Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2012.04.25 № 3/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қорғалжын аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21 шілдедегі № 5/22 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-15-151 болып тіркелген, 2010 жылғы 31 тамызда аудандық «Қорғалжын өңірі» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
2 тармағының 2) тармақшасының 1.1) азат жолында:
- «орны мен (колледждерімен) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» сөздері «орнының (колледждердің)» сөздерімен ауыстырылсын;
- «көлемінде» сөзінен кейін «өтініш иесінің немесе» сөздерімен толықтырылсын;
2 тармағының 3) тармақшасы 1.7) азат жолымен келесі редакцияда толықтырылсын:
- «Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне дәрі алу үшін 2 айлық есеп көрсеткішпен ай сайын материалдық көмек көрсетілсін».
2. Осы шешім Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Ш.Жүзбаев
Аудандық мәслихат
хатшысы Ө.Балғабаев
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қорғалжын ауданының әкімі С.Қасенов