Жануарларды интродукциялау, су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізу ережесі

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 290 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6244 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 11-2/442 Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.08.31 № 11-2/442 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 9-бабының 1-тармағы 35) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жануарларды интродукциялау, су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      А. Күрішбаев

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 26 сәуірдегі  
N 290 бұйрығымен      
бекітілген         

Жануарларды интродукциялау, су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарларды интродукциялау, су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 9-бабына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және жануарларды интродукциялау, су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізудің тәртібін анықтайды.
      2. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жерсіндіру - жануарлар дүниесі объектілерін олар бұрын мекендемеген немесе өзінің маңызын жоғалтқан мекендеу орындарындағы тіршілік ету жағдайларына бейімдеу;
      2) толық циклді жерсіндіру (табиғилану) - қоныстанушы қоныстанатын су айдынының және (немесе) учаскесінің жаңа экожүйесіне бейімделген, жаңа популяция санының қозғалмалы тепе-теңдігі қалыптасқан және азықтық пен кәсіпшілік мақсатта пайдаланудың мүмкіндігі пайда болған кездегі жерсіндіру барысының соңғы сатысы;
      3) кезеңмен жерсіндіру - аяқталмаған жерсіндіру, қоныстандыру су айдынының жағдайында қоныстанушының дамуының кейбір кезеңдері аяқталмай, басқа су айдындарында немесе адамның сүйемелдеуімен жүреді;
      4) балық жіберу - өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балықтарды сақтау және (немесе) тауарлы өнімді алу мақсатымен су тоғандарға балық өсіру материалдарды және балықтарды жіберу;
      5) балық шаруашылығы инспекциясы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері;
      6) су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы - балық өнімділігін сақтауға және ұлғайтуға, балық ресурстары мен басқа су жануарларының өмір сүру жағдайлары мен өніп-өсуін жақсартуға бағытталған шаралар кешені;
      7) интродукция - жануарлардың жеке түрлерін олардың кеңістігінен (таралу аймағы) тысқары жерлерге бұл түр бұрын мекендемеген немесе өзінің шаруашылық маңызын жоғалтқан, олар үшін жаңа орынға әдейі немесе кездейсоқ тасымалдау;
      8) жерсіндіру жұмыстары - олар бұрын болмаған немесе олардың жаңа жағдайларға кейінгі бейімделуі және өздігінен көбейетін популяцияларды қалыптастыруы үшін жойылып кеткен гидробионттардың бір су айдынынан басқасына қайта бейімделуі бойынша іс-шараларды өткізу;
      9) биологиялық объектілердің көмегімен артық өсімдіктерді жою - судың түстенуіне әкелетін төменгі балдырлар мен өсімдіктерді жою үшін су айдынына өсімдік қоректі балықтар жіберу;
      10) табиғи уылдырық шашу орнын қалпына келтіру - бұрын жоғалған уылдырық шашу орнын суландыруға мүмкіндік туғызатын, олардың лайлануын болдырмау, қорытпа және басқа да тасталымдардан тазалау, уылдырық шашу кезеңінде судың қалыпты теңдігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар кешені;
      11) балықтарды су тарту қондырғыларына және ирригациялық торларға түсуден қорғау - жас балық пен ересек балықтардың әр түрлі тұрпаттағы су тарту және ирригациялық жүйелерде өлімін болдырмау жөніндегі жобалық және техникалық шаралар жүйесі. Жобалау сатысында су жиылғы үшін қауіпсіздігі артық жерге орнату; іске қосу сатысында - су тарту қондырғыларын балық қорғаудың тиімді құралдарымен жабдықтау жолы қарастырылады;
      12) балықтардың уылдырық шашатын орынға өтуін қамтамасыз ету - өтпелі және жартылай өтпелі өндіргіш балықтардың өзендерге өтуін қамтамасыз ету жөніндегі гидротехникалық және басқа да шаралар жүйесі (түптереңдету, өсімдіктерді ору, деңгейлік режимді қолдау);
      13) балықтың құнсыз түрлерін аулау - балықтың құнсыз түрлерін бағалы балық түрлерімен ауыстыру жөніндегі іс-шаралар кешені;
      14) су айдындарын немесе учаскелерін тазалау - қорытпаларды, су басқан ағаштар мен бұталарды, құрылыстық құрылғылар мен материалдарды алып тастау жолымен қауіпсіз кәсіпшілікті қамтамасыз ету жөніндегі техникалық шаралар жүйесі;
      15) балық қорлары мен басқа су жануарларын пайдаланушылар - заңнамада белгіленген тәртіппен балық қорлары мен басқа су жануарларын пайдалану құқығы берілген жеке және заңды тұлғалар (пайдаланушылар);
      16) қырылып қалуды болдырмау - су айдынының оттегі режимін қолдайтын гидротехникалық және техникалық шаралар кешені;
      17) ихтиофауналарды қайта құру - жерсіндіру, балық жіберу және басқа да шаралар жолдарымен жемдік базаны және ихтиофоуналардың құрамын жартылай немесе толық ауыстыру жөніндегі іс-шаралар кешені;
      18) балықты бөлектеніп қалған су айдынынан және ирригациялық жүйеден сақтау - тұрақты су айдынына алып бару немесе оларды арналармен қосу жолымен балықтың өліміне жол бермеу жөніндегі гидротехникалық және басқа да шаралар кешені;
      19) су айдындарын сумен қамтамасыз етуді жақсарту - гидробионттарды қолдау және өмір сүру жағдайы мен көбеюін жақсарту жөніндегі гидротехникалық және басқа да шаралар кешені (судың химиялық құрамы, ағымдылығы, деңгейлік режимі);
      20) артық өсімдіктерді жою — артық өсімдіктерді механикалық жолмен жою (ору, тамыр жүйесін жарақаттау, балдыр өсіп кеткен учаскелерді қысқа мерзімді кептіру);
      21) уылдырық шашу орнын қолдан жасау - жасанды уылдырық шашу орындарын орнату, құмды тастар себу жолымен көбеюге қолайсыз су айдындарында табиғи өсімді қолдау жөніндегі шаралар;
      22) көл-тауар балық өсіру шаруашылықтары (бұдан әрі - КТБШ) - су айдындарда шаруашылық-құны төмен балықтарды аулау, орналастыру, өсіру және кейіннен оларда балықтың бағалы түрлерін аулау есебімен ихтифаунаны толық немесе жекелей алмастыру арқылы балық шаруашылығын пайдалануды жақсартумен айналысатын шаруашылық;
      23) эндемикалық фауна - шектелген аумақта тұрақты мекендейтін биологиялық организмдер;
      24) биологиялық мелиорация - биологиялық іс-шаралар көмегімен мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін шаралар кешені;
      25) ағымдағы мелиорация - күрделі шығындарды қажет етпейтін (жас балықты құтқару, қатып қалудың алдын алу) қысқа мерзімде оң нәтижеге қол жеткізетін техникалық және биологиялық шұғыл сипаттағы іс-шаралар кешені. Ағымдағы мелиорация кезінде гидробионттардың түрлік құрамы мен өмір сүру ортасында елеулі өзгерістер болмайды;
      26) техникалық мелиорация - балықтардың өмір сүру және көбею жағдайларын және аулау тәсілдерін жақсартуды қамтамасыз ететін техникалық шаралар кешені;
      27) күрделі мелиорация - күрделі шығындары жоғары болғанда (жерсіндіру, балық жіберу, өзендерді тереңдету) ұзақ мерзімге оң әсер етуді қамтамасыз ететін техникалық және биологиялық іс-шаралар кешені немесе оның жеке түрлері, Күрделі мелиорация өткізу гидробионттардың түрлік құрамы мен өмір сүру ортасының едәуір өзгеруіне әкеп соғады;
      28) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басшылық, бақылау мен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      29) гидробионттар - әрдайым су ортасында мекендейтін теңіз және тұщы су организмдері. Гидробионттарға сондай-ақ өмірлік циклының бөлігін суда өткізетін организмдер жатады.
      3. Жануарларды интродукциялау, су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізудің барлық іс-шаралары осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Су айдындарына балық жіберу, жануарларды интродукциялау мен жерсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау және жүргізу

      4. Су айдындарына балық жіберу, жануарларды интродукциялау, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру табиғи және жасанды су айдындарында балық қорларын және басқа су организмдерінің ресурстарын молайту бойынша кешенді іс-шаралардың құрамды бөлігі болып табылады.
      Жерсіндіру бойынша іс-шаралар су айдындарының түрлері мен қабылдау сыйымдылығының құрамына байланысты әзірленеді.
      5. Жануарларды интродукциялау жерсіндірудің жеке бір бөлігі болып табылады. Жануарларды интродукциялауға Заңның 20-бабына сәйкес тек уәкілетті органның рұқсат беруі бойынша жол беріледі.
      Жануарларды әдейі интродукциялаудың мақсаты су айдынының балық шаруашылық маңызын жақсарту болып табылады.
      Жерсіндіру екі нысанда жүргізіледі: толық циклді және кезең кезеңімен.
      6. Жануарлардың жаңа түрлерін жерсіндіру және су айдындарына балық жіберу жұмыстарының негізгі міндеттері:
      1) экожүйелердің бағытталған қалыптасу жолымен су айдындарының өнімділігі мен кәсіпшілік маңызын арттыру (олардың түрлік құрамын жақсарту);
      2) жеке бағалы балықтар түрлері мен омыртқасыз организмдердің саны көбейту және олардың таралу аумақтарын кеңейту болып табылады.
      7. Эндемикалық фаунасы бар су айдындарында жерсіндіру жұмыстары жүргізілмейді.
      8. Су айдындарының фаунасы мен флорасын қалыптастыру шаралары биологиялық негіздемелерге сәйкес ғылыми ұйымдармен осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әзірленеді.
      9. Әуесқойлық балық аулау нысандарын қоса алғанда, балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне жерсіндіру объектілерін орналастыруға және су айдындарына балық жіберуге биологиялық негіздеме Заңға сәйкес әзірленеді және уәкілетті органға жолданады.
      10. Уәкілетті орган жерсіндіру іс-шараларын үйлестіруді, балықтарды, басқа су организмдерін жерсіндіру және су айдындарына балық жіберу жұмыстарын ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асырады.
      11. Гидробионттардың генофондын сақтау мақсатында балықтардың тұраралық және туысаралық будандарын жеке бөлінбеген табиғи су айдындары мен су қоймаларына жіберу жүргізілмейді. Кәсіпшілік мақсатта көл-тауарлық балық өсіру шаруашылықтарына будандарды жіберу тек уәкілетті органның және/немесе балық шаруашылығы инспекциясының келісімімен жүзеге асырылады. Жерсіндіру объектілерін әкелу мен ғылыми және балық шаруашылық мақсаттарда балықты шет елден жіберу тек уәкілетті органның рұқсат беруі бойынша жүзеге асырылады.
      12. Жерсіндіру және балық жіберу нысандарын тасымалдау тірі балық, ұрықтандырылған уылдырық және басқа су организмдерін тасымалдауға арналған ветеринарлық заңнамада белгіленген, тәртіппен қатаң сәйкестікте жүргізіледі.
      13. Орналастыру материалдарын жіберу балық шаруашылығы инспекциясы өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады және осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес балық өсіру өніміне балық жіберу Актісінің нысанымен рәсімделеді.

3. Балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын ұйымдастыру, жүзеге асыру тәсілдері, жоспарлау мен жүргізудің тәртібі

      14. Биологиялық мелиорация келесі іс-шараларды қамтиды: жерсіндіру жұмыстары мен балық жіберу, ихтиофауна мен балықтың жемдік базасын қайта құру, құны төмен түрлерді мелиоративтік аулау, биологиялық объектілер көмегімен артық өсімдіктерді жою.
      15. Техникалық мелиорация келесі негізгі іс-шараларды қамтиды: сумен қамтамасыз етуді және гидробиоттардың өмір сүру жағдайын жақсарту, артық өсімдіктерді ору, жазда және қыста қатып қалуды тоқтату, табиғи уылдырық шашу орындарын қалпына келтіру және жасанды уылдырық шашу орындарын орнату, бөлініп қалған су айдындарынан балықтарды құтқару, түптереңдету және балықтардың уылдырық шашу орындарына өтуін қамтамасыз ететін басқа жұмыстар, балықтарды су тарту құрылғыларына түсуден қорғау, тиімді кәсіпшілік үшін тартым участкелерін тазалау.
      16. Күрделі мелиорация өзекті мәселелерді талдауды, ұсынылған іс-шаралардың биологиялық негіздемесін қамтыған, оны орындауды қамтамасыз ету жөніндегі жобалық шешім, шығындар көлемі, осы жобаның экологиялық, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызды екендігін дәлелдейтін биологиялық және техникалық-экономикалық негіздемелер негізінде өткізіледі.
      17. Ағымдағы мелиорация уәкілетті органның бастамашылығымен өткізілетін ғылыми ұйымдар жүргізетін сараптама бағаларының негізінде өткізіледі.
      18. Су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын өткізуге: уәкілетті орган және/немесе балық шаруашылығы инспекциялары, ғылыми және қоғамдық ұйымдар, балық өңдейтін кәсіпорындар, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар бастамашы болып табылады.
      19. Балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізуге өтінім осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылады және уәкілетті органға және/немесе балық шаруашылығы инспекциясына жолданады және мынаны: осы Ереженің 4-5 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша әзірленген биологиялық және техникалық-экономикалық негіздемелерді қамтуы тиіс.
      20. Күрделі мелиорация жүргізуге биологиялық негіздеме тек уәкілетті орган жанындағы Ғылыми кеңестің қолдауынан кейін мемлекеттік экологиялық сараптамаға қарау үшін жолданады. Техникалық-экономикалық негіздеме биологиялық негіздемеге оң мемлекеттік экологиялық сараптаманы алғаннан кейін әзірленеді.
      21. Қолдаушы өндірістік мониторингтің мақсаты биологиялық нысандармен жұмыс істеу кезінде технологиялық нормаларды сақтау болып табылады. Өндірістік мониторинг аяқталғаннан кейін осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жүргізілген жұмыстардың тиімділігін бағалайтын мәліметтер жиыны енгізілетін биологиялық мелиорация қорытындылары мониторингісінің кәртішкесі толтырылады.
      22. Мелиорациялық жұмыстардың барлық түрлері аяқталғаннан кейін осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша су айдынында балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарының аяқталуы туралы кесім рәсімделеді. Орындалған жұмысты қабылдау комиссиясының құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

Жануарларды интродукциялау, су айдындарына
балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін 
жерсіндіру, су нысандарындағы балық   
шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын   
жүргізу Ережесіне            
      1-қосымша                 

Нысан

Интродукциялау жүргізуге арналған биологиялық негіздеменің құрылымы

      1. Интродуценттердің қасиеттері:
      1) қоныстанудың биологиялық және шаруашылық мақсаттылығы;
      2) қоныстануға ұсынылатын су организмдерінің биологиялық және экологиялық сипаттамалары;
      3) қоныстану нысанының шаруашылық, экономикалық, кәсіпшілік (бұқаралығы, кәсіпке қолжетімділігі және т.с), тағамдық және басқа сипаттамалары;
      4) экожүйеге болжамды әсері және оның құрамына кіруші бағалы нысандар;
      5) қоныстану нысандарының аурулары мен паразитофаунасы және олардың қоныстану су айдынының фаунасы мен флорасы және аталған аумақтық халқы үшін ықтимал қауіптілігі. Жерсіндіру нысандарының таза партиясын алу бойынша ұсыныстар (қарастырылмаған түрлердің қоныстанбау кепілдігі).
      2. Қоныстану су айдынының қабылдау сыйымдылығы:
      1) қоныстану су айдыны экожүйесінің уылдырық шашу мен жаңа форманың өмір сүруіне жарамдылығы тұрғысынан сипаттамалары: экологиялық сыйымдылығы - тұздылығы, температурасы, газдық режимі, субстраты және т.б.; биоцендік сыйымдылығы - қоныстану тығыздылығы, басқа жануарлар құрылымы, жаулары, бәсекелестері; азықтық сыйымдылығы;
      2) қоныстанушының ықтималды таралу аумағы және оның санының кәсіпшілік пайдаланудың деңгейіне шейін өсуінің мерзімдері, күтілу аулануы, жерсіндіні аулау техникасы (аулау құралдары, мерзімдері, болжамды шоғырлану аумақтары), жемдік омыртқасыздар үшін күтілу биомассасы мен оларды балықтардың көптеп пайдалану бастамасының болжамды мерзімдері.

Жануарларды интродукциялау, су айдындарына
балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін
жерсіндіру, су нысандарындағы балық 
шаруашылығы мелиорациясы        
жұмыстарын жүргізу Ережесіне     
2-қосымша                

Нысан

Балық жіберу кесімі

Осы акт 20__жылы «__»_______________
______________________________________________________________бірге
      (балық өсіру кәсіпорнының, су айдынының атауы)
______________________________________________________________
         жіберу орындарына тасымалдау үшін алынды
______________________________________________________________
______________________________________________________________
_______________________________________________туралы жасалды.
(саны, түрлік және жастық құрамы, отырғызу материалының бір данасының орташа массасы)
Отырғызу материалын алу (аулау) ауаның _____________________,
судың __________________ температурасында жүргізілді.
Отырғызу материалының жағдайы _______________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Қолдары:
(жіберуші және қабылдап алушы   _____________________________
ұйымдардың өкілдері)            _____________________________

Жіберу орындарына жеткізілді    _____________________________
                           (саны, түрлік және жастық құрамы,
_____________________________________________________________
       отырғызу материалының бір данасының орташа массасы)
_____________________________________________________________
Тасымалдау кезіндегі шығын __________________________________
                                     (саны, %)
Тасымалдау жүргізілді _______________________________________
_____________________________________________________________
    (транспорт түрі, транспорт ыдысы, отырғызу тығыздылығы)

Тасымалдау уақыты ___________________________________________
Басқа қосымша мәліметтер ____________________________________
            (тасымалдау жағдайы, жіберу орнының сипаттамасы,
_____________________________________________________________
          балық отырғызу материалының жағдайы және т.б.)

Қолдары:
(Тасымалдауды, отырғызу материалын     _______________________
жіберуді жүргізуші                     _______________________
және бақылаушы өкілдері                _______________________

Жануарларды интродукциялау, су айдындарына
балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін 
жерсіндіру, су нысандарындағы балық   
шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын   
жүргізу Ережесіне           
3-қосымша               

Нысан

Су объектілерінде балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізуге өтінім
______________________________
(су айдынының атауы)

1. Су айдынының орналасқан жері: облыс __________________________
Аудан, учаске ___________________________________________________
2. Су айдынының физикалық-географиялық және балық шаруашылық
сипаттамасы:
2.1. Өлшемдері: ұзындығы (км),_____ ені (км),______ ауданы (га),____максималды тереңдігі (м),___орташа тереңдігі (м),___судың
тұндылығы ____см
2.2. Топырақтың сипаттамасы ______________________________________
2.3. Шөптену дәрежесі (сызып көрсетіңіз): қатты, орташа, әлсіз
Шөптену түрі: қамыс___%, су астына батқан өсімдіктер____%
2.4. Гидрологиялық режимі туралы мәліметтер (сызып көрсетіңіз): ағысты, жәй ағысты, ағыссыз, қырылу қауіпі бар (иә, жоқ), мұз жамылғысының қалыңдығы____см.
2.5. Басқа су айдындарымен байланысы (сызып көрсетіңіз): жекеленген,
болмаса, су айдынының атауы__________________________________тармақ
арқылы немесе ағын арқылы.
2.6. Ихтиофауна құрамы (балықтардың барлық түрлері):________________
2.7. Балықтардың негізгі кәсіпшілік түрлері және кәсіпшіліктің басқа
нысандары:_________________________________________________________
____________________________________________________________________
2.8. Соңғы бес жылдағы негізгі кәсіпшілік көрсеткіштер:

Балықтың жалпы аулануы, соның ішінде түрлері бойынша


















Балық өнімділігі






Бір балықшыға шаққандағы аулану






3. Басқа мәліметтер:___________________________________________
4. Мелиорациялау түрлері (сызып көрсетіңіз): күрделі, ағымдағы
5. Мақсаттың қойылуы:__________________________________________
6. Мелиоративтік жұмыстардың негіздемесі:________
7. Жұмыстарды жүргізудің календарлық жоспары мен мерзімдері:___
8. Күтілу нәтижелері:__________________________________________
_______________________________________________________________
9. Жұмыстардың болжамды орындаушылары: ________________________
10. Қаржыландырудың қарастырылған көздері: ____________________
        (республикалық, жер бюджет, немесе жеке капитал арқылы)
Өтінім берушінің мекен-жайы: __________________________________
_______________________________________________________________
                 Қолы:

Өтінім берілген күн:

Қажетті құжаттар (сызып көрсетіңіз): техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негіздеме, биологиялық негіздеме, эксперттік сараптама, басқа материалдар

Жануарларды интродукциялау, су айдындарына
балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін 
жерсіндіру, су нысандарындағы балық   
шаруашылығы мелиорациясы         
жұмыстарын жүргізу Ережесіне      
4-қосымша                

Нысан

Күрделі балықшаруашылығы мелиорациясын жүргізуге биологиялық  негіздеменің құрылымы

      1. Су айдынының атауы, орналасқан жері және ауданы, көлемі, су шығыны, тасу және қайту кезеңдері, деңгей тербелісінің динамикасы, температуралық режимі (орташа декадалық және айлық көрсеткіштері бойынша) көрсетілген гидрологиялық сипаттамасы.
      2. Ихтиофаунаның құрамы және су айдыны мен кәсіпте саны бойынша түрлердің қатынасы, Кәсіптік ихтиофаунаның түрлер бойынша жалпы қорлары (тонна).
      3. Кәсіптік ихтиофаунаның ұдайы өніп-өсуінің жайы туралы мәліметтер (уылдырық шашу орындары, мерзімдері, уылдырық шашу орындарының ауданы мен жағдайы).
      4. Балық шабақтарының түрлік, өлшемдік құрамы мен шоғырлануы.
      5. Балықтардың жемдік қорлар базасын бағалау.
      6. Ихтиофаунаның түрлік құрамын жақсарту мен су айдындарының балық өнімділігін арттыру мүмкіндіктерін бағалау.
      7. Мелиоративтік жұмыстарды жүргізудің тәсілдері мен мерзімдеріне ұсыныстар беру. Түптереңдету жұмыстарына, уылдырық шашу орындарын мелиорациялауға, балық шабақтарын құтқару үшін каналдар қазуға ұсыныстар беру кезінде жұмыс жүргізу орындарын карталық сызбада міндетті түрде көрсету.
      8. Мелиоративтік жұмыстар жүргізуден болжамдаған экологиялық тиімділікті бағалау. Балықшаруашылық мелиорациясының, кезеңділігін көрсете отыра, тиімділігінің экологиялық мониторингісін жүргізу бойынша рекомендациялар әзірлеу.
      9. Ұсынылған мелиоративтік жұмыстар жүргізудің ықтимал экологиялық зияндылығын бағалау.
      10. Экологиялық мониторинг шаралары мен жүргізу жоспарының жобасы.
      11. Қорытындылар.

Жануарларды интродукциялау, су айдындарына
балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін 
жерсіндіру, су нысандарындағы балық  
шаруашылығы мелиорациясы         
жұмыстарын жүргізу Ережесіне       
5-қосымша               

Нысан

Күрделі балықшаруашылығы мелиорациясын жүргізуге техникалық-экономикалық негіздемесінің құрылымы

      1. Су айдынының атауы, орналасқан жері;
      2. Су айдынының гидрофизикалық мінездемесі (түптереңдету жұмыстарын, уылдырық шашу орындарын мелиорациялауды, балық шабақтарын құтқару үшін каналдар қазуды негіздеу үшін);
      3. Мелиоративтік жұмыстардың тәсілдері және олардың мақсатты тағайындаулары;
      4. Балық шаруашылығы мелиорациясы үшін құрылыс жобаларын әзірлеу;
      5. Жүргізілетін жұмыстар көлемін анықтау;
      6. Мелиоративтік жұмыстарды жүргізудің экономикалық есебі;
      7. Қоршаған ортаға әсер етуін бағалау, эияндылығын есептеу мен келеңсіз әсер етуді минимизациялау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      8. Әлеуметтік-экономикалық тиімділікті бағалау;
      9. Жұмыстардың қаржыландыру көлемдерін, уақытын, мерзімдері мен сатылылығын анықтау;
      10. Мелиоративтік жұмыстардың болжамды орындаушылары;
      11. Төлем жүйесі мен қаржыландыру көздері.

Жануарларды интродукциялау, су айдындарына
балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін 
жерсіндіру, су нысандарындағы балық    
шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын   
жүргізу Ережесіне             
      6-қосымша                 

Нысан

Биологиялық мелиорация нәтижелерінің мониторинг карточкасы (балық аулауды күшейтуге бақылаулық аулау)
(су айдынының атауы)

Су айдынының орналасқан жері, облыс:____________________________
Аудан, учаске:__________________________________________________

Аулау датасы

Аулау уақыты

Барлығы сағат

Аулау құралы

Аулау құралының сипаты

Тереңдігі







Температура 0С

Шөптенуі, %

Судың тұнықтылығы, см

Р/с

Балық түрлері

Өлшем, бірлігі.

Тор кезі, мм

Барлығы































1


дана












кг












2


дана












кг












3


дана












кг












Барлығы

дана












кг












Мелиораттар түрлерінің үлесі

дана












кг












Ескерту:
      мелиорация нәтижелері туралы оң және теріс мәліметтерді көрсету;
      кәсіптік ау құралдарында құнды балықтардың кездестіру жиілігін есептеу;
      мелиоратор түрлерінің ұзындығын (ауытқу шегін мен орташа, мм) көрсету (жерсіндіруді және балықтандыруды жүргізу кезінде).

Қолдары:
Уәкілетті органның және/немесе балық шаруашылығы инспекциясының маманы:
      Пайдаланушы:

Жануарларды интродукциялау, су айдындарына
балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін 
жерсіндіру, су нысандарындағы балық   
шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын   
жүргізу Ережесіне            
7-қосымша               

Нысан

Су айдынында балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарының аяқталуы туралы
кесім

___________________________________________________________________
(су айдынының атауы және оның маңызы: республикалық, облыстық, жергілікті)
1. Су айдыны орналасқан облыс: _____________________________________
Аудан, учаске: _____________________________________________________
2. Біз, төменде қол қоюшылар, ______________________________________
____________________________ атынан бір тараптан және ______________
      (лауазымы, А.Ж.Т.)
__________________________________ атынан __________________________
(мелиорациялық жұмыстарды жүргізген кәсіпорын атауы) (лауазымы, А.Ж.Т.)
бұдан әрі «Пайдаланушы» деп аталатын, 20 _____ ж. «___» ____ № _____
шарт негізінде мелиорациялық жұмыстарды жүргізу бойынша әрекет етуші, екінші тараптан, ________________________________________ қатысуымен
(жергілікті атқарушы органның өкілі, мониторинг жүргізген ұйым өкілінің лауазымы, А.Ж.Т.)
«Пайдаланушының» техникалық тапсырыс және жұмыс жоспарымен қарастырылған мелиорациялық жұмыстарды жүргізгендігі туралы осы акт жасалды.
3. «Пайдаланушымен» мелиорациялық жұмыстардың келесі түрлері жүргізілді:
4. Атқарылған жұмыс сомасы: ________________________________________  5. Жұмыс жүргізудің жағдайлары:_____________________________________
(ауа-райы жағдайын көрсету; балық жіберген жағдайда балық отырғызу материалдарының көздерін,
____________________________________________________________________
тасымалдау жағдайларын, тасымалдаушы нысандардың шығынын көрсету қажет)
6. Жоғарыда аталғандарға байланысты ________________________________  (мелиорациялық жұмыстардың орындалу бағасы: толық көлемде, жұмыс кезеңі.)
___________________________________________________________ санаймыз
      егер жұмыс орындалмаса, онда қандай себептермен)
Осы акт жұмыстарды қабылдау бойынша Комиссия құру туралы ___________
                                               мем.органның атауы
20__жылғы «___» ________ № ___________ бұйрығына сәйкес жасалды.
Қолдары
Уәкілетті органның өкілі:____________________________________________ Жергілікті атқарушы органның өкілі: _________________________________
Орындаушы: __________________________________________________________  Балық шаруашылығы мелиорациясының мониторингін жүргізген ұйымның өкілі: ______________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады