Халықтың нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 268 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 25 шілдеде № 3-9-145 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 10 ақпандағы № 45 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2012.02.10 № 45 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-4 тармағына18-1 бабына сәйкес Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мұғалжар ауданының халықтың нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтары үшін мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерден басқа меншік түріне қарамастан субъектілерде әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
      2. Бекітілген бюджет қаражаты шегінде сәйкесінше ағымдағы қаржы жылына қамтамасыз етілсін. Іс-шараны уақытылы және толық қаржыландыруды қамтамасыз ету «Мұғалжар аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі» ММ (Ғ. Асқаров) жүктелсін.
      3. Ауданның нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру «Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (А.Шотов) жүктелсін.
      4. Жұмыс берушілермен келісім шартқа отыру кезінде әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысының көлемі олардың нақты мүмкіндіктеріне сәйкес белгіленсін.
      5. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 246 «Халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесін бекіту туралы» (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылдың 17 мамырында № 3-9-123 болып тіркелген, 2010 жылғы 2 маусымдағы № 24 аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Н. Аққұлға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауданының әкімі                    С. Шаңғұтов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады