Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімінің 2011.11.04 N 04 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес азаматтарды шақыру учаскесiне жыл сайынғы тiркеуді қамтамасыз ету және ұйымдастыру үшін ШЕШТІ:
1. Қарағанды облысының Сәтбаев қаласы бойынша "Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізінде Сәтбаев қаласы, Гурба көшесі, 102 үй мекен-жайында шақыру учаскесі (бұдан әрі – шақыру учаскесі) құрылсын.
2. "Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Д.Грудей – келісім бойынша) 2011 жылғы қаңтар-наурызда Сәтбаев қаласында тұратын 1994 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді өткізсін.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мадиеваға жүктелсін.
4. Осы шешімі алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім С.Т. Медебаев
Келісілген
"Сәтбаев қаласының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Д. Грудей
2010 жылғы 20 желтоқсандағы