Талдықорған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі "2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 9-307 қаулысына өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 02 тамыздағы N 20-692 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының Әділет басқармасында 2010 жылы 17 тамызда N 2-1-128 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 06 қаңтардағы N 1-14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011.01.06 N 1-14 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабы және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 20-бабы негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі "2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 9-307 қаулысына (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 11 мамырда тіркелген нөмірі N 2-1-121, "Талдықорған" газетінің 2010 жылғы 14 мамырдағы 20-нөмірінде жарияланған), Талдықорған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 17 мамырдағы "Талдықорған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі "2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 9-307 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" N 11-374 қаулысына (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 11 маусымында тіркелген нөмірі N 2-1-124, "Талдықорған" газетінің 2010 жылғы 02 шілдесіндегі 27-нөмірінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
      2 тармағында:
      көрсетілген қаулымен құрылған шақыру комиссия құрамына:
      Ғалымжан Қуанышбайұлы Жантурин комиссия төрағасы, Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы (келісім бойынша) енгізілсін, көрсетілген комиссия құрамынан Жәнібек Аманкелдіұлы Сапаров шығарылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С. Жылқайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады