Аз қамтылған отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 қыркүйектегі N 61 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 7 қазанда N 3-8-59 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 167 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010.04.23 № 167 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексінің 53 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ  ЕТЕДІ:
      1. Жан басына шаққанда орташа айлық табысы облыста белгіленген кедейлік шегінен төмен азқамтылған отбасы мүшелеріне 1,5 айлық есептік көрсеткіші көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2009.03.27 N 83 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5 тармағынан қараңыз) шешімімен.
      2. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (А.Т.Жұмабаева) азқамтылған отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсетуге қаржы көздерін табу тапсырылсын.
      3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А.А.Тұрмағамбетова) аз қамтылған отбасы мүшелеріне тоқсан сайын әлеуметтік көмекті тағайындауын және ай сайын төлеуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
      Аудандық мәслихат хатшысы                А.Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады