Балық және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 11 ақпандағы N 86 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 17 ақпандағы N 64 Бірлескен бұйрықтары. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 1 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6093 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 16-02/521 және Қазақстан Республикасы даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 309 Бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011.09.14 № 16-02/521 және ҚР даму және сауда министрінің м.а. 2011.09.16 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған тексеру парақтарының мынадай нысандары:
      1) су алуды жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау объектілері (балық қорғау қондырғыларының болуы және жұмыс істеуі мәселесі бойынша);
      2) аквамәдениетпен айналысатын мемлекеттік бақылау объектілері;
      3) зоологиялық коллекциялаумен айналысатын мемлекеттік бақылау объектілері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (Ю.Т. Ромашов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі М.А. Оразаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі             Экономика және бюджеттік
      ______________А. Күрішбаев            жоспарлау министрі
      2010 жылғы 11 ақпан                   ____________ Б. Сұлтанов
                                            2010 жылғы 17 ақпан

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 11 ақпандағы № 86
және Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік 
жоспарлау министрінің  
2010 жылғы 17 ақпандағы 
№ 64 бірлескен бұйрығымен
      бекітілген       

Нысан

Аквамәдениетпен айналысатын мемлекеттік бақылау объектілерін тексеру парағы

      Тексеруді белгілеген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Тексеруді белгілеу туралы акт ______________________________
                                          (№, мерзімі)
      Мемлекеттік бақылау объектісінің атауы _____________________
__________________________________________________________________
СТН(ЖСН, БСН)_____________________________________________________
Орналасқан мекен-жайы ____________________________________________
__________________________________________________________________    

Талаптар тізімі

1.

Жануарларды будандастыру бойынша іс-шараларға уәкілетті орган рұқсаттамасының болуы

2.

Жануарларды орын ауыстыруға, жерсіндіруге, қайта жерсіндіруге рұқсаттамасының болуы

3.

Өсіріліп жатқан балық және басқа су жануарларының (материалдардың) табиғи ортаға шығу (жойылу) жағдайының болуы

4.

Балық және басқа су жануарларын Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге шығаруға уәкілетті орган рұқсаттамасының болуы

5.

Жануарлар ауруларының анықталуы, олардың өмір сүру ортасы жағдайының нашарлауы, олардың жойылу қаупінің пайда болуы және балық және басқа су жануарларының қырылу жағдайлары

6.

Өсіріліп жатқан материалмен сақтандыру іс-шараларын жүргізу

7.

Еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайда сирек немесе құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін өсіру және молайту бойынша талаптарды орындау

8.

Аквамәдениет мақсаты үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін пайдалану кезінде
биологиялық негіздеменің болуы

Уәкілетті органның лауазымды адамы (дары):___________________________ ____________ _______________________                    (қызметі)                     (қолы)                (ТАӘ)__________________________________ _______________ _____________________________
          (қызметі)                     (қолы)                (ТАӘ)

Мемлекеттік бақылау объектісінің басшысы:
____________________________________     _______________________
        (ТАӘ, қызметі)                                      (қолы)

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 11 ақпандағы № 86
және Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік 
жоспарлау министрінің  
2010 жылғы 17 ақпандағы 
№ 64 бірлескен бұйрығымен
      бекітілген       

Нысан

Зоологиялық коллекциялаумен айналысатын мемлекеттік бақылау объектілерін тексеру парағы

      Тексеруді белгілеген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі
____________________________________________________________________
Тексеруді белгілеу туралы акт ______________________________________
                                         (№, мерзімі)
Мемлекеттік бақылау объектісінің атауы _____________________________
____________________________________________________________________
СТН(ЖСН, БСН)_______________________________________________________
Орналасқан мекен-жайы ______________________________________________
____________________________________________________________________ 

Талаптар тізімі

1.

Зоологиялық коллекцияны құру және толтыру үшін Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген балық және басқа су жануарларын аулауға және жинауға Қазақстан Республикасы Үкіметі рұқсаттамасының болуы

2.

Жануарларды табиғи ортасынан алу арқылы зоологиялық коллекцияны құруға және толтыруға уәкілетті мемлекеттік орган рұқсаттамасының болуы

3.

Зоологиялық коллекцияны тізімге енгізу туралы куәліктің болуы

4.

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерін халықаралық сату жөніндегі Конвенцияға сәйкес жануарлар түрлерінің зоологиялық коллекциясын Қазақстан Республикасынан шығару және оның аумағына әкелу кезінде (уәкілетті орган) рұқсаттамасының болуы

5.

Зоологиялық коллекцияларды және олардың экспонаттарын Қазақстан Республикасынан шығару және оның аумағына әкелу кезінде уәкілетті орган рұқсаттамасының болуы

Уәкілетті органның лауазымды адамы (дары):__________________________ ____________ _______________________
            (қызметі)                    (қолы)                (ТАӘ)__________________________________ _______________ _____________________________
          (қызметі)                     (қолы)                (ТАӘ)

Мемлекеттік бақылау объектісінің басшысы:____________________________________ _______________________
                 (ТАӘ, қызметі)                           (қолы)

  Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 11 ақпандағы № 86
және Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік 
жоспарлау министрінің  
2010 жылғы 17 ақпандағы 
№ 64 бірлескен бұйрығымен
      бекітілген      

Нысан

Су алуды жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау объектілерін  тексеру парағы

(балық қорғау қондырғыларының болуы және жұмыс істеуі мәселесі бойынша)

      Тексеруді белгілеген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексеруді белгілеу туралы акт ______________________________________
                                          (№, мерзімі)
Мемлекеттік бақылау объектісінің атауы _____________________________
____________________________________________________________________
СТН(ЖСН, БСН)_______________________________________________________
Орналасқан мекен-жайы ______________________________________________
____________________________________________________________________

Талаптар тізімі

1.

Су тарту және түсіру құрылыстарында балық қорғау құрылғыларының болуы

2.

Су тұтыну шарттарына уәкілетті орган келісімінің болуы

3.

Балық қорғау құрылғыларын орнатуға уәкілетті орган келісімінің болуы

Уәкілетті органның лауазымды адамы (дары):__________________________ ____________ _______________________                       (қызметі)                 (қолы)                 (ТАӘ)__________________________________ _______________ _____________________________
          (қызметі)                     (қолы)                (ТАӘ)

Мемлекеттік бақылау объектісінің басшысы:____________________________________  _______________________
               (ТАӘ, қызметі)                            (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады