Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2011.03.30 N 32-2 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы N 12-4 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-90 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 20 наурыздағы аудандық "Екпін" газетінде жарияланған, аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 27 шілдедегі N 16-4 "Тасқала аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы N 12-4 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу тарулы" шешімімен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-96 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 21 тамызда аудандық "Екпін" газетінде 47 нөмірінде жарияланған)) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармағының 2 тармақшасындағы "әйеліне" деген сөз "жесіріне" деген сөзбен өзгертілсін;
1 тармағының 11 тармақшасы "Облыс орталығындағы гемодиализ аппаратына мұқтаж ауданның 1 топтағы мүгедектеріне табыстарын есептемей бір реттік көмек – 50 000 теңге" деген абзацпен толықтырылсын;
3 тармағы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ә.Н.Сәрсенбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Қ.Нұрмұханов |