Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-19/5 "Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С-21/4 шешімі. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 4 мамырда № 1-12-126 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 4С-36/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2011.10.12 № 4С-36/3 шешімімен
      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 6 бабына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жарқайың аудандық мәслихатының «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-19/5 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-122 тіркелген, 2010 жылдың 5 ақпанында «Целинное знамя» аудандық газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      2 тармақтың:
      екінші азат жолындағыда «мүгедектер» сөзінен кейін «және Мүгедектер күніне орай 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға» сөздерімен толықтырылсын;
      үшінші азат жолындағы «Қарттар күніне зейнеткерлер» сөздерінен кейін «интернационал жауынгерлерге, Чернобыль атомдық электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларына» сөздерімен толықтырылсын;
      бесінші азат жолдағы «және туберкулезбен ауратындарға» сөздерінен кейін «Жарқайың аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынымен ұсынылған анықтамалар негізінде 2,8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде «туберкулезді ұзақ емделушілерге» сөздерімен толықтырылсын;
      алтыншы азат жолдағы «колледждерде күндізгі бөлімде» сөздерінен кейін «ауыл жерлерден» сөздерімен толықтырылсын;
      азат жолдарды келесі мазмұнда толықтырылсын:
      Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен ай сайын коммуналдық қызмет төлемі бойынша шығындарды өтеуге 2,5 айлық есеп көрсеткіші көлемінде «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Ақмола облыстық филиалының Жарқайың аудандық бөлімшесінің ұсынған тізімдер негізінде, жеке шотына аудару жолымен;
      аз қамтылған отбасыларға ай сайын негізгі азық - түліктің қымбаттауына байланысты 0,5 айлық есеп көрсеткіші көлемінде;
      жоғары білімі бар жас маман - дәрігерлерге жайластыруға 175 айлық есеп көрсеткішімен, жас маман - мұғалімдерге жайластыруға 18 айлық есеп көрсеткішімен, өтініш бойынша;
      концлагерь тұтқындарына ай сайын коммуналдық қызмет төлемі бойынша шығындарды өтеуге айлық есеп көрсеткіші көлемінде «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Ақмола облыстық филиалының Жарқайың аудандық бөлімшесінің ұсынған тізімдер негізінде, жеке шотына аудару жолымен;
      2. Осы шешім Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       С.Оспан-Ұлы

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Б.Швачкин

      «КЕЛІСІЛГЕН»

      Жарқайың ауданының
      «Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        В.Сидорина

      Жарқайың ауданының
      «Қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Б.Ахметова

      Жарқайың ауданының «Экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            З.Қоржымбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады