Мәслихаттың 2010 жылғы 3 ақпандағы № 211 "Жер салығының базалық ставкаларының өзгерістер туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 387 шешімі. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 17 қазанда № 9-13-136 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 273 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 13.04.2015 № 273 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387–бабының 1–тармағына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Жер салығының базалық ставкаларының өзгерістер туралы" мәслихаттың 2010 жылғы 3 ақпандағы № 211 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-13-102 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 24 наурыздағы "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған) мына өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Автотұраққа (паркингтер), автомобильге май құю стансияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, елді мекендердің (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) жерлеріне, жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне жер салығының базалық ставкалары 50% көтерілсін".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу аудандық мәслихатының
      кезектен тыс сессиясының төрағасы,
      аудандық мәслихатының хатшысы:             С.Қазиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      Министрлігі Салық Комитетінің
      Қостанай облысы бойынша Салық
      Департаментінің Қарасу ауданы
      бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы:
      _____________ Б.Сүлейменов

      "Қарасу ауданы әкімдігінің жер
      қатынастары бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы:
      _____________ Д.Тұрсынбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады