылықты жерде тұрақты тұратын тұлғаларға кондоминиум объектісіне күрделі жөндеу жүргізуге, күтіп ұстауға ай сайынғы және мақсатқа жарнаның көлемімен анықталатын сметаға сәйкес көрсетіледі.»;
      6 тармақта «12%» саны «20%» санымен ауыстырылсын;
      17 тармақ келесі мазмұндағы азат жолымен толықтырылсын:
      «Кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкіне жөндеу жүргізген шығындардың орнын толтыруға үміткер аз қамтылған отбасылары (азаматтар) осы Ереженің бірінші азат жолында қарастырылған құжаттардан басқа, қосымша келесі құжаттарды береді: қызмет көрсетушіден жөндеу жұмыстарын жүргізгені туралы түбіртегілері; мақсатқа жиындардың көлемін анықтайтын пәтер жекеменшіктерінің жалпы жиналыс шешімінен үзінді; күрделі жөндеу жүргізетін ұйым мен кондоминиумның жауапты өкілінің жағы және тұрғын үй жекеменшік иелерінің арасында кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге келісім шарт (көшірме).»;
      22 тармақта «12%» саны «20%» санымен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                   А. Мамонтов

      Глубокое аудандық
      мәслихатының хатшысы              А. Брагинец

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады