Балық және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 11 ақпандағы N 85 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 17 ақпандағы N 63 Бірлескен бұйрықтары. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6094 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 16-02/519 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және Сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 308 Бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011.09.14 № 16-02/519 және ҚР Экономикалық даму және Сауда министрінің м.а. 2011.09.16 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы 38-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған балық және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (Ю.Т. Ромашов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі М.А. Оразаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасың Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі         Экономика және бюджеттік
      _____________А. Күрішбаев         жоспарлау министрі
      2010 жылғы 11 ақпан               ____________ Б. Сұлтанов
                                        2010 жылғы 17 ақпан

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 11 ақпандағы № 85
және Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік 
жоспарлау министрінің   
2010 жылғы 17 ақпандағы  
№ 63 бірлескен бұйрығымен 
бекітілген        

Балық және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері 1. Жалпы ережелер

      1. Балық және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Тәуекелді бағалау критерийлері) Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 38-бабын және Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңын орындау мақсатында әзірленді және мемлекеттік бақылау объектілерінің тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, су алумен (балық қорғау қондырғыларының болуына және жұмыс істеуіне қатысты), зоологиялық коллекциялаумен және аквамәдениетпен айналысатын мемлекеттік бақылау объектілерін белгілі бір тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы болып табылады.
      2. Осы Тәуекелді бағалау критерийлерінде келесі ұғымдар пайдаланылады:
      1) тәуекел – мемлекеттік бақылау объектілерінің қызметі нәтижесінде балық ресурстары және басқа су жануарларына зиян келтірудің, балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерінде) экологиялық жағдайдың нашарлауы және тигізетін салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, биологиялық тепе-теңдіктің бұзылу ықтималдығы;
      2) бақылау объектісі – бұл өсімін молайтумен және аквамәдениетпен айналысатын су пайдаланушылар (балық қорғау қондырғыларының болуы және жұмыс істеуі мәселесі бойынша), зоологиялық коллекцияның иелері және жеке кәсіпорындар.
      3. Тәуекелді бағалау критерийлері шарт жасасқан балық шаруашылығы ұйымдарының және өсімін молайту кешенінің ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың (республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар) қызметіне таралмайды.

2. Тәуекелді бағалау критерийлері

      4. Тәуекелді бағалау критерийлері объективті және субъективті критерийлер болып бөлінеді.
      5. Объективті критерийлер бойынша бақылау объектілері маңызына қарай келесі үш топқа жатады:
      1) Жоғары тәуекел дәрежелі бірінші топ – ауыл шаруашылығының мұқтаждығы үшін су алумен айналысатын бақылаудың объектілері;
      2) Орташа тәуекел дәрежелi екінші топ – бақылаудың;
      ауыз және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін су алумен;
      табиғи су айдындарында (тұйық емес) аквамәдениетпен айналысатын объектілері;
      3) Төмен тәуекел дәрежелі үшінші топ – бақылаудың:
      өнеркәсіп кәсіпорындары мен энергетика мұқтаждығы үшін су алумен;
      жасанды су айдындарында (тұйық) аквамәдениетпен;
      зоологиялық коллекциялаумен айналысатын объектілері.
      6. Бұдан әрі, жүргізілген тексерулердің нәтижесінде субъективті критерийлер негізінде есептелінген және жиналған ұпайларға сәйкес, бақылау объектілері тиісті тәуекел топтарына жатқызылады.
      7. Субъективті критерийлерге маңызы бойынша жоғары, орташа және төмен бұзушылықтарға бөлінген балық және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама бұзушылықтары жатады.
      8. Әрбір өрескел бұзушылық 15 ұпайға сәйкес болады, оларға жататындар:
      1) балық қорғау құрылғыларынсыз су тарту және түсіру құрылыстарын пайдалану;
      2) уәкілетті орган белгілеген су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына талаптарын сақтамау;
      3) уәкілетті органның рұқсатынсыз жануарларды будандастыру бойынша іс-шаралар және мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын алу;
      4) жануарларды өз еркімен орын ауыстыру, жерсіндіру, қайта жерсіндіру;
      5) зоологиялық коллекцияны зоологиялық коллекция тізіміне енгізу туралы куәліктің болмауы;
      6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатынсыз зоологиялық коллекцияда Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген балық және басқа су жануарларының болуы жатады.
      9. Әрбір ауқымды бұзушылық 10 ұпайға сәйкес болады, оларға жататындар:
      1) су тұтыну шарттарына уәкілетті орган келісімінің болмауы;
      2) өсіріліп жатқан балық және басқа су жануарларының (материалдардың) табиғи ортаға шығу (жойылу) жағдайының болуы;
      3) жануарлар ауруларының анықталуы, олардың өмір сүру ортасы жағдайының нашарлауы, олардың жойылу қаупінің пайда болуы және балық және басқа су жануарларының қырылу жағдайлары;
      4) уәкілетті органның рұқсатынсыз балық және басқа су жануарларын Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге шығару;
      5) уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатынсыз жануарларды табиғи ортасынан алу арқылы зоологиялық коллекцияны құру және толтыру;
      6) құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерін және олардың жеке экспонаттарын халықаралық сату жөніндегі Конвенция қосымшасына енген жануарлар түрлерінің зоологиялық коллекциясын аталған Конвенция бойынша міндеттемелерді атқаратын әкімшілік органның рұқсатынсыз Қазақстан Республикасынан шығару және оның аумағына әкелу жатады.
      10. Әрбір төмен бұзушылық 5 ұпайға сәйкес болады, оларға жататындар:
      1) балық қорғау құрылғыларын орнатуға уәкілетті орган келісімінің болмауы;
      2) биологиялық негіздемесіз аквамәдениет мақсаты үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін пайдалану;
      3) еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайда сирек немесе құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін өсіру және молайту үшін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган рұқсаттамасының болмауы немесе оның талаптарын орындамау;
      4) уәкілетті органның рұқсатынсыз зоологиялық коллекцияларды және олардың экспонаттарын Қазақстан Республикасынан шығару және оның аумағына әкелу;
      5) өсіріліп жатқан материалмен сақтандыру іс-шараларын жүргізбеу жатады.
      11. Жиналған ұпай саны негізінде, бақылау объектілері тиісті тәуекел топтарына жатқызылады:
      1) жүргізілген тексеру нәтижесінде 15 ұпай және одан жоғары жинаған бақылау объектілері, жоғары тәуекел тобына жатады;
      2) жүргізілген тексеру нәтижесінде 10 ұпай жинаған бақылау объектілері, орташа тәуекел тобына жатады;
      3) жүргізілген тексеру нәтижесінде 5 ұпайға дейін жинаған бақылау объектілері, төмен тәуекел тобына жатады.
      12. Бір деңгейлі тәуекел объектілерін тексеруді жоспарлаудың бірінші кезектілігіне:
      1) көрсетілген бақылау объектісінде көп анықталған бұзушылықтардың саны;
      2) балықтардың және/немесе басқа су жануарларының қырылу фактілері;
      3) алдыңғы тексеру кезінде жасалынған бұзушылықтың маңызы;
      4) бұрын жүргізілген соңғы тексерудің ең көп мерзімі негіз болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады