"Балалардың сауықтыру объектілерін күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 3 тамыздағы № 593 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6439 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1 тармақтың 5) тармақшасына, 145-бабының 1)3)8)14)17)19)28) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Балалардың сауықтыру объектілерін күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. «Балаларды сауықтыру ұйымдарының құрылымына, оларды ұстауға және жұмысын ұйымдастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 568 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2475 болып тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2003 жылғы 4 қазанда № 40 (144) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушы                                 Б. Садықов

      «Келісілген»
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрінің
      міндетін атқарушы
      ____________ М. Н. Сарыбеков
      2010 жылғы 5 тамыз

      «Келісілген»
      Қазақстан Республикасының
      Құрылыс және тұрғын үй-коммуалдық
      шаруашылық істері агенттігінің
      төрағасының міндетін атқарушы
      ________________ Н. П. Тихонюк
      2010 жылғы 5 тамыз

Қазақстан Республикасының    
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2010 жылғы 03 тамыздағы     
№ 593 бұйрығымен бекітілген   

«Балаларды сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Балаларды сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі – санитариялық ереже) қызметі балалардың емдеу-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбие жұмыстарын және бос уақытын мәдени ұйымдастырумен байланысты, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға арналған.
      2. Балаларды сауықтыру объектілерінің бірінші басшылары және қызметі балалардың емдеу-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбие жұмыстарын және бос уақытын мәдени ұйымдастырумен және жүзеге асырумен байланысты жеке тұлғалар осы санитариялық ереже талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
      3. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
      1) балаларды сауықтыру объектілері – 6 және 18 жас аралығындағы балалар үшін оқу-тәрбие, дене шынықтыру-сауықтыру, емдеу-сауықтыру қызметін және мәдени дем алуды жүзеге асыру жөніндегі объектілер;
      2) аэрарий - ауа ваннасын қабылдау үшін жабдықталған қалқа, алаң;
      3) Кетле индексі – дене дамуын гармониялық бағалау көрсеткіші;
      4) инсоляция – алаңды, үй-жайды, ғимараттарды гигиеналық бағалау үшін күн радиациясының нормалық көрсеткіш;
      5) климаттық аймақ – климаттық белгілері бойынша (температура, ылғалдылық) бөлінетін аумақ;
      6) Генч сынамасы – тыныс алу жүйесінің жұмыс істеу жағдайын бағалайтын көрсеткіш;
      7) солярий – күн ванналарын қабылдауға арналған жабдықталған алаң, үй-жай;
      8) бракераж – органолептикалық көрсеткіштер бойынша тағам өнімдері мен дайын тағамдардың сапасын бағалау;
      9) нормативтік құжаттар - стандарттар, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық ережелер;
      10) дезинфекциялық және дезинсекциялық заттар – инфекциялық (паразиттік) аурулардың қоздырғыштарын және жәндіктерді жою үшін қолданылатын химиялық заттар.

2. Балаларды сауықтыру объектілерінің құрылымына және орналастыруға қойылатын санитариялық -эпидемиологиялық талаптар

      4. Сауықтыру мекемелерін санитариялық-қорғаныш аймағында орналастыруға жол берілмейді. Сауықтыру мекемелерінің аумағы арқылы қалалық (ауылдық) мақсаттағы магистральдық инженерлік коммуникациялар (сумен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау) өтпеуі тиіс.
      Жаңа қала сыртындағы сауықтыру мекемелерін жобалау және салу кезінде оларды:
      жел ығын есепке ала отырып;
      шу және атмосфералық ауаны ластау көздерінің жел жағына;
      ластау көздеріне қатысты су айдынының ағымы бойынша жоғары;
      орман алаптары мен су айдындарының жанына орналастырады.
      Жаңа қала сыртындағы сауықтыру мекемелерін жобалау және салу кезінде негізгі құрылыс аумағының өлшемдерін 1 орынға 15-200 м2 есебінен қабылдау керек.
      5. Балаларды сауықтыру объектілеры маусымдық (жаз кезінде) және балалар жыл бойы ұйымдастырылады.
      6. Балаларды сауықтыру объектілері отрядтағы балалар саны 25 баладан аспайтын отрядтарға жинақталады.
      7. Әрбір ауысымның балаларын әкелу тиісті аумақтың мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде жүргізіледі. Балаларды сауықтыру объектісінің жұмысқа дайындығы осы санитариялық ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен рәсімделеді.
      8. Балаларды сауықтыру объектілерінің жылытылмайтын ғимараттарында жатын бөлмелерді орналастырған жағдайда балаларды кіргізуге сырттағы ауа температурасының орта тәуліктік көрсеткіші бес күн ішіндегі гидрометерологиялық бақылау бойынша қосу 160С болғанда рұқсат етіледі.
      9. Балаларды сауықтыру объектілерінің әрбір ауысымы бір мезгілде барлық балалармен жинақталады. Балаларды қабылдау осы санитариялық ережеге 2-қосымшаға сәйкес балаларды сауықтыру объектісіне баратын оқушыға медициналық анықтама (карта) бар болғанда жүзеге асырылады.
      10. Ауысымдар арасындағы үзіліс кемінде екі күн болуы тиіс, осы кезде барлық үй-жайларда ауқымды жинау және санитариялық өңдеу жүргізіледі.

3. Учаскеге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      11. Балаларды сауықтыру объектілерінде балалардың дем алуы және сауығуы үшін жеке жер учаскесі болуы тиіс. Учаске құрғақ, таза, желденетін және күн сәулесі жақсы түсетін болуы, оның орналасуы жыл маусымына байланысты жел бағытының өзгеруін ескере отырып, шу және атмосфералық ауаны ластау көздерінің жел жағында және ластау көздеріне қатысты су айдынының ағынынан жоғары орналасуы тиіс. Балаларды сауықтыру объектілерінің жер учаскесінен тұрғын үй құрылысына дейінгі арақашықтық кемінде 500 метр болуы тиіс. Желдің жылдамдығы секундына 5 метр (бұдан әрі - м/сек) асатын аудандарда балаларды сауықтыру объектілерінің учаскелері ені кемінде 50 метр биік боп өсетін ағаштар және бұтақты өсімдіктермен қорғалады. Учаскеге кіретін ыңғайлы жолдар болуы тиіс.
      12. Учаске аумағында мынадай аймақтар бөлінеді:
      1) негізгі құрылыс;
      2) коммуналдық-шаруашылық мақсаттағы ғимараттар;
      3) инженерлік құрылыстар;
      4) қызмет көрсететін персоналдың тұрғын ғимараттары;
      5) жеке көлікке арналған автотұрақ.
      13. Жер учаскесінің өлшемдерін бір орынға кемінде 150-200 шаршы метр (бұдан әрі - м2) есебінен қабылдау керек.
      14. Балаларды сауықтыру объектілерін балаларды сауықтыру объектілеріне жанасатын бақшалар мен орманды саябақтарды пайдалану мүмкіндігі бар таулы аудандарда және курортты аймақтарда орналастырғанда учаске алаңын көп дегенде 25%-ға қысқартуға жол беріледі.
      15. Балаларды сауықтыру объектілерінің негізгі құрылыс учаскесінде тұрғын үйлер, тамақтануға, мәдени-жаппай, дене шынықтыру-сауықтыру, әкімшілік, техникалық, шаруашылық мақсаттарға және тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар орналасады.
      Балаларды сауықтыру объектілерінің негізгі құрылыс учаскесі тұрғын, мәдени-тұрмыстық, дене шынықтыру-сауықтыру, әкімшілік-шаруашылық аймақтарына бөлінеді.
      16. Балаларды сауықтыру объектісінің негізгі құрылыс учаскелері кемінде 0,9 м биіктікте қоршалады және кемінде кіретін екі есігі (негізгі және шаруашылық) болады.
      17. Коммуналдық-шаруашылық аймақтарында жылыту қазандығы, сумен қамту құрылыстары, кір жуатын орын, гараж, көкөніс сақтайтын қойма, оранжереялық жылыжайлар шаруашылығы, азық-түлік және материалдық тауарлар қоймалары, жөндеу шеберханалары, автотұрақтар орналасады.
      18. Учаске алаңы, коммуналдық-шаруашылық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың көлемді-жоспарлы шешімі жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес анықталады.
      19. Коммуналдық-шаруашылық мақсаттағы құрылыстарды жобалағанда көкөніс қоймалары мен жанар-жағар май қоймасына арналған санитариялық-қорғаныш аймақтарын сақтау керек. Коммуналдық-шаруашылық мақсаттағы құрылыстар учаскесінің қоршауы болуы және балалардың оған кіруіне мүмкіндік бермейтіндей болуы тиіс.
      20. Аумақты көгалдандыру алаңы негізгі құрылыс учаскесінің кемінде 60% құрауы тиіс. Балаларды сауықтыру объектілерін орманды немесе саябақ алаптарында орналастырған жағдайда көгалданған аумақ алаңын 50%-ға дейін қысқартуға жол беріледі.
      Жобалау кезінде көгалды қолайлы микроклиматты қамтамасыз ете отырып әрбір функциялық аймақтарға біркелкі енгізу ұсынылады. Аумақта майда жеміс тұқымдарын немесе улы жемістер беретін, балаларға аллергия тудыратын өсімдіктерді, тікенді бұталарды (ағаштар, бұталар) егуге жол берілмейді.
      21. Балаларды сауықтыру объектілерінің негізгі құрылыс учаскесінде дене шынықтыру сауықтыру және спорт құрылыстары қарастырылады, олар алаңының нормалары бір орынға кемінде 20 м2 есебінен қабылданады.
      Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстары жасыл алқаптан (ағаш отырғызылған жер, бұталар) және су айдындарының жанында орналасуы тиіс, олардың құрамы, көлемі және алаңы осы санитариялық ережеге 3-қосымшаға сәйкес анықталады.
      22. Дене шынықтыру-сауықтыру алаңдарын пайдаланғанда мынадай эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажет:
      1) спорт алаңына балалар тек спорт киімімен және спорт аяқ киімімен жіберіледі;
      2) алаңдағы жылжымалы спорт құралдары мен ой-шұңқырлар қоршалады;
      3) ауа райы құрғақ болғанда алаңдардың үстін және алаңдардың шөп төсенішін ойын басталардан 20 минут бұрын суару қажет;
      4) балалар спорт жабдықтары мен мүкаммалды дұрыс және қауіпсіз пайдалануды үйренеді.
      23. Негізгі құрылыс учаскесінде жүз орынға бір бұрқақ есебінен ауыз су бұрқағы жабдықталады.
      24. Балаларды сауықтыру объектілері аумақтарында орталықтандырылған кәріз жүйесі болмаған жағдайда тұрғын үй ғимараттары мен асханадан кемінде 50 метр арақашықтықта 75 адамға бір тесік есебінен санитариялық-аулалық қондырғылар жабдықтау қажет. Шаруашылық бөлігінің аумағында қоқыс жинау үшін тұрғын үй ғимараттарынан кемінде 25 м арақашықтықта арнайы бетондалған алаңдар бөлінеді. Алаңдарда тығыз жабылатын қақпағы бар қоқыс жинағыштар (металл, темірмен қапталған) орнатылады. Бұл ретте алаңның өлшемі қоқыс салғыштың барлық жағынан 1,5 метрден аспауы тиіс.
      25. Балалардың дем алуына және шомылуына арналған (жағажай) аумақ қоқыстан, тастардан тазартылады, порттарға, шлюздерге, гидроэлектростанцияларға, шайынды суды жіберетін орындарға, малдардың тұрағына және суарылатын жеріне және басқа да ластау көздеріне алыс немесе жоғарыда көрсетілген ластау көздерінен кемінде 500 м арақашықтықта жоғары орналасады:
      1) жағажайларды шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық-қорғаныш аймағының бірінші белдігінің шекарасында орналастыруға жол берілмейді;
      2) жағажайдың аумағын таңдаған кезде қолайсыз және қауіпті табиғи факторлардың (көшкіндер, сырғымалар, опырылып құлау) мүмкіндігін болдырмау қажет. Жағалау шөккен, жарсыз және шұңқырсыз болуы тиіс. Жағажайда күн жақсы түсетін алаңдар болуы тиіс. Сазбалшықты учаскелерге жағажай құруға жол берілмейді;
      3) шомылатын жерлерде су айдынының температурасы төмен жер асты суларының шығатын көздері, айқындалған және жылдам су иірімдері, шұңқырлар және үлкен толқындар болмауы тиіс;
      4) судың ағу жылдамдығы 0,5 м/сек аспауы тиіс. Су айдынының түбі құмды, балдырлардан, бұтақтардан, үшкір тастардан таза болуы тиіс. Судың балалар шомылатын жерінің тереңдігі 0,7 метрден 1,3 метрге дейін болуы тиіс;
      5) жағажай алаңының ең кіші өлшемі бір орынға 4 м2 болуы тиіс, жағажайдағы орын санын балаларды сауықтыру объектілерінің жобалық сыйымдылығының 50 %-на тең қабылдау қажет.
      26. Жағажайдың аумағында күннен тасалайтын қалқандар, сырланған жататын орындар мен орындықтар, себезгілер, киім ауыстыруға арналған кабиналар, санитариялық-аулалық қондырғылар, ауыз су бұрқақтары мынадай есеппен жабдықталады:
      1) киім ауыстыруға арналған 50 адамға бір кабина;
      2) 40 адамға бір себезгі кабина;
      3) 75 адамға санитариялық-аулалық қондырғыда бір тесік;
      4) 100 адамға бір ауыз су бұрқағы.
      27. Шомылуға арналған су бетінің шекарасы жақсы көрінетін, ашық түсті қалқымалы белгілермен белгіленеді.
      28. Су өткізбейтін шұңқыры бар санитариялық-аулалық қондырғылар су айдынынан кемінде 50 м қашықтықта және жағажай шекарасынан кемінде 30 м арақашықтықта орналасады.
      29. Ауыз су бұрқағы ағынының биіктігі 15-20 сантиметр шегінде болуы тиіс.
      30. Жағажайлар балалардың жас ерекшелігіне қарай ойнайтын құрылғылармен, емшараны дозалап қабылдау үшін солярийлермен, аэрарийлермен жабдықталады:
      1) аэрарийлер мен аэросолярийдегі орын саны жағажайдағы жалпы орынның 50% құрайды (екінші және үшінші климаттық аймақтарда);
      2) орынның жалпы санының 100% дейін (төртінші климаттық аймақта). Аэрарийлер мен солярийлердің алаңы бір орынға 2,5 м2 және 3,0 м2 есебінен қабылданады;
      3) жағажайларда медициналық көмек пункті қарастырылады.
      31. Шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану пункттеріндегі су объектілері суының құрамы мен қасиеттеріне қойылатын гигиеналық талаптар сақталады.
      32. Су айдынындағы суды шомылатын кезеңнің басында жыл сайын кемінде екі рет химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша химиялық-микробиологиялық тексеруден өткізу қажет. Шомылу кезеңінде су айдынындағы су айына кемінде екі рет химиялық-микробиологиялық тексеруден өткізіледі (сынама кемінде екі жерден алынады). Су шомылу аймағынан бір километр жоғары арақашықтықтағы ағыннан және шомылу аймағының екі жағынан 0,1-1,0 километр арақашықтықтағы судан, сондай-ақ шомылу аймағының шекарасында алынады.
      33. Табиғи су айдындарында шомылатын орындарды ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайда жасанды бассейндер орнату ұсынылады.
      34. Инфекциялық аурулардың алдын алу және бассейндер суының тазалығын қамтамасыз ету мақсатында шомылушылар, персонал жеке гигиена ережелерін сақтауы тиіс, ал су Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып тазаланады және дезинфекцияланады.
      Бассейндерді толтырудың қабылданған жүйесіне қарамастан судың коли-индексі 10 артық болмауы, бір миллилитрде сапрофиттің саны 100 артық болмауы, аммиак 0,05 мл/л жоғары емес, тотығуы 4 мг/л жоғары болмауы тиіс.
      Жоғарыда көрсетілген деңгейлерден жоғары бактериялық немесе химиялық ластану анықталған жағдайда азот пен энтерекокк титры нысанын қосымша анықтау арқылы қайта таңдау жүргізу керек, ол 10-нан артық болмауы тиіс.
      35. Суды зарарсыздандырудың негізгі әдістері хлорлау немесе бромдау болып табылады.
      Сілемейлі қабыққа тітіркендіретін әсерінің болмауынан суды бромдауға көп көңіл бөлу керек. Құрамында бром бар дезинфекциялау құралдарын қолдану кезінде бассейн суында қалдық бромның шоғырлануы 0,7-1,2 мг/л деңгейде ұсталуы тиіс. Түнгі уақытта суды пайдалану сәтіне 1,2 мг/л дейін міндетті төмендету арқылы қалдық бромның 2 мг/л көтерілуіне жол беріледі.

4. Ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      36. Тұрғын үй-жайлар оңаша ғимараттарда немесе ғимараттың оңаша бөліктерінде орналасады.
      37. Балаларды сауықтыру объектілеріндегі тұрғын бөлмелердің терезелері орналасу орнына байланысты көкжиек жақтары бойынша бағыттау керек: екінші В және екінші Г климаттық аймақтарда 70 градустан (бұдан әрі - о) 200о–ге дейін, солтүстік ендіктің үшінші, төртінші климаттық аймақтарында 70о–тен 290о–ға дейін – екінші А және екінші В солтүстік ендіктің климаттық аймақтарында.
      38. Ас блогының тамақ пісіретін залының терезелерін солтүстік ендіктің барлық климаттық аймақтарында 290о-нан 70о-ға дейінгі шектерде бағыттау керек. Тұрғын үйлердің 25 %-нан артық емес 290о-нан 70о-ке дейінгі шектерде бағыттауға жол беріледі.
      39. Төртінші климаттық аймақтарда тұрғын бөлмелердің терезелері "шығысқа" (70о–тен 135о–ке дейін) бағытталады.
      40. Балаларды сауықтыру объектілерінің жылытылатын үй-жайларында мыналар: екінші климаттық аймақ үшін тұрғын және тамақтану залдары, екінші және үшінші климаттық аймақтарда медициналық пункт үй-жайлары, екінші, үшінші, төртінші климаттық аймақтарда киімдерді кептіруге арналған кептіргіштер орнатылады.
      41. Екінші және үшінші климаттық аймақтарда орналасатын балаларды сауықтыру объектілерінің (күндізгі температурасы 40о С және одан да жоғары және түнгісі 10о С төмен аймақтарды қоспағанда) жалпы жобалық қуаттылықтан 20% аспайтын есеппен шатырларда тек ересек оқушылардың (бес адамнан артық емес) тұруына жол беріледі. Палаткалардың едені тақтайдан жасалуы және жел өтпейтін болуы тиіс. Палаткалардың түрлері аймақтың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты анықталады; екінші климаттық аймақта ашылатын терезе-қақпақтары бар үш қабатты шатырлар қолдану қажет. Шатырлар төсектермен, киімдер мен аяқ киімдер сақтауға арналған тумбочкалар және шкафтармен жабдықталады.
      Шатырлардың айналасында жауынның сулары ағуына арналған еңісті (шатырдан) арықшалар қарастырылады.
      42. Әрбір отрядта (топта) тұруға арналған үй-жайлар болуы тиіс.
      43. Бір ғимаратта немесе ғимараттың оқшауланған блогында жалпы саны 100 адамнан аспайтын төрт отряд (топ) орналастыруға жол беріледі. Әрбір отрядтың (топтың) тұратын үй-жайларда учаскеге шығатын жеке есігі болуы тиіс. Жасы 8-ден 18-ге дейінгі балалар үшін бір тұрғын бөлмедегі орын саны 5 артық емес, ал 6-7 жастағы балалар үшін бір адамға 4 м2 есебінен 10 орыннан аспауы тиіс.
      44. Балаларды қабылдауға арналған үй-жайларға вестибюль, қабылдау бөлмесі, медициналық пункт кіреді. Медициналық пунктте изолятор, дәрігер кабинеті, тіс дәрігерінің, емшара және мейірбике кабинеттері, шлюзде қолжуғышы бар бір унитаздық дәретхана болуы тиіс. Изолятор палаталардағы төсек саны боксты қосқанда балаларды сауықтыру объектілерінің жобалық қуатының кемінде 2% есебінен қабылданады.
      45. Балаларды сауықтыру объектілерінде орталықтандырылған ас үйі бар асхана, тамақтанатын залдар және бөлек кіретін есігі бар қол жуатын бөлмелер болуы тиіс. Жазда жұмыс істейтін балаларды сауықтыру объектілерінде қол жуғыштарды тамақтанатын залдарға кіретін жерлерге жақын төбесі жабылған террасаларда орналастыруға жол беріледі.
      46. Тамақтанатын залдың алаңы балаларға бір мезгілде қызмет көрсеткенде (бір ауысымда) бір орынға 1,0 м2 есебінен болуы тиіс.
      47. Мәдени мақсаттағы және қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар мен алаңдар жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес қабылданады.
      48. Балаларды сауықтыру объектілерінің ғимараттары шаруашылық ауыз су, өртке қарсы және ыстық сумен қамту жүйелерімен, кәрізбен және су жинағыштармен жабдықталады.
      49. Балаларды сауықтыру объектілері сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
      50. Ыстық сумен ас блогының өндірістік үй-жайлары, кір жуатын, тұрмыстық, ванна, себезгі, қол жуатын бөлмелер, аяқ жууға арналған жуғыштар, қыздардың жеке гигиенасы кабиналары, медициналық пункт қамтамасыз етіледі.
      51. Кәріз құрылғыларын санитариялық тораптармен жабдықталған тұрғын корпустарда, асханаларда, ас үйде, мәдени-тұрмыстық және медициналық мақсаттағы үй-жайларда, дене шынықтыру-сауықтыру және қызметтік-тұрмыстық үй-жайларда, кір жуатын, себезгі бөлмесінде, сондай-ақ бөлек тұрған дәретханалар мен қол жуғыштарда қарастыру қажет.
      52. Орталықтандырылған кәріз жүйесі жоқ аудандарда балаларды сауықтыру объектілерін орналастырған кезде жергілікті шайынды суды шығару және тазалау жүйесі құрылғысына жол беріледі. Жергілікті кәріз жүйесін таңдау және құру туралы мәселе тиісті аумақтардағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде шешіледі.
      53. Жаңадан соғылып жатқан балаларды сауықтыру объектілерін жылумен жабдықтау, жылыту және желдетуді жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес жобалаған дұрыс.
      54. Жыл бойы жұмыс істейтін ғимараттардың тұрғын бөлмелердегі ауаның температурасы 180С-ден төмен болмауы, изолятор палаталарында қосу 20оС, вестибюльде қосу 160С болуы тиіс.
      55. Жазғы тамақтанатын залдарды (жабық), асхананың өндірістік үй-жайлары мен орталықтандырылған ас үйлерін механикалық іске қосылатын сору желдеткішімен жабдықтаған дұрыс. Ғимараттың барлық түрлеріндегі себезгі бөлмелер мен дәретханалардың жеке сору желдеткіші болуы тиіс.
      56. Балаларды сауықтыру объектілерінің барлық негізгі үй-жайларында табиғи жарық болуы тиіс.
      Жыл бойы жұмыс істейтін ғимараттарда тамақтандыратын залдарды, үйірмелер мен мәдени-жаппай мақсаттағы үй-жайларды жарықтандыру үшін люминесцентті шамдарды қолдану ұсынылады. Жатын үй-жайларды жарықтандыру үшін жарықтан қорғайтын арматурасы бар шамдар қолданылады.
      57. Балаларды сауықтыру объектілерінің негізгі үй-жайлары қабырғалары, төбелері, едендерінің беттері оларды тазалау (жуу) мен дезинфекциялауға ыңғайлы тегіс болуы тиіс. Үй-жайларды әрлеу үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдар қолданылады.
      Ас блогының өндірістік және қойма үй-жайларының қабырғалары глазурленген плиткалармен қапталады немесе 1,8 м биіктікке дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, жүйелі тазалау мен ылғалды жинауға ыңғайлы ылғалға төзімді материалдармен сырланады (дәліздерді 1,5 м биіктікке).
      58. Балаларды сауықтыру объектілерінің жабдықтары мен жиһазы гигиеналық талаптарға сәйкес болуы және балалардың бой-жас ерекшеліктерін есепке алуы тиіс.
      Жатын бөлмелерді екі қабатты төсектермен жабдықтауға жол берілмейді.

5. Үй-жайларды және учаскені күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      59. Балаларды сауықтыру объектілерінің барлық үй-жайлары терезелерін және терезе көздерін ашып қойып күнделікті Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу құралдарын қолдана отырып ылғалды тәсілмен жиналады. Жатын бөлмені күніне екі рет (түнгі және күндізгі ұйқыдан кейін) техникалық персонал жинастырады.
      60. Әрбір ауысымның аяғында техникалық персонал барлық үй-жайларда ауқымды жинау жүргізеді:
      1) ауқымды жинау Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі;
      2) төсек қажеттіліктері (матрацтар, жастықтар, көрпелер) желдету және кептіру үшін ауысымның алдында таза ауаға шығарылады. Балалар арасында инфекциялық аурулар пайда болған жағдайда жатын бөлмеге, төсек қажеттіліктеріне, жабдықтарға белгіленген тәртіппен дезинфекция жүргізіледі. Әрбір сауықтандыру маусымы ашылар алдында төсек қажеттіліктері химиялық тазаланады немесе дезинфекциялық камерада өңделеді. Жарамсыз төсек қажеттіліктері жаңа төсек қажеттіліктеріне ауыстырылады.
      61. Қол жуатын, себезгі, тұрмыстық, гигиена бөлмелерінде және дәретханаларда едендерді, қабырғаларды, есіктің тұтқаларын жуу құралдарын қолдана отырып ыстық сумен күнделікті жуған дұрыс:
      1) едендер ластануына қарай сүртіледі;
      2) унитаздар жуу құралдарын қолдана отырып щеткамен күніне екі рет жуылады;
      3) несеп қышқыл тұздарын кетіру үшін тұз қышқылының 2% ерітіндісін немесе Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген арнайы препараттарды пайдалану қажет.
      62. Қоқыс жинағыштарды олардың 2/3 көлемі толған кезде тазалаған дұрыс және дезинфекциялау және дезинсекциялау құралдарын қолдана отырып өңделеді.
      63. Асхананың барлық үй-жайларын күн сайын мұқият жинау: ылғалды тәсілмен сыпыру және едендерді жуу, шаңды, өрмекші торын алу, жиһазды, радиаторларды, терезенің алдын сүрту керек. Өндірістік үй-жайларды жинау, жабдықтар мен мүкаммалды жуу, сондай-ақ тамақтанатын залдарды жинау әрбір тамақ ішкеннен кейін жүргізіледі.
      Тамақтанатын залдар едендерінің гигиеналық жабыны болуы және арнайы бөлінген техникалық персонал әрбір тамақтанғаннан кейін ылғалды шүберекпен сүртуі тиіс.
      64. Жинау мүкаммалы (легендер, шелектер, щеткелер, шүберектер):
      1) таңбаланады және жеке үй-жайларға (жатын үй-жай, ас үй, асхана, изолятор, санитариялық торап) бекітіледі;
      2) сол үшін арнайы бөлінген орындарда сақталады;
      3) санитариялық тораптарға арналған белгі бояуы (қызыл, сары-қызыл) болуы және жеке сақталуы тиіс;
      4) пайдаланылғаннан кейін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы ыстық сумен жуылуы керек.
      65. Балаларды сауықтыру объектілерінің аумағын жинау күнделікті таңертең балалар аулаға шығардан бір сағат бұрын және ластануына қарай жүргізіледі. Қоқысты қоқыс жинағышқа жинау қажет, балаларды сауықтыру объектілерінің аумағында тұрмыстық қоқыстар мен жапырақтарды жағуға жол берілмейді.
      Құм салынған жәшіктердегі құмды ауыстыруды айына бір рет жүргізу қажет, құм салғыштардың бетін түнде қақпақпен жабу керек. Ауысымына бір рет құмның гельминт жұмыртқаларымен ластануын тексеру қажет, олар анықталған жағдайда құм ауыстырылады. Шыбындарға қарсы күрес үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары қолданылады.
      66. Балаларды сауықтыру объектілерінде сөрелер немесе таза киімдерді, таза төсек қажеттіліктерін (сөрелер немесе шкафтардағы матрацтар, жастықтар, көрпелер) сақтауға арналған шкафтармен жабдықталған қойма (кемінде үш бөлмесі бар) болуы қажет. Ауыстырылатын төсек әбзелдерінің саны кемінде үшеу болуы, матрацтардың ауыстыратын тысының саны екеу болуы тиіс. Моншаға түсу жеті күнде кемінде бір рет жүргізілуі қажет.
      67. Төсек әбзелдерін және бет пен аяқ сүртуге арналған сүлгілерді ауыстыру ластануына байланысты, бірақ аптасына кемінде бір рет жүргізіледі. Ластанған төсек әбзелдері арнайы қаптарға (мата немесе клеенка) салынады және сұрыптап, кір жуатын орынға жіберу үшін арнайы бөлінген бөлмеге жеткізіледі. Пайдаланылғаннан кейін мата қаптарды жууға тапсырады, клеенка қаптар сабынды-содалы ерітіндімен өңделеді, ал егер инфекция бар болса дезинфекциялау құралдарының бірімен өңделеді. Ластанған төсек әбзелдеріне арналған үй-жайды, ондағы кір заттардың соңғысын кір жуатын орынға жөнелткеннен кейін жуу және дезинфекциялау қажет.

6. Тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      68. Ас блогында тамақты өңдеу және дайындау үшін арнаулы электр жабдығы орнатылады. Ас үй үй-жайы механикалық сору желдеткішімен жабдықталады. Тоңазытқыш қондырғыларында термометрлер қарастырылады. Тоңазытқыштарда және тоңазытқыш қондырғыларында азық-түліктің әртүрлі түрлерін сақтауға арналған орындар айқын белгілеген дұрыс.
      69. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау шарттары мен өткізу мерзімдері сақталады.
      70. Балалар мен жасөспірімдерге арналған белоктардың, майлардың, көмірсулардың құндылығының ұсынылатын шамасы мен тұтыну нормалары осы санитариялық ережеге 4-қосымшаның 3-кестесіне сәйкес анықталады.
      71. Белоктардың, майлардың, көмірсулардың ең жақсы қатынасы 1:1:4 құрайды. Бұл ретте жануарлардан (ет, балық, сүт, сүт өнімдері, жұмыртқа) алынған белоктардың құрамы кемінде 50-60% болуы тиіс және майлардың жалпы санының 20-30%-ы өсімдіктерден алған майлар құрайды. Балаларды тамақтандыру тамақ ішу арасы төрт сағаттан аспайтындай аралықпен төрт немесе бес рет ұйымдастырылады. Тамақтанудың тәуліктік рационының жалпы құндылығын мынадай етіп бөлген орынды: таңғы ас - 25%; түскі ас 35%; түстен кейінгі ас - 15%; кешкі ас - 20%; екінші кешкі ас - 5%.
      72. Ұйықтар алдында бір сағат бұрын екінші кешкі ас ретінде балаларға бір стакан сүт немесе айран беру ұсынылады.
      73. Балаларды сауықтыру объектілерінің медицина қызметкері күнделікті ұсынылатын тағам өнімдерінің тәуліктік жиынтығын және өнімдерді өзгерту кестесін осы санитариялық ережеге 4-қосымшаның 1, 2-кестелеріне сәйкес есепке ала отырып дастарқан мәзірін құрастырады.
      74. Балаларды сауықтыру объектілерінде балаларды «С» витаминімен қамтамасыз ету мақсатында тәтті тағамдар мен сусындарды аскорбин қышқылымен, орташа тәуліктік қажеттілік 35%-ы есебінен витаминдеу жүргізіледі. Витаминделген тағамның бір үлесіндегі аскорбин қышқылының құрамы: 7-11 жастағы балалар үшін 20 миллиграмм (бұдан әрі - мг), 12-15 жастағы жасөспірімдер үшін - 25 мг, 16-18 жастағы жасөспірімдер үшін - 35 мг құрайды. Компоттарды витаминдеуді 12-15оС температураға дейін салқындатқаннан кейін, оларды өткізу алдында жүргізу ұсынылады, киселдерге аскорбин қышқылы ерітіндісі өткізу температурасына дейін кейіннен араластыру және салқындату арқылы қосу 30-35оС температураға дейін суытылған кезде енгізіледі.
      75. Күнделікті дайын тамақтың тәуліктік сынамасы қалдырылады. Тәуліктік сынаманы алу және сақтау медицина қызметкерлерінің бақылауымен жүргізіледі. Сынама таза (қайнатылып өңделген) қақпағы бар шыны ыдысқа (гарнирлер басқа ыдысқа алынады) алынып, тоңазытқыштың арнайы бөлінген орнында қосу 2оС-тан қосу 6оС-қа дейінгі температурада сақтаған дұрыс.
      76. Тамақ өнімдерін аспаздық өңдеу қоғамдық тамақтану объектілеріне арналған тағамдар мен аспаздық өнімдерді дайындауға және рецептураларына белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі:
      1) винегреттер мен салаттарға арналған көкөністер қабығы тазаланбаған күйінде пісіріледі. Көкөністерді дайындағанда күні бұрын пісіруге жол берілмейді; піскен көкөністерді тазалау қайнататын цехта жүргізіледі;
      2) тағамға табиғи қалпында қолданылатын көкөністер ағын сумен жақсылап жуылады, тазартылады және ағын сумен мұқият қайта жуылады. Көкөністерді алдын ала суға малып қоюға (аспаздық өңдеуге дейін) жол берілмейді;
      3) винегреттер мен салаттарға өсімдік майын қосу оларды беру алдында ғана жүргізіледі;
      4) азық-түліктердің дәмі мен витаминдік құндылығын сақтау үшін тамақты әрбір қабылдауға дайындайды және дайын болған сәтінен бастап бір сағаттың ішінде өткізіледі. Көкөністерді, картопты пісіру алдында турап, қайнап жатқан суға салу және қақпағы жабылатын ыдыста пісіру керек. Жаңа үзілген көктерді піскен тағамдарды тарату кезінде салу керек;
      5) картопты тазалағаннан кейін тез арада салқын тұзды суға, бірақ екі-үш сағаттан асырмай салады;
      6) котлеттер, балық немесе ет турамасынан жасалған биточкалар, кесектеп туралған балықтар табада 3-5 минут бойы екі жағынан бірдей қуырылады, содан соң ыстық арқылы қуыратын шкафтарда 250-2800С температурада бес-жеті минут бойы пісіріледі;
      7) асылған еттен (тауықтан) жасалған екінші тағамдар және бірінші тағамға қосылатын ұсақтап туралған еттер екі рет термиялық өңдеуден өтуі керек - сорпада қайнатылып және таратылғанға дейін сорпада сақталуы керек;
      8) омлеттерді дайындау үшін диеталық жұмыртқаларды қолдану ұсынылады. Омлеттерді температурасы 180-2000С қуыратын шкафта 2,5-3 см қалыңдықта 8-10 минут бойы дайындайды; жұмыртқаны су қайнағаннан кейін 10 минут бойы қайнатады;
      9) ірімшіктен жасалған запеканкалардың қалыңдығы 3-4 см болуы және температурасы 180-2000С қуыратын шкафта 20-30 минут дайындалады;
      10) пісірілген шұжықтар, жіңішке шұжықтар ыстық өңдеуден өткеннен кейін (қайнаған мезгілден кейін 5 минут бойы қайнатқаннан соң) беріледі;
      11) құтыдағы сүтті екі-үш минут бойы қайнатқан дұрыс. Сүтті қайнатқаннан кейін арнайы сөрелерде немесе ваннада қақпағы жабылған қалпында салқындатылады.
      77. Алдыңғы ішкен тамақтан қалған тамақ қалдығын, бұрын дайындалған тамақты, суда жүзетін құстардың жұмыртқалары мен етін, қанды және өкпе-бауыр шұжықтарын, үйде дайындалған консервіленген өнімдерді пайдалануға жол берілмейді. Айран немесе басқа да ашыған сүт өнімдерін дайындауға, етті құймақты, флотша дайындалған макорондарды, кремі бар кондитерлік өнімдерді, кремдерді, сусындарды, морстарды, квасты, сілікпелерді, құйылып жасалатын тағамдарды (еттен және балықтан), майшабақтан жасалған тураманы, фритюрде жасалатын тағамдарды, паштеттерді дайындауға, пастерленбеген сүттен дайындалған сүт және ашыған сүт өнімдерін пайдалануға жол берілмейді.
      78. Дайын тағамды беру балаларды сауықтыру объектілерінің медицина қызметкері сынама алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Тағамдардың сапасын бағалау органолептикалық көрсеткіштер бойынша (сынаманы тағам дайындалған ыдыстан тікелей алады) жүргізіледі. Дайын тағамдардың бракераж журналында негізгі өнімдерді салу, сынама алынғаны және осы санитариялық ережеге 4-қосымшаның 5-кестесіне сәйкес беруге рұқсат етілгені туралы белгіленуі қажет. Тамақ дайындаудың технологиясы бұзылғанда, сондай-ақ дайын болмаған жағдайда, анықталған аспаздық кемшіліктер жойылғанға дейін тағам беруге жіберілмейді.
      79. Балаларды сауықтыру объектісінде тамақтандыруды ұйымдастыруды және оның сапасын балаларды сауықтыру объектісінің басшысы, дәрігерлер, диеталық бикелер қамтамасыз етеді.
      Медицина қызметкерлері:
      1) осы санитариялық ережеге 4-қосымшаның 6-кестесіне сәйкес ас блогына келіп түсетін тез бұзылатын өнімдердің сапасын бақылау бойынша журналға тіркей отырып, ас блогына келіп түсетін өнімнің сапасына;
      2) өнімдерді сақтау және өткізу мерзімдерін сақтау жағдайларына;
      3) дайындалатын тағамның сапасына;
      4) тамақ өнімдерінің табиғи нормаларының сақталуына (әрбір 10 күн сайын жинақталатын бухгалтерлік тізім бойынша);
      5) тәуліктік сынаманы алу және сақтау дұрыстығына;
      6) ас блогы қызметкерлерінің және асхана кезекшілерінің жеке гигиенасы ережелерін сақтауға бақылауды жүзеге асырады.

7. Күн тәртібіне қойылатын талаптар

      80. Балаларды сауықтыру объектілеріндегі балалардың дене тәрбиесі жүктемесімен және қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты іс-қимылдарының барлық түрлерін дәрігермен келіскен дұрыс.
      81. Балаларды сауықтыру объектілеріндегі қабылданған күн тәртібі осы санитариялық ережеге 5-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес балалардың жасына байланысты ыңғайластырылады.
      Климаттық жағдайларға байланысты күн тәртібіне белдеу уақытын есепке ала отырып, өзгерістер енгізіледі. Маусым, шілде айларында балаларды ұйқыға барынша кешірек жатқызуға және барынша кешірек тұрғызуға жол беріледі.
      82. 7-9 жастағы балалар үшін жұмыстың ұзақтығы күніне бір сағаттан; 10-11 жастағылар үшін 1,5 сағаттан, 12-13 жастағылар үшін екі сағаттан, 14-15 жастағы жасөспірімдер үшін үш сағаттан, 16-18 жастағы жасөспірімдер үшін төрт сағаттан аспауы тиіс.
      83. Балалар тамақ дайындауға, суға піскен көкөністерді тазалауға, дайын тамақты таратуға, нан кесуге, шай, асхана және ас үй ыдыстарын жууға, ыстық тамақты тасуға жол берілмейді.
      84. Балаларды үлкен дене жүктемесіне (ауыр заттарды орнынан қозғау және ауыстыру, отын аралау, төсек әбзелдерін жуу) байланысты, өміріне және денсаулығына қауіпті (терезе жуу, дәретханаларды, жуынатын бөлмелерді тазалау, лас заттар мен қалдықтарды шығару және тазалау, бассейн айналасын тазалау) жұмыстарға тартуға жол берілмейді.
      85. Балалардың асхана және учаске бойынша кезекшілігін ұйымдастыру кезінде асханада (таңғы, түскі ас) күннің бірінші жартысында бірінші кезектегі балалардың, (түстен кейінгі ас, кешкі ас) күннің екінші жартысында екінші кезектегі балалардың кезекшілік жұмыстарының ауыстырылуын көздеу қажет. Асхана және балаларды сауықтыру объектісінің аумағы бойынша бір балалардың кезекшілік етуі 7-10 күнде бір реттен жиі болмауы тиіс.

8. Дене тәрбиесі мен сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      86. Балалардың дене тәрбиесі бойынша іс-шаралары олардың жасына, денсаулық жағдайына, денесінің дамуына және дайындық деңгейіне сәйкес болуы тиіс.
      87. Сауықтыру объектілеріндегі дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы дәрігердің келісімімен жүргізіледі және мыналарды:
      1) таңертеңгілік жаттығуды;
      2) шынығу, ауа және күн ванналарын, сүртіну, су құю, шомылуды;
      3) секцияларда дене тәрбиесімен айналысуды;
      4) жалпы лагерлік және отрядтық серуендерді, экскурсияларды, жорықтар мен ойындарды;
      5) спорттық жарыстарды қамтиды.
      88. Дене тәрбиесімен айналысу үшін медициналық топтарға бөлуді дәрігер жүргізеді. Негізгі топтағы балаларға барлық дене шынықтыру-сауықтыру және жалпы спорттық іс-шараларға шектеусіз қатысуына рұқсат етіледі.
      Медициналық дайындық тобындағы балалармен дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары әрбір баланың денсаулығын және мүмкіндік ерекшеліктерін есепке ала отырып жүргізіледі. Олар жарыстарға қатыспастан және бекітілген нормативтерді тапсырмастан спорт үйірмелерінің немесе секциялардың сабағына жіберіледі. Бір күндік туристік жорықтарға қатысуға рұқсат етіледі.
      89. Таңертеңгілік жаттығу күнделікті таза ауада, ал жаңбырлы күндері - жақсы желдетілген үй-жайларда 10-15 минут бойы жүргізіледі. Киім түрі ауа-райы жағдайын ескере отырып спорттық киім болуы тиіс. Тиісті ауа-райы жағдайларында жалаң аяқ жаттығу жасауға жол беріледі.
      90. Жорыққа қатысушылардың барлығы медициналық тексеруден өтуі тиіс. Бағыттарды, суға шомылатын орындарды медицина және педагог персоналы алдын ала тексеруден өткізеді. Балаларды жорыққа жіберуден 1-2 күн бұрын жол жүру парағына дәрігердің қолы қойылуы тиіс. Осы санитариялық ережеге 5-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес айқындалатын туристік жорықтардың түрлері мен ұзақтығы медицина қызметкерінің қатысуымен жүргізіледі.
      91. Туристік жорық кезінде бір қатысушыға берілетін азық-түліктің үлгілік тәуліктік жиыны: нан – 400 грамм (бұдан әрі - г); жарма және макарон өнімдері - 200 г; қант – 150 г; ет консервісі (бұқтырылған) – 100 г; қойылтылған сүт – 100 г; сары май (ерітілген) – 50 г; ірімшік – 50 г; жемістер - 50-100 г, бұдан басқа балалар қайнатылған су құйылған жеке құтылармен қамтамасыз етіледі.
      92. Балаларды сауықтыру объектілерінде спорт залдарда және ашық ойын және спорт алаңдарында орнатылатын жаттығу құралдары мен жаттығу құрылғыларының әр түрін (велотренажерлар, ескекті тренажерлар, гимнастикалық кешендер) пайдаланған дұрыс.
      93. Шынықтыру іс-шараларын баланың балаларды сауықтыру объектісіне келген күнінен бастау қажет:
      1) балаларға күн ваннасы бейімделу және ауа ваннасын қабылдау кезеңі аяқталғаннан кейін тағайындалады. Оларды желден қорғалған жағажайларда, арнайы алаңдарда (солярийлерде) таңертеңгі немесе кешкі сағаттарда, тамақтан кейін бір – бір жарым сағат өткен соң жүргізген дұрыс;
      2) су ем-шараларын баланың балаларды сауықтыру объектілерінде бірінші келген күнінен бастап таңертеңгі жаттығудан кейін дымқыл сүлгімен сүрту арқылы, алдымен жылы (30-350С), содан соң салқын сумен (10-150С) бастаған дұрыс;
      3) шомылу күніне бір рет жүргізіледі. Шомылуды ашық және желсіз күндері судың температурасы қосу 200С-тан төмен емес, ауаның температурасы қосу 230С-тан төмен емес кезде бастау қажет; одан әрі бір жеті тұрақты шомылғаннан кейін – негізгі топ үшін судың температурасы қосу 180С-тан төмен емес, дайындық тобы үшін қосу 190С-тан төмен емес. Шомылу уақыты бірінші күні 5-7 минутты құрайды, күнделікті суда шомылу уақыты ұзартылады және 25-30 минутқа дейін жеткізілуі мүмкін. Күн сәулесі ваннасын қабылдау уақыты осы санитариялық ережеге 5-қосымшаның 3-кестесіне сәйкес айқындалады.
      94. Жіті аурулардан ауырғаннан кейінгі дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу мерзімін әрбір жағдайда дәрігер жеке анықтайды.

9. Балаларды сауықтыру объектілерінде балаларды гигиеналық тәрбиелеу

      95. Балаларды сауықтыру объектілерінде балаларға берілетін гигиеналық тәрбиені медицина және педагогика персоналы жүргізеді. Осы жұмыстағы жалпы басшылықты дәрігер жүзеге асырады. Балаларды гигиеналық тәрбиелеу жоспары балаларды сауықтыру объектілерінің педагогикалық кеңесінде бекітіледі.
      96. Балаларды сауықтыру объектілерінде балаларға гигиеналық тәрбие беру салауатты өмір салтын насихаттау және санитариялық-ағарту жұмысына негізделеді. Отрядтар бойынша жүргізілетін (ұзақтығы 15-20 минуттан аспайтын) әңгімелердің тақырыптарын таңдау мынаған:
      1) улы саңырауқұлақтармен, өсімдіктермен, жеміс-жидектермен уланудың алдын алуға;
      2) балалардың жарақаттануының алдын алуға, апаттық жағдайларда алғашқы көмек көрсету ережесіне оқытуға;
      3) темекі шегудің, арақ-шарап ішудің, есірткі пайдаланудың зияны туралы түсіндіруге;
      4) жыныстық жолмен берілетін аурулардың, ЖИТС-тің алдын алуға, жеке гигиена ережесін сақтауға бағытталған.

10. Медициналық көмек көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      97. Медицина қызметкерлері балалардың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған дәрілік көмекті қамтитын медициналық көмек кешенін көрсетеді және мынаны жүзеге асырады:
      1) балалар келер алдында балаларды сауықтыру объектілерінде ұйымдастыру-дайындық жұмыстарын жүргізуді, балаларды сауықтыру объектілері үй-жайының, аумағының, шомылатын және спортпен айналысатын орындардың дайындығын алдын ала қарауды және тексеруді, қоршаған жерді қарауды;
      2) балаларды сауықтыру объектілерін комиссиямен қабылдауға қатысуды;
      3) медициналық кабинетті және изоляторды жабдықтауды, осы санитариялық ережеге 6-қосымшаға сәйкес оларды қажетті дәрі-дәрмек жиынымен және таңу материалымен, медициналық құжаттамамен жарақтандыруды;
      4) балаларды сауықтыру объектілерінің әрбір қызметкерінің медициналық құжаттарын тексеруді;
      5) балаларды қабылдау кезінде медициналық тексеру жүргізуді, осы санитариялық ережеге 2-қосымшаға сәйкес балаларды сауықтыру объектілеріне баратын оқушыда медициналық анықтаманың болуын және оның дұрыс толтырылуын тексеруді;
      6) балаларды сауықтыру объектілеріне дейін балаларды шығарып салуды және одан кері қайтарда бірге алып келуді;
      7) балалардың денсаулығына, әсіресе денсаулығында ауытқуы бар балаларға жүйелі бақылау жүргізуді;
      8) дене шынықтырумен айналысу үшін балаларды медициналық топқа бөлуді;
      9) балалардың денсаулығы туралы, денсаулығы ауытқыған балалар үшін ұсынылатын режим туралы сауықтыру объектілерінің басшысына, педагог-ұйымдастырушыларға, дене шынықтыру және спорт бойынша нұсқаушыға хабарлауды;
      10) күнделікті емханалық қабылдау жүргізуді, сырқаттанғандарға медициналық көмек көрсетуді;
      11) сырқаттанған балаларды анықтауды, оларды уақтылы оқшаулауды, изолятордағы балаларды емдеуді және күтуді ұйымдастыруды: сырқаттанған балаларды аурухана ұйымына жатқызуды жүзеге асыруды;
      12) апаттық жағдайлар туындаған кезде алғашқы медициналық көмек көрсетуді, жақын стационарға тасымалдауды;
      13) инфекциялық аурулардың жағдайы туралы тиісті аумақтағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет және денсаулық сақтау органдарына (балаларды сауықтыру объектісінің бастығымен бірге) сырқаттанғандарды ауруханаға жатқызуды және тасымалдауды, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру арқылы шұғыл хабарлама беруді;
      14) балаларды тамақтандыруды ұйымдастыруды: қабылданатын өнімдердің сапасына, оларды сақтау шарттарына, өткізу мерзімдерінің сақталуына, дайындау технологиясына, дайын тағамның сапасына, ас блогының санитариялық жағдайына және күтіп-ұстауға, ыдыстың жуылуына, тамақты «С»-витаминдеу жүргізуге, ас блогының қызметкерлерін және кезекші балаларды күнделікті іріңді ауруларға тексеруге, тәуліктік сынаманы алуға бақылауды;
      15) барлық үй-жайлар мен аумақтардың санитариялық жағдайы мен күтіп-ұстауға, сумен жабдықтау көздеріне бақылауды;
      16) балалар мен персоналдың жеке гигиена ережесін сақтауын бақылауды, санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуді;
      17) санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді;
      18) ойын, викториналар, денсаулық күндерін, сұрақ-жауап кештерін жүргізуді, санитариялық посттарды ұйымдастыруды және олардың жұмысына басшылық етуді;
      19) балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыруды, дене шынықтыру сабақтары өткізілетін орындардың жағдайы мен күтіп-ұстауды бақылауды, балалардың жас ерекшелігі мен денсаулығына және сауықтыру іс-шараларына байланысты дене шынықтыру іс-шараларының дұрыс жүргізілуін бақылауды;
      20) медициналық құжаттарды жүргізуді;
      21) осы санитариялық ережеге 7-қосымшаға сәйкес балаларды сауықтыру тиімділігіне баға беруді жүзеге асырады.
      98. Балаларды сауықтыру объектілерінде осы санитариялық ережеге 8-қосымшаға сәйкес есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізуі қажет.

«Балаларды сауықтыру     
объектілеріне қойылатын   
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық   
ережесіне 1-қосымша     

Нысан

Балаларды сауықтыру объектілерінің дайындық актісі

20__ж. __________ №____________
_____________________________________________________________________
      Объекті (атауы, мекен-жайы)
      Мына құрамдағы комиссия
__________________________________________________
балаларды сауықтыру объектісіне қабылдау жүргізді.
      1. Балаларды сауықтыру объектісі мына жерде орналасқан: (нақты мекен-жайы, темір жолдан, елді-мекеннен, ауруханадан қашықтығы).
      2. Балаларды сауықтыру объектісінің аумағы: жалпы ауданы _____ бір адамға аудан _____ оның нормаларға сәйкестігі (ия, жоқ) _____.
      Қоршалуы (штакет) (ия, жоқ) _____
      Қоршаудың биіктігі _____.
      3. Көлік кіретін жолдардың болуы (шоссе, ауылдық жолдар), олардың жағдайы, пайдалануға жарамдылығы.
      4. Жазғы уақытта немесе жыл бойы жұмыс істейтін балаларды сауықтыру объектісі (керектісінің астын сызу).
      5. Ғимарат стационарлық немесе жалға алынған (астын сызу), қай жылдан бері жұмыс істейді.
      6. Есепті сыйымдылығы _______ ауысым саны _____.
      7. Жатын үй-жайлардың ғимараттың ішінде, корпустарда (жылытылатын, жылытылмайтын), шатырларда (керектісінің астын сызу) орналасуы, олардың саны (жекелеп көрсету).
      8. Жатын үй-жайдағы бір балаға тиесілі алаң _____ м2, жатын бөлмелердегі орын саны: төменгі сынып оқушылары ___ және жоғарғы сынып оқушылары үшін ____.
      9. Корпустарда орналасқан жатын үй-жайлар мен мәдени көпшілік шаралар өткізуге арналған негізгі және қосымша үй-жайлардың болуы, пайдалануға дайындығы, олардың құрамы мен алаңдарының қолданылып жүрген нормаларға сәйкестігі (жекелеп көрсету): шешінетін бөлме, киімдер мен аяқ киімдерді кептіретін, шамадан сақтайтын орын, күндізгі демалатын жайлар, балалар жетекшісі, мұғалімдер бөлмесі, аяқ жуатын ваннасы бар қол жуғыштар, дәретханалар (ер балалар мен қыздар үшін бөлек), үйірмелер мен клуб, эстрада жұмыстарын жүргізуге арналған бөлмелер.
      10. Ас блогы: тамақтанатын залдағы орын саны ______ бір отыратын орынға аудан және олардың нормаға сәйкес келуі (ия, жоқ).
      Қолданыстағы стандарттың талаптарына сәйкес балалардың өсуін ескере отырып, тамақтану залдарын жиһазбен қамтамасыз ету.
      11. Балаларды сауықтыру объектілерінде жұмыс істеу уақыты мен түріне байланысты белгіленген нормаға сәйкес үй-жайлар жиынтығының болуы (тізбесі және әр үй-жайдың алаңы) және олардың: тамақтану залының, өндірістік, қоймалық, техникалық, персоналға арналған тұрмыстық жайлардың пайдалануға дайындығы.
      12. Медициналық мақсаттағы үй-жайлар (алаңы және оның жағдайы, пайдалануға дайындығы): қабылдау бөлмесі, дәрігер кабинеті, тіс дәрігері кабинеті, емшара, мейірбике бөлмесі, қол жуғышпен жабдықталған дәретхана, изолятор: палата (саны, алаңы), төсек саны, бокстардың болуы, қосалқы үй-жайлар (түрлері, алаңы), олардың жабдықтары.
      13. Монша, себезгі бөлмелері (аспап саны), қыздардың жеке гигиенасы кабиналары, кір жуатын орын, кір жуатын бөлменің болуы және олардың пайдалануға дайындығы.
      14. Орталықтандырылған сумен жабдықтау және кәріздің болуы.
      Барлық жуу ванналары мен раковиналарға тұрақты ыстық және суық судың келтірілуі.
      15. Электр қайнатқыштың болуы (ия, жоқ).
      16. Ас блогының мүкаммалмен, жабдықтармен, ыдыстармен қамтамасыз етілуі.
      17. Ас блогының пайдалануға дайындығы.
      18. Азық-түлікті сақтау жағдайы (тез бұзылатын, құрғақ, көкөніс). Салқындататын жабдықтар мен басқа да салқындату көздерінің (мұздататын камералар, тұрмыстық мұздатқыштар, мұздар) болуы, олардың температуралық режимі және жарамдылығы. Пайдалануға дайындығы.
      19. Негізгі жайларды: жатын бөлмелер мен медициналық, мәдени-көпшілік мақсаттағы үй-жайларды, ас блогын нормаға сәйкес табиғи және жасанды жарықпен қамтамасыз ету.
      20. Балаларды сауықтыру объектісінің аумағы: жалпы алаңы, бір адамға алаң, олардың нормаға сәйкес келуі (ия, жоқ). Қоршауы (ия, жоқ), оның биіктігі.
      21. Қолданыстағы санитариялық ереже мен нормалардың талаптарына сәйкес су айдынының болуы және шомылатын орынды ұйымдастыру. Шомылатын орынға қажетті жабдықтардың болуы, олардың пайдалануға дайындығы.
      22. Жалпы сапқа тұру алаңы (ия, жоқ). Алау жағуға арналған алаң (ия, жоқ).
      23. Дене шынықтыру және спортқа арналған ғимараттар, жабдықтар (тізімі, саны, көлемі, олардың белгіленген санитариялық нормалар мен ережелерге сай келуі).
      24. Ойын алаңдары мен аттракциондардың болуы, олардың жабдықталуы, пайдалануға дайындығы.
      25. Тірі табиғат және жас натуралист бұрышы.
      26. Жабдықталған география және астрономия алаңдарының болуы.
      27. Қызмет көрсететін персоналды орналастыру жағдайлары.
      28. Қатты және жұмсақ мүкаммалмен қамтылуы (ауыстыратын төсек әбзелдерінің саны). Үйірме жұмыстары үшін мүкаммалмен қамтамасыз етілуі (түрлері, саны).
      29. Штаттың мамандармен жинақталуы (саны): тәрбиешілер, жетекшілер, басқа да педагог қызметкерлер, медициналық персонал, әкімшілік-шаруашылық және қызмет көрсететін персонал.
      30. Тамақтың қалдықтарын, қоқыстарды шығару және қалдық су жиналатын шұқырды тазалау туралы келісімшарттың болуы.
      31. Жоспар-тапсырманың орындалуы (сапасы).
      32. Комиссия қорытындысы _______________________
      33. Комиссия мүшелерінің қолдары:

«Балалардың сауықтыру    
объектілеріне қойылатын   
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық   
ережесіне 2-қосымша     

Нысан

Балаларды сауықтыру объектісіне баратын оқушыға арналған медициналық ауыстырмалы анықтама (карта)

      1. Аты, тегі, әкесінің аты ________________ жасы ____
      2. Мекен-жайы, телефон.
      3. Мектептің №, сыныбы, емхана №.
      4. Денсаулық жағдайы (егер есепте тұрса, диагнозын көрсету).
      5. Ауырған инфекциялық аурулар түрі (қызылша, жәншау, көкжөтел, эпидемиялық паротит, вирусты гепатит (А, В, С), шешек, дизентерия, басқа да инфекциялық аурулар).
      6. Профилактикалық екпелер картасы үлгісінен үзінді көшірме.
      7. Денесінің дамуы.
      8. Дене шынықтыру тобы.
      9. Ұсынылатын тәртіп.
      10. Инфекциялық науқаспен байланыста болмауы.
      11. Анықтаманың берілген уақыты, емхана дәрігерінің қолы.
      Екінші бөлімі балаларды сауықтыру объектісінің дәрігерімен толтырылады
      1. Балаларды сауықтыру объектілерінде болған уақыттағы денсаулығының жайы және ауырған ауру түрлері.
      2. Инфекциялық науқастармен байланыста болуы.
      3. Балаларды сауықтыру объектілерінде болған уақыттағы профилактикалық егулердің қабылдануы және ауырған аурулардың диагнозы.
      4. Балаларды сауықтыру объектісіндегі сауықтырудың тиімділігі. Жалпы жағдайы.
      5. Келген уақыттағы және кететін кездегі салмағы.
      6. Динамометрия.
      7. Спирометрия.
      8. Толтыру уақыты.
      9. Балаларды сауықтыру объектісі дәрігерінің қолы.
      10. Анықтама тұрғылықты жердегі медицина объектісіне қайтарылуға жатады.

«Балалардың сауықтыру   
объектілеріне қойылатын  
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық  
ережеге 3-қосымша     

Дене шынықтыру-сауықтыру құрылыстарының құрамы, көлемі және алаңы


Денешынықтыру сауықтыру имараттарының саны мен көлемі (дана/шаршы метр) және денешынықтыру сауықтыру имараттарына бөлінетін балаларды сауықтыру ұйымдарына сыйымдылығы мен жер бөлігінің жалпы көлемі

120
2400

160
3200

240
4800

360
7200

400
8000

480
9600

560
11200

800
16000

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Міндеттері:

1. Волейболға арналған алаң

1/360

1/360

1/360

2/720

2/720

2/720

3/1080

4/1440

2. Бадминтонға арналған алаң

1/120

1/120

2/240

3/360

4/480

4/480

5/560

6/720

3. Үстел теннисіне арналған алаң

1/72

1/72

2/144

3/216

4/288

4/288

5/360

6/432

4.Биіктікке секіруге арналған алаң

1/493

1/493

1/493

1/493

1/493



1/493

5.Ұзындыққа секіруге арналған алаң

1/121

1/121

1/121

1/121

1/121



1/121

6.Жүгіруге арналған түзу жол

1/650

1/650

1/650

1/650

1/650



1/650

7. Жеңіл атлетикаға арналған алаң






1/3000

1/3000


8.Денсаулық жолы

1/600

1/600

1/800

1/1000

1/1000

1/1000

2/1200

2/1200

БАРЛЫҒЫ

6/1816

6/1816

8/2008

13/2725

13/2752

13/4488

14/5040

19/3956

Қосымшалар:

9.Спорт ойындарының түрлеріне арналған алаң (аралас)





1/1032

1/1032

1/1032


10. Волейбол және баскетболға арналған алаң (аралас)




1/658




2/1116

11.Спорт ойындары және ядро лақтыруға арналған алаң




1/3225

1/3225

1/3225

1/3225


12. Жеңіл атлетика ядросы алаңы мен жүгіру жолы 333,3 ш








1/8500

13. Аяқ добы алаңы

1/2400

1/2400

1/2400






14. Оқу қабырғасы бар теннис корты







1/840

1/840

15. Теннис спорты




1/648

1/648

1/648


1/648

16. Коньки, ролик және тақтаймен сырғанауға арналған алаң



1/400

1/400

1/400

1/400

2/800

2/800

БАРЛЫҒЫ:

1/2400

1/2400

2/2800

4/4844

4/5305

4/5305

5/5897

7/11904

«Балалардың сауықтыру  
объектілеріне қойылатын  
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық  
ережеге 4-қосымша     

Қала сыртындағы сауықтыру объектілері үшін бір балаға арналған бір күндік азық-түліктің үлгілік жиыны

1-кесте

Өнімдердің аты

Өнімдердің мөлшері

Сүт

500

Жартылай майлы ірімшік

40

Қаймақ

10

Сыр

10

Ет

160

Балық

60

Жұмыртқа

1 дана

Қара нан

100

Бидай наны /оның ішінде бөлке/

250

Бидай ұны

10

Макарон өнімдері

20

Жармалар

45

Бұршақтар

10

Қант және кондитерлік өнімдер

70

Картоп ұны

8

Ашытқы

2

Сары май

45

Сұйық май

15

Картоп

350

Көкөністер

400

Жаңа піскен

100

Кепкен жемістер

15

Шәй

0,2

Кофе

2,5

Тұз

6

Дәмдеуіштер

1

Негізгі тағамдық заттар бойынша өнімдерді алмастыру кестесі

2-кесте

Өнім

Грамм салмағы

Алмастыру өнімі

Грамм салмағы

қосу (+); алу (-) гр

1

2

3

4

5

Сиыр еті

100,0

қоян еті

98,0

сары май (–)6,8



II категориялы қой еті

97,0

сары май (-)2,1



Түйе еті

107,0

сары май (-)3,6



I категориялы жылқы еті

104,0

сары май (-)4



Бұлан еті

95,0

сары май (+)6,5



I категориялы бұғы еті

104,0

сары май (-)2,2



Сиырдың бауыр еті

116,0

сары май (+)4,1



Шошқаның бауыр еті

107,0

сары май (+)3,9



II категориялы тауық еті

97,0

сары май (-)1,8



Жұмыртқа ұнтағы

45,0

сары май (+)11,9



Треска балығы

115,0

сары май (+)7,6



Жартылай майлы сүзбе

121,0

сары май (-)4,7 қант (-)1,6



Ет консервілері

120,0

сары май (-)18,1

Қаймағы айрылмаған сүт

100,0

Құрғақ сүт

11,0

сары май (+)0,6 қант (+)0,4



Қоюландырылған стерильді сүт

40,0

қант (+)1,0



Қантпен қоюландырылған стерильді сүт

39,0

қант (-)17,4



Құрғақ қаймақ

12,0

сары май (-)2,3 қант (+)1,6



Қантпен қоюландырылған қаймақ

36,0

сары май (-)4,1 қант (-)11,7



Жартылай майлы сүзбе

17,0

сары май (+)2,0 қант (+)4,5



Треска балығы

16,0

сары май (+)3,7 қант (+)4,7



сүтсірне (пошехондық)

11,0

сары май (+)0,4 қант (+)4,7



Тауық жұмыртқасы

22,0

сары май (+)0,8 қант (+)4,6



Жұмыртқа ұнтағы

6,0

сары май (+)1,2 қант (+)4,3

Жартылай майлы ірімшік

100,0

Сиыр еті

83,0

сары май (+)3,9 қант (+)1,3



Треска балығы

95,0

сары май (+)10,2 қант (+)1,3

Тауық жұмыртқасы

41,0

Жартылай майлы сүзбе

31,0

сары май (+)2,3



Сиыр еті

26,0

сары май (+)3,5



Треска балығы

30,0

сары май (+)5,4 қант (+)0,3



Қаймағы айрылмаған сүт

186,0

сары май (-)1,5 қант (-)8,4



сүтсірне (пошехондық)

20,0

сары май (-)0,7 қант (+)0,3



Жұмыртқа ұнтағы

11,5

сары май (+)6,5 қант (-)0,5

Треска балығы

100,0

Сиыр еті

87,0

сары май (-)1,5



Жартылай майлы сүзбе

105,0

сары май (-)10,8 қант (-)2,8



Жұмыртқа ұнтағы

39,0

сары май (-)16,8 қант (-)2,8

Белок, май және көмірсутектерді қолдану нормасы мен құнарлылық мөлшерлері

3-кесте

Жасы

Калориялығы (күніне/кило каллория)

Белоктар(күніне/грамм)

Майлар(күніне/грамм)

Линолды қышқыл (каллория, %)

Көмір сутектер (күніне/грамм) барлығы





6 жас

1970

68

44

68

10

3

272

7-10 жас

2300

79

47

79

16

3

315

11-13 жас (ер балалар үшін)

2700

93

56

93

19

3

370

11-13 жас (қыздар)

14 жас (бойжеткендер үшін)

2450

85

51

85

17

3

340

2900

100

60

100

20

3

400

2600

90

54

90

18

3

360

Өнімдерді суық және жылы өңдеу кезіндегі қалдық нормалары

4-кесте

Өнімдердің аты

Шығын пайызы

Суық өңдеу кезіндегі

Жылы өңдеу кезіндегі

1

2

3

Ет (сиыр еті)

30,5


Піскен ет


38

Буға пісірілген ет


40

(ұсақ тілімдер: азу, гуляш, қуырылған ет, бефстроганов)


37

Қуырылған котлеттер, битоктар, шницельдер, қуарылған


19

Қуырылған және бұқтырылған тефтелилер


15

Турама және қуырылған зразы


15

Қуырылған және жұмыртқа қосылған рулет


12

Тауық еті

25


Піскен тауық еті

7

28

Қуырылған және бұқтырылған бауыр еті


28

Хек балығы

41


Пісірілген хек балығы


18

Қуырылған хек балығы


18

Хек балығының сүбесі (сүйексіз, терісі алынбаған)

52


Қуырылған хек балығының сүбесі


20

Бөктірілген хек балығының сүбесі


18

Пісірілген треска балығы

43

18

Қуырылған треска балығы

54


Треска балығының сүбесі (сүйексіз, терісі алынбаған)


20

Қуырылған треска балығының сүбесі


20

Бөктірілген треска балығының сүбесі


18

Шұжықшалар


2,5

Пісірілген шұжық


3

Жартылай қақталған шұжық

2


Сүтсірне

2


Ұсақтау кезіндегі сүзбе

1


Аршылған картоп

40

3

Қуырылған картоп


31

Қабығымен піскен картопты соңынан қабығынан тазалау


43

Аршылған шикі сәбіз

25


Қуырылған сәбіз


32

Қабығымен піскен сәбізді соңынан қабығынан тазалау


25

Піскен сәбізді ұзынша немесе куб түрінде турау


8

Шикі қызылша

25


Қабығы аршылып пісірілген қызылша


27

Ақтүсті капуста

1


Аршылған жас қырыққабат

20


Бұқтырылған қырыққабат


21

Пияз

16


Көжелерге дайындалып қуырылған пияз


20

Тұздық және екінші тағамға берілетін ас үшін әзірленген пияз



50

Көк пияз

20


Аршылмаған жас қияр

5


Аршылған жас қияр

20


Алжұмыр (жас томаттар)

15


Сабақты қызыл шалған

37


Кесілген қызыл шалған

25


Салат

28


Консервіленген жас бұршақ

33


Бұқтыру кезіндегі кәді

33


Қарбыз

10


Өзегі алынған алма

12


Өзегі алынған алмұрт

10


Абрикос

14


Шабдалы

10


Жас қара өрік

10


Сабағы алынбаған шие

5


Сабағы алынған шие

2


Жүзім

4


Қызыл қарақат

6


Қара қарақат

2


Бауда өсетін бүлдірген (құлпынай)

15


Мүк жидек

5


Аршылған апельсин

30


Дайын астың сапасын бақылау бойынша журналды толтыру нысаны (бракераж)

5-кесте 

Күні

Дайын өнімнің аты (таң.ас, түскі ас, кешкі ас)

Дұрыстығы

Медицина қызметкерлерінің тамақ беруі туралы рұқсаты және басқа да нұсқаулары, аты-жөні

Қолы

ас мәзірі орындалу тәртібінің

сапалылығының

аспаздық өңдеудің

С-витаминденуі

Ас блогына түсетін тез бұзылатын өнімдердің сапасын бақылау жөніндегі журналды толтыру нысаны

6-кесте

Өнімнің түскен мерзімі

Түскен өнімдердің сапасы мен саны

Тексерілгендердің сапасы

Сатудың соңғы мерзімі

Қолы

«Балалардың сауықтыру   
объектілеріне қойылатын  
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық   
ережеге 5-қосымша      

Балаларды сауықтыру объектісіндегі күн тәртібі

1-кесте 

Күн тәртібінің элементтері

6-9 жастағы балалар үшін

10-14 жастағы балалар үшін

Төсектен тұру, төсек орынды жинау

8.00-8.10

8.00-8.10

Таңертеңгі гимнастика

8.10-8.30

8.10-8.30

Су процедурасы

8.30-8.50

8.30-8.50

Таңертеңгі қатарға тұрғызу

8.50-9.00

8.50-9.00

Таңертеңгі ас

9.00-9.30

9.00-9.30

Балалардың пайдалы еңбекке қатысуы, үйірме, звено, отрядтар жұмысы

9.30-11.10

9.30-11.10

Сауықтыруға арналған гигиеналық процедуралар (ванна, душ, суға шомылу), суға малтыруды үйрету

11.10-12.30

11.10-12.30

Бос уақыт

12.30-13.30

12.30-13.30

Түскі ас

13.30-14.30

13.30-14.30

Түскі астан соңғы күндізгі демалыс

14.30-16.00

14.30-16.00

Түскі қосымша ас

16.00-16.30

16.00-16.30

Үйірмелерге, спорттық секцияларға, бірлестіктерге сабаққа, жалпы өткізілетін шараларға қатысу

16.30-18.30

16.30-18.30

Бос уақыт, шусыз ойындар

18.30-19.00

18.30-19.00

Кешкі ас

19.00-20.00

19.00-20.00

Кештер, алау, отрядта жүргізілетін шаралар, кешкі қатарға тұрғызу

20.00-20.30

20.00-21.30 21.30-21.45

Кешкі тазалық

20.30-21.00

21.45-22.00

Ұйқыға кету

21.00-8.00

22.00-8.00

Экскурсия және туристік жорықтар ұзақтығы

2-кесте

Жорықтардың түрі

Қай жастан бастап

Сандық құрамы (адам)

Ұзақтығы (күн)

Ұзындығы (километр)

1.Туристік серуен

6 жастан

8-30

1

3-4

2.Экскурсиялар

7 жастан

8-30

1

-

3.Бір күндік жорық

7 жастан

8-30

1

6-15

4.Төрткүндік жорық

9 жастан

8-30

4

10-25

Күн ваннасының мөлшерлеу схемасы

3-кесте 

Негізгі топ

Дайындық топ

Сәулелендіру уақыты (минут)

Сәулелендіру мөлшері

Емшараның реттік нөмірі


1

1-3

4,5

5

2

4-6

9

10

3

7-9

13

15

4

10-12

18

20

5

13-15

22,5

25

6

16-18

27

30

7

19-21

31,5

35

8

22

36

40

      Орта белдеу жағдайында, күн ашықта, сыртқы температура көрсеткіші қосу 17оС-ден 20о-ға дейінгі аралықта сағат 9-дан 11-ге дейін жүргізіледі.

«Балалардың сауықтыру   
объектілеріне қойылатын  
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық   
ережеге 6-қосымша      

100 балаға (бір ауысымға) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы объектілердің үлгілік жиыны

Медициналық дәкелік стерильденген және стерильденбеген бинттер

50 дана

Медициналық дәкеден жасалған стерильденген және стерильденбеген сулықтар

10 бума

Медициналық дәке

10 метр

Тұрмыстық ақ мақта

500 грамм

Медициналық лейкопластырь

2 шарғы

Бактерия жойғыш лейкопластырь

20 дана

Әмбебап шиналар

2 дана

Қан тоқтатуға арналған білем

2 дана

2 грамдық бір рет пайдаланатын пістек

15 дана

5 грамдық бір рет пайдаланатын пістек

15 дана

10 грамдық бір рет пайдаланатын пістек

5 дана

Бір рет пайдаланатын қан құю жүйесі

5 дана

Дәрі қабылдауға арналған стакан

5 дана

Медициналық термометр

10 дана

10% глюкоза ерітіндісі

10 ампула

4% натрий бикарбонаты

10 ампула

3% преднизалон

10 ампула

2,4 % эуфиллин ертіндісі

10 ампула

200 млг Рингера ертіндісі

1 құты

200 млг «Трисоль» ертіндісі

1 құты

2% супрастин ертіндісі

10 ампула

1% гауhар жасыл ертіндісі

20 құты

5% йодтың спиртті ертіндісі (құтыда)

20 құты

3% сутегі асқын оксидінің ертіндісі

300 грамм

Калий перманганаты (кристаллдар)

10 грамм

Қос көмірқышқылды сода (асханалық)

100 грамм

Валериана тұндырмасы

25 мл

Кордиамин (тамшы)

20 мл

Аммиак ертіндісі

100 мл

10% 1,0 кофеин-бензоат натрийі (ампулада)

5 ампула

Кордиамин 1,0 (ампулада)

3 ампула

Адреналина гидротартраты 0,18% 1мл (ампулада)

5 ампула

0,5 % 5 мл новокаина ертіндісі (ампулада)

10 ампула

10% Хлорлы кальций

300 грамм

№ 10 Белсенді көмір

3 бума

Бальзамдалған линимент (Вишневский бойынша)

50 грамм

0,25% Оксалин жақпа майы

10 грамм

Тетрациклин жақпа майы (көздікі)

10 грамм

10% Синтомицина линименті

50 грамм

0,5 № 10 Анальгин (таблеткада)

2 бума

0,5 № 10 Димедрол (таблеткада)

3 бума

№ 10 Валидол (таблеткада)

1 бума

Жөтелге қарсы таблеткалар

2 бума

Стрептоцид (таблеткада)

2 бума

0,25 Эритромицин (таблеткада)

1 бума

0,2 Парацетамол (таблеткада)

20 бума

Регидрон

20 пакет

Смекта

20 пакет

0,2 Иммодиум (таблеткада)

1 бума

20% натрий сульфацилі, тамшылату тюбигі

5 дана

Бисептол 120 (таблеткада)

10 бума

Бір бумада 10 дана қыша қағазы

5 бума

Қансарысуы: 1) сіреспе анатоксині (ампулада)

5 бума

2) күл ауруына қарсы 10 000 АЕ (ампулада)

2 бума

Зарарсыздандырушы заттар:
Хлорамин

500 грамм

«Балалардың сауықтыру   
объектілеріне қойылатын  
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық  
ережеге 7-қосымша     

Балаларды сауықтыру объектілерінің жағдайларында сауықтыру жұмысының тиімділігін бағалау

      1. Балалар денсаулығын сауықтырудың тиімділігін бағалау - демалу ауысымының басында және аяғында өткізілетін екі медициналық тексеруді салыстыру арқылы жүргізіледі. Мынадай көрсеткіштер бойынша салыстырылады:
      1) бала денесінің дамуы;
      2) ағзаның функциялық жағдайы;
      3) дене дайындығының дәрежесі;
      4) жалпы сырқаттанушылығы.
      2. Дене дамуын бағалау - бала денесінің биіктігі мен салмағының арақатынасы арқылы Кетле индексі анықталады.
      Физикалық дамудың үйлесімділігін дәлелдейтін Кетле индексінің нормасы мынаны құрайды:
      1) 6-8 жасар ұл мен қыздар үшін - 16 (килограмм/шаршы метр - кг/ш.м.)
      2) 9-10 жасар ұл мен қыздар үшін - 17 (кг/ш.м.);
      3) 11 жасар ұл мен қыздар үшін - 18 (кг/ш. м.);
      4) 12 жасар ұл мен қыздар үшін - 19 (кг/ш.м.);
      5) 13-14 жасар ұл мен қыздар үшін - 20 (кг/ш.м.);
      6) индекстің 2 бірлікке өсуі - дене салмағының нормадан артықтығын, ал 2 бірлікке төмендеуі - нормадан төмендігін дәлелдейді.
      3. Сауықтыру объектілерінің жағдайында сауықтыру жұмыстарының тиімділігінің маңызды көрсеткіші болып адам ағзаларындағы функционалдық мүмкіндіктерінің өсуі болып табылады.
      Осы мақсат үшін балалардың жүрек қан тамырлары, демалу жүйелерінің функционалдық жағдайы сынақ арқылы, және еңбекке деген физикалық қабілеттеріне бағалау жүргізіледі.
      4. Жүрек-қан тамыры жүйесінің функционалды жағдайын ортостатикалық сынама көмегімен анықтау керек. Әдістемені жүргізу жолы: әуелі шалқасынан 3 минут жатқаннан соң жүрек соғуының жиілігі (бұдан әрі - ЖСЖ) (10 секунд бойы) және артериалдық қан қысымы (бұдан әрі - АҚ) анықталады. Содан кейін тексерілген адамды тез тұрғызып, тұрған қалпында өлшемдерді жүргізу қайталанады. Осы кезде тамырдың соғуы минутына 4 соғудан көп болмай, ал АҚ ең үлкен өсімі 10 миллиметр сынап бағанасынан аспаса, бұл реакция қалыпты болып саналады және индекс деп саналады.
      1-кестеде ортостатикалық сынама индекстеріне берілетін баға келтірілген.

Ортостатикалық сынамалардың индекстерін бағалау

1-кесте

Тамыр соғуының минут бойында жиіленуі

Жоғарға артериалды қысымның өзгеруі

өсуі                                            төмендеуі

+10

+8

+6

+4

+2

0

-2

-4

-6

-8

-10

0-4

100

95

90

85

80

75

70

65

50

55

55

5-8

95

90

85

80

75

70

65

60

55

50

45

9-12

90

85

80

75

70

65

60

55

50

45

40

13-16

85

80

75

70

65

60

55

50

45

40

35

17-20

80

75

70

65

60

55

50

45

40

35

30

21-24

75

70

65

60

55

50

45

40

35

30

25

25-28

70

65

60

55

50

45

40

35

30

25

20

29-32

65

60

55

50

45

40

35

30

25

20

15

33-36

60

55

50

45

40

35

30

25

20

15

10

37-40

55

50

45

40

35

30

25

20

15

10

5

41-44

50

45

40

35

30

25

20

15

10

5

0

      Ең жақсы индекс болып 100-85, ал 84-75 дейінгі аралық норма болып,ал ең нашар индекс болып 74-60 аралығы саналады. Динамикалық бақылау процесіндегі индекстің өсуі балаларды сауықтыру объектілерінде қозғалыс режимін жаттықтырудың дұрыс әсерін куәландырады.
      5. Тыныс алу жүйесінің функциялық жағдайы Генч сынамасының көмегімен бағаланады (демнің сыртқа шығу кезіндегі демалу кідірісі).
      Генч бақылауы мына жайлармен өткізіледі: жағымсыз сезіну пайда болғанша сыналған адам мұрнын қысып, ауыз арқылы еркін дем шығарып, аузын жауып отырады. Демалу кідірісінің уақыты секундомермен тіркелінеді. Әр түрлі жастағы ұлдар мен қыздарға берілген көрсеткіштің орташа мәндері 2-кестеде көрсетілген (+ ортаңғының қатесі).

Балаларда демін сыртқа шығару кезіндегі демалу кідірісі көрсеткішінің мөлшері (секунд).

2-кесте

Жастары (жыл)

Ер балалар

Қыздар

7

10 ± 2,8

8,3 ± 4.0

8

17 ± 12,4

13,0 ± 7,2

9

16,8 ± 11,0

12,1 ± 6.3

10

15,5 ± 7,5

11,0 ± 4,0

11

18,2 ± 8,5

13,0 ± 8,6

12

20,0 ± 12,0

16,0 ± 13,6

13

18,5 ± 11,0

16,0 ± 6,2

14

19,6 ± 6,7

19,0 ± 9,2

      Балаларды сауықтыру объектілеріндегі балаларды сауықтыру нәтижесі, гипоксия тұрақтылығының жоғарылауы - терең тканьді биохимиялық процестің орындалуы арқылы көрінеді.
      Баланың тыныс алу уақытындағы демалу кідірісі көрсеткішінің 10% және одан жоғары өсуі оңды қозғалыс ретінде сипатталады; демалу кідірісі уақытының 10% төмендеуі кері сипатталып ауа тапшылығы тұрақтылығының төмендеуіне әкеледі.
      6. Балалардың еңбекке деген физикалық қабілетін бұлшық ет төзімділігінің және бұлшық ет күшінің көрсеткішімен бағалау ұсынылады.
      Балалардың бұлшық ет күші динамометр көмегімен анықталады.
      Қол бұлшық етінің күші оң қол динамометрімен (солақайларда - сол қолымен) өлшенеді. Жасы мен жынысына қарай қол бұлшық етінің орташа стандарты 3-кестеде берілген.

Балалар қолының бұлшық ет күші (килограмм)

3-кесте

Жастары (жыл)

Оң қол (солақайларға сол қол)

Ер балалар

Қыздар

8

14,8 ± 3,2

12,2 ± 2,9

9

16,7 ± 3,2

14,3 ± 2,7

10

18,7 ± 3,8

15,3 ± 2,5

11

21,1 ± 3,6

16,6 ± 3,8

12

25,9 ± 5,5

19,6 ± 4,7

13

26,2 ± 7,0

21,6 ± 4,4

14

28,6 ± 9,0

23,5 ± 4,6

      1) бұлшық ет күшінің 10% және одан жоғары өсуі мекемедегі дене тәрбиесінің дұрыс қойылуын, сауықтыру шаралары жүйелерінде күшті және жылдам бағыттағы жаттығулардың қолданылуын куәландырады. Динамикалық бақылау процесіндегі бұлшық ет күшінің 10%-ке төмендеуі көрсеткіштің кері динамикасын білдіреді;
      2) сондай-ақ динамометрдің көмегімен бұлшық ет төзімділігі анықталады. 5-7 секундты демалу үзілісімен бала динамометрді бар күшімен 5 рет қысқаннан соң, динамометрдің бірінші және бесінші көрсеткіші салыстырылады. Бала жағдайының тәуелділігінің себебінен бұлшық ет күшінің көрсеткіші оның бастапқы мөлшеріне қарағанда 10-15% төмендейді. Осы ерекшелік неғұрлым аз болса, күштің төзімділігі соғұрлым жоғары болады. Стайер типіне жататын төзімді балаларда ең басқы және соңындағы өлшемдерінің динамометр көрсеткіші сәйкес келеді. Демалыс ауысымының басынан аяғына дейінгі өлшемдері арасындағы ерекшеліктің азаюы төзімділіктің жоғарылауы және дамуын білдіреді.
      7. Жылдамдығымен (30 және 60 метр) және төзімділігі бағытында (300 және 500 метр) жүгіру және басқа да нормативтерді тапсыру кезіндегі бала бойының функционалды жағдайын білдіретін маңызды көрсеткіш дене тәрбиесі дайындығының қалыпты көрсеткіші болып табылады.
      8. Объектіде болған балаларды сауықтырудың тиімділігі былай бағаланады:
      1) тесттердің көпшілігінде оң өзгерістің артықшылығынан сауықтыру нәтижесінің айтарлықтай болуы (50% аса);
      2) бірқатар тесттердің оң өзгерістеріндегі әлсіз сауықтыру нәтижесі;
      3) фунционалды сынама және дене дамуының оң өзгерісі болмағанда, сауықтыру нәтижесі болмайды;
      4) сауықтыру нәтижесі болмаған жағдайда медперсоналға объектінің басшысымен бірге себептерге талдау жүргізу, қозғалу тәртібі мен спорттық-жалпы жұмыстарды объектідастырудан кемшіліктерді табу керек, оларды жоятын жолдарды белгілеу.

Балаларды сауықтырудың оң көрсеткіші

4-кесте 

Аты-жөні

Дене дамуы

Бұлшық ет күші

Төзімділік

ЖЕЛ

Демін сыртқа шығару кезіндегі кідіріс

Дене тәрбиесінің дамуы

Барлығы

+ - 0

Иванов Коля, т.б


+

+


-

0

+

      «+» жақсaру, «-» нашарлау, «0» өзгеріссіз.
      Қорытынды: балаларды сауықтыру нәтижесі айтарлықтай, әлсіз сауықтыру және сауықтыру болмаған жағдай.

«Балалардың сауықтыру   
объектілеріне қойылатын  
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық 
ережеге 8-қосымша     

Балаларды сауықтыру объектілерінің медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасы

      Есепке алу-есеп беру құжаттар:
      1) амбулаториялық науқастарды тіркеу журналы;
      2) инфекциялық ауруларды есепке алу журналы;
      3) изолятор жұмысын есепке алу журналы;
      4) ауқымды жинауды жүргізу журналы;
      5) кабинетті кварцтау журналы;
      6) бракераж журналы;
      7) С-витаминімен байыту журналы;
      8) ас блогындағы қызметкерлерді іріңді ауруға тексеру журналы;
      9) жетілдірілген ас мәзірі;
      10) тоңазытқыштардағы температуралық режимді тіркеу журналы;
      11) бұйрықтар мен нұсқаулар;
      12) санитариялық-ағарту жұмысын есепке алу журналы;
      13) инфекциялық аурулар, тамақтан, кәсіптік уланулар, егуге ерекше реакцияның болуы туралы жедел хабарлау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады