Ауданда көріктендірудің және үй жануарларын күтіп ұстау, бағу қағидалары туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 9 маусымдағы N 166/25 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 3 шілдеде N 12-5-79 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 05 қарашадағы N 52/9 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 05.11.2012 N 52/9 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6–бабының 1-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған ауданда көріктендірудің және үй жануарларын күтіп ұстау, бағу қағидалары бекітілсін.
      2. Бұрын қабылданған Баянауыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Аудандық мәслихаттың (ІІІ сайланған кезекті ХVІІІ сессия) 2005 жылғы 18 сәуірдегі "Баянауыл аудандық елді мекендерін сәулеттендіру, санитарлық жағдаймен қамтамасыз ету және жасыл желекті қорғаудың Ережесін бекіту туралы" (2005 жылғы 19 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-5-01 болып тіркелді) N 130 шешімі;
      2) Аудандық мәслихаттың (ІІІ сайланған кезекті ХVІІІ сессия) 2005 жылғы 18 сәуірдегі "Баянауыл ауданы аймағындағы үй жануарларын ұстау Ережелерін бекіту туралы" (2005 жылғы 19 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-5-02 болып тіркелді) N 131 шешімі.
      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылық, азаматтардың өтініш – шағымдарын қабылдау және аграрлық мәселелер мен экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (О. Түсіпжанов) тапсырылсын.

      Сессия төрағасы                            О. Түсіпжанов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               А. Дәулетқалиев

Аудандық мәслихаттың      
(ІV сайланған кезектен тыс ХХV сессия)
2010 жылғы 9 маусымдағы     
N 166/25 шешімімен        
бекітілді           

Ауданда көріктендірудің және үй жануарларын
күтіп ұстау, бағу қағидалары туралы

      Баянауыл ауданында көріктендірудің және үй жануарларын күтіп ұстау, бағу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы", "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы", "Ветеринария туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2005 жылғы 28 ақпандағы "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю  ережесін бекіту туралы" N 46 және 2007 жылғы 09 ақпандағы "Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану ережесін   бекіту туралы" N 54 Бұйрықтарына сәйкес ауданда көріктендірудің, санитарлық тазалаудың, тазалықты сақтаудың, аумақтарды тазалау, үй жануарларын күтіп ұстау, бағуды ұйымдастыруын заңды және жеке тұлғалардың қатынасын реттеу үшін жасалынды.
      Қағидалардың мақсаты ауылдық елді мекендерінің аумақтарын жазғы және қысқы мерзімде күтіп ұстау тәртібін белгілеу, жинау жұмыстарын орындау тәртібін анықтау, көлік қозғалысының және жаяу жүрушінің қауіпсіз болуы үшін тиісті жағдай және тазалықты қамтамасыз ететін жұмыстарды орындау барысына талап қою болып табылады. Сонымен қатар, Баянауыл ауданының Баянауыл ауылы және ауылдық округтері мен Майқайың кентінде үй жануарларын күтіп ұстау, бағу мәселелерін ретке келтіру мақсатында әзірленген.
      Қағидалар Баянауыл ауданының аумағында орналасқан барлық ведомстволарға, кәсіпорындарға, ұйымдарға және азаматтарға, ғимараттардың, құрылыстардың иелері болып табылатын жалға алушыларға міндетті.

1. Жалпы ережелер

      1. Қағидаларда қолданылатын түсініктер:
      қалдықтар – өндіру және қолдану процесінде пайда болған шикі зат, материал, жартылай фабрикат қалдықтары және сонымен қатар өзінің тұтынушылық қасиетін жоғалтқан тауарлар (өнім);
      қатты тұрмыстық қалдықтар - тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды пайда болатын қалдықтар (тұрғын үйлерді ағымдық жөндеуден пайда болатын қалдықтар қоса алғанда), от жағу орындарында от жағатын құрылғылардан түсетін қалдықтар, түскен жапырақтар және үй шаруашылығының ірі құралдары;
      санитарлық тазалау – қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, қайта өндеу және көму;
      қалдықтарды шығару (кетіру) – қалдықтарды арнайы бөлінген жерлерге тасымалдау;
      аумақтарды көріктендіру – ауданның әкімшілік аумағында адамның жақсы өмір сүруіне қолайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін жасалған элементтер мен жұмыстар жиынтығы;
      инженерлік жүйе және құрылғылар, байланыс – инженерлік көріктендіру тұрғындар мен кәсіпорындарды жылумен, сумен, электрэнергиямен, байланыспен қамтамасыз етудің, сонымен қатар аудан аумағындағы беткі қабаттардағы судан тазартудың басты элементтері;
      көк шалғындар – сәулет – ландшафтық әсемдеу мен көріктендіру деңгейін көтеру, санитарлық–гигиеналық шарттарды қамтамасыз ету үшін жоспарлық элементтері (газондар, гүлзарлар, ағаштар, бұталар);
      жер жұмыстары – аумақтарды қазу, үймелерді төгу, қайта көму, шұңқырлар қазу істерімен байланысты жұмыстар;
      жер пайдаланушы – аудан аумағында жерді пайдалану құқығы бар немесе жеке меншік жер учаскесі бар жеке немесе заңды тұлға;
      бөлінген аумақ – жергілікті мемлекеттік органының шешіміне сәйкес жер пайдаланушының меншігіне объекті орнату (ғимарат, құрылыс, транспорт магистралі және т.б.) үшін берілген жер учаскесі;
      қалдықтарды залалсыздандыру – механикалық, физикалық, химиялық немесе биологиялық өндеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;
      қоқыс шығару – мамандандырылған ұйым көрсететін коммуналдық қызмет, қалдықтарды жинау, шығарып тастау, залалсыздандыру, қайта өндеу және көму;
      мамандандырылған ұйым – арнаулы көлігі бар және қоқыс шығару саласында кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар;
      қоқыс шығаруға арналған тариф - қызмет көрсетуге қажетті шыққан шығынды толығымен қайтаруды және кіріс алу мүмкіндігін ескеретін, мамандырылған ұйымының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өкілетті орган бекіткен қызмет бағасы;
      қоқыс төгетін орын – қоқыстарды көметін және жинауға арналған жалпы пайдалану үшін арнаулы орын;
      үй жай – тұрғын үй (үй, пәтер) және тұрғын үй емес (әкімшілік, сауда, өнеркәсіптік, мәдениет тұрмыстық және тағы басқа бағыттағы) ғимараттар;
      жануарлар – үй, жабайы, сүткоректілер, құстар;
      үй жануарлары – адам өсіретін, ауыл шаруашылық өндірісіне тікелей қатысы бар үй жануарлары мен құстарының барлық түрі (ірі қара мал, қойлар, ешкілер, жылқылар, шошқалар, тауықтар, үйректер, қаздар, күрке тауықтар, иттер мен үй қояндары), сондай–ақ олардың түр аралық гибридтері;
      жануарлардың иелері – жеке меншік немесе басқа да қарауында жануарлары бар жеке немесе заңды тұлға;
      жануарларды ұстау – жануарлардың иелерінің жануарлардың өмірін, дене және психикалық саулығын сақтауға, ветеринарлық–санитарлық нормаларды сақтай отырып, толыққанды ұрпақ алу үшін, сондай–ақ азаматтар мен жануарлар әлемі өкілдерінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бағытталған іс–әрекеттері;
      өкілетті орган – ветеринария саласындағы өкілетті орган "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы Комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
      2. Аудан аумағын тазарту және санитарлық тазалау жүйесі аудан аумағында жиналған көше қоқысын және басқа тұрмыстық қалдықтарды тиімді жинау, жылдам жою, нық зиянсыздандыру және экономикалық тиімді тұрмыстық қалдықтарды тиімді пайдалану (шаруашылық – тұрмыстық, соның ішінде тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардан, сауда кәсіпорындарынан, қоғамдық тамақтандыру және мәдени тұрмыстық бағыттағы) қарастырады және үй – жайларды және жалпы пайдаланылатын аумақтарды жазғы және қысқы мерзімде күтіп ұстауды қоса алады.
      3. Ауыл аумақтарының санитарлық жағдайын өз деңгейінде қамтамасыз ету үшін санитарлық тазалау мен жинау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру жүйелі – жоспарлы және өтініш тәртібінде мемлекеттік коммуналды шаруашылық және жеке сектордың арнаулы көлігімен жүзеге асырылуы тиіс.
      4. Жоспарлы - үнемі жүйені ұйымдастыру және қалдықтарды шығару тәртібін санитарлық–эпидемиологиялық қызметтің келісімі бойынша өкілетті органмен анықталады.
      5. Жалпы пайдалану орындарын жинау шарт негізінде арнаулы кәсіпорындарға жүктеледі. Бөлінген учаскелер аумағын жинауға субъектілерді бекіту нақты жерді пайдалану шекарасында немесе атқарушы органмен шарт жасау негізінде бекітіледі.
      6. Тұрғын үйлерге кіреберіс жолдарды, аула аумақтарын тазалау жеке үй иелеріне жүктеледі;
      көшелер, үй арасындағы жолдар, егілген ағаштар – мамандандырылған пайдалану ұйымдарына;
      аумақтар мен тротуарлар – осы араға орналасқан (шекаралас) ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге жүктеледі.
      7. Жаңар – жағар май құю стансалары (ЖМС) орналасқан 15 метр радиустағы аумақты тазалықты күтіп ұстау және тазалауды ЖМС қызметкерлері жүзеге асырады.
      8. Сауда нүктелері орналасқан 5 метр радиустағы аумақтарды жинау және тазалау жөніндегі жұмысты меншіктің барлық түріндегі сауда ұйымдарының басшылары қамтамасыз етеді.
      9. Кәсіпорындардың, құрылыс алаңдарының, қоймалардың, базардың, оларға кіре беріс аумақтарды тазалау осы ұйымдардың немесе мамандырылған ұйымдардың құралдарының күшімен жүзеге асырылады.
      10. Ауылдық аумақтардың басқа учаскелерін (стадиондар, базарлар, жәрменке өткізу орындары, ашық автомобиль тұрақтары, ауыл шаруашылық жерлері) тазалықты ұстау жер пайдаланушыларға жүктеледі.
      11. Құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеу объектілеріне жақын аумақтарды тазалықта ұстау, осы жұмыстарды орындайтын құрылыс – жөндеу ұйымдарына жүктеледі.
      12. Қатты және сұйық қалдықтарды залалсыздандыру, үю және көму арнаулы бөлінген учаскелерде өткізіледі.
      13. Қалдықтарды арнаулы бөлінбеген жерге апарып төгуге және ауыл шаруашылығы алаңдарына апарып көмуге тыйым салынады.
      14. Көріктендіру және аумақтарды тазалау жөніндегі жұмыс қысқы және жазғы болып бөлінеді, ол жүйелі, мерзімді түрде және апат кезінде жүргізіледі.
      15. Жүйелі түрге: сыпыру, жуу, су құю, қар күреу және мұздан тазарту жатады.
      16. Мерзімді түрге - топырақ жиынтығын, түскен жапырақтарды жинау, су құбырын тазалау, жол бойындағы шөптерді шабу жатады.
      17. Апат кезіндегі түрге (қар жауғанда, көк тайғақта, боран болғанда) – жолдарға құм – тұз, хлорид және басқа да реагенттер себу, қарды күреу және жинау, жол қиылыстарын қардан тазалау жатады.

2. Жалпы пайдаланылатын орындарды
күтіп ұстау және тазалау

      18. Парктерді, көпшілік демалатын және басқа да жалпы пайдаланылатын орындардың аумағы Қағидалардың 1-ші бөлімінде бекітілген талаптарға сәйкес ұсталады.
      19.Барлық алаңдар мен көшелерде , басқа жерлерде де жеткілікті түрде қоқыс салатын урналар қойылуы тиіс.
      20. Урналарды таза ұстау өзіне бекітілген аумақты тазалауды жүзеге асыратын ұйымдарға, кәсіпорындарға және мекемелерге жүктеледі.
      21. Сауда ғимараттарында, офистерде, үй жайларда иелері урнаны кіре беріске қояды.
      22. Урна таза ұсталуы тиіс, толысымен тазартылады, кем дегенде жылына екі рет сырланады.
      23. Тауар қорын дүңгершектер мен дүкендер жанында жинауға, сондай–ақ маңайдағы аумақты қойма ретінде пайдалануға тийым салынады.
      24. Заңды және жеке тұлғалар өздеріне бекітілген аумақтарында:
      1) егілген ағаштардың сақталуын қамтамасыз етуге, ол үшін толық агротехникалық шаралар кешенін өткізуге, атап айтқанда: суғару, отау, құрғақ, бұтақтарын кесу, ағаш діңін тазалау, түбіршіктерін алып тастау, тыңайтқыш салу, кесілген жерін дезинфекциялау, сондай–ақ, арам шөптерді жою үшін механикалық өндеу жүргізсін;
      2) жүйелі түрде ауыл шаруашылығының зиянкестерімен, арам шөптермен өз күшімен күрес жүргізсін;
      3) жапырақ түсетін мерзімде түскен жапырақтарды жинау, жиналған жапырақтарды арнаулы бөлінген учаскеге апаруға, жапырақтар мен қоқыстарды тұрғын үйлер аумағында және парктерде өртеуге тыйым салынады;
      4) жасыл қордың сақталуын қамтамасыз етеді.
      25. Жердің жоғарғы қабатын бұзу мен байланысты өндірістік және құрылыс ұйымдары меншік түріне қарамастан жердің жоғарғы құнарлы қабатын сақтап, пайдалануға, сондай–ақ жұмыс барысында бүлінген жер учаскелерін құрылыс аяқталасымен өз есебінен қалпына келтіру міндетті.

3. Көшелер мен құрылыстарды күтіп ұстау тәртібі

      26. Көшелер, жолдар және жол құрылымдары жалпы пайдалануға арналған мемлекеттік меншік болып табылады.
      27. Көлікпен тасымалданатын көшелерді ластайтын жүктер көшелерді ластамау үшін дұрыс жабылуы тиіс.
      28. Барлық көше пайдаланушылардың және көліктерді кедергісіз өтуге жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
      29. Тыйым салынады:
      1) көк шалғындарды, жол қозғалысын реттейтін құралдарды, белгілерді, жол құрылғыларын және жолдар мен көшелерді бұзу;
      2) көшелер, жолдар, құрылыстар және ғимараттарға кіре беріс жолдар мен өрт су көздерін қоршау.
      30. "Баянауыл ауданының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі берген жолдарды бұзуға байланысты жазбаша рұқсат (ордер) бар болған жағдайда жеке және заңды тұлғалар жер жұмыстарын жүргізе алады.

4. Үй жайларды күтіп ұстау және тазалау

      31. Үй жайларды тұрмыстық қалдықтардан тазарту жүйелі түрде жоспар бойынша өткізіледі.
      32. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қоқыс таситын көлікпен, сұйық қалдықтарды канализация жоқ үй құрылыстардан – ассенизатор вакуум көлігімен шығарылады.
      33. Меншік иесінің қолында мамандандырылған ұйыммен қоқыс және тұрмыстық қалдықтарын шығару қызметіне, шығару кестесіне шарты орындалатыны жұмысқа төлемақы болса қоқыстың өз уақытында шығарымауына шарт жасалған мамандандырылған ұйым жауапты.

5. Ғимараттардың алды мен аумақтарын көріктендіру

      34. Ғимараттың және оларға жанаса орналасқан аумақтарды сәулет келбетін сақтау үшін, оларға сауда орындарын орналастыру кезінде, осы объектілерді пайдаланушылар құрылыс және сәулет органдарымен келісілген және дайындалған жобаға байланысты ғимараттың және оларға жанаса орналасқан аумақтарды көріктендіру шараларын орындау қажет.
      35. Шаралар келесі жұмыстардың орындалуымен қоса жобада қарастырылған көлемде:
      1) ғимараттардың алдын үрлеу (сырлау, ақтау);
      2) орнатылған күнқағарлар ғимараттың жалпы келбетіне сәйкес болуы тиіс;
      3) аумақты көріктендіру жұмыстары бойынша тротуарлар жасау, көліктер тұрағы және кіре беріс жолдарын, көк шалғындар, газондар жасау;
      4) көріктендірудің элементтерін орнату – көп пәтерлі тұрғын үйлердің аумағында орындықтар, балалар ойнайтын алаң, қоршаулар, урналар орналастыру;
      5) ғимарат маңындағы аумақты жарықтандыруға жеткілікті жарық беру шамдарын орнату (түсті жарнамалар);
      6) бірыңғай сәулеттік стильге сай маңдайшаларды бекіту.
      36. Кәсіпорындар, мекемелер, үй құрылыстарының иелері:
      1) ғимараттың техникалық түзулігін, шаруашылық және тұрмыстық құрылыстардың, олардың сыртқы келбетін дұрыс ұстауын, жөндеу жұмыстарын уақытында жүргізеді;
      2) құрылыс және сәулет органдарымен келісілген жобалары бойынша көк шалғындарды отырғызады, жазғы кезеңде арам шөптерді жүйелі түрде жояды.

6. Инженерлік құрылыстарды және
коммуникацияларды тазалау және күтіп ұстау тәртібі

      37. Құрылыстар мен коммуникациялардың жобасын әзірлеу барысында жобалау ұйымдары:
      1) құрылыс учаскесіндегі ағаштар мен бұталардың сақталуын қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру тәртібін әзірлейді;
      2) құрылыс жұмысының сметасында қалпына келтірудің төлем ақысы, егер ағаштар қайта отырғызылатын жағдайда ағаштарды қайта егу жұмысының қосымша төлем ақысын қарастырады.
      38. Құрылыс жүргізілетін мерзімге құрылыс ұйымына негізгі магистраль бойымен салынып жатқан құрылыстан 600 метр ұзындықпен күн сайын тазалау үшін жол учаскесі бекітіледі.
      39. Бұзылған құрылыс орнындағы құрылыс алаңдары құрылысты бұзу басталғанға дейін периметр бойынша толық қоршалуы тиіс.
      40. Шектелген жерде көлік жүруі аз болуы тиіс.
      41. Аудан ауылдарының және Майқайың кентінің аумағындағы көшелердегі, ауыл ішіндегі жер және құрылыс жұмыстарын заңды және жеке тұлғалар осындай жұмыстарды атқару құқығын рұқсат беретін өкілетті органның келісімімен бекітілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.
      42. Сусымалы және көшелерді ластайтын басқа да жүктер көшелерді ластамау үшін ұқыпты жабылуы тиіс.

7. Елді мекендердің аумағындағы
құрылыстарды бұзу және сұрыптау

      43. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес заңдылықты қамтамасыз етілгеннен кейін тозығы жеткен құрылыстардан аумақтарды тазарту жұмыстары жүргізіледі.
      44. Осы жұмыстар қажетті машиналар мен механизмдердің және осы жұмысты атқара алатын жұмысшыларды тартумен атқарылады.
      45. Ғимараттардың үш метрден асатын жер асты шұңқырлары мен траншеялар қабаттап тығыздау көмілуі тиіс.
      46. Бұзу жұмыстары жүргізілгеннен кейін жер учаскесі рекультивацияға жатады.

8. Қағидалармен тыйым салынатын іс–әрекеттер

      47. Тыйым салынады:
      1) көшелерде, тротуарларға, үй жанындағы газондарға құрылыс материалдарын, ағаш, көмір, шөп, сабан, улы химикаттар, металл сынықтарын, минералдық тыңайтқыштар және басқа да материалдарды үю;
      2) жолдың көлік жүретін бөлігінде және тротуарларда қоршалмаған канализация, су құбырлары және басқа да құдықтарды ашық қалдыру;
      3) сусымалы және сұйық заттарды жабдықталмаған кузовтармен тасу;
      4) жол жөндеу жұмыстарын жүргізгенде құрылыстарды бұзу (жолдарды, бордюрлерді, құдық қақпақтарын, т.б.), сондай–ақ оларды топырақпен жабу;
      5) канализация мен су құбырларындағы апат салдарын жөндегенде тротуарларға, газондарға, көшенің көлік жүретін бөлігіне су жіберу;
      6) кәсіпорындар, ұйымдар аумағында, көшелерде, тұрғын үй кварталдарда, жеке учаскелерде қоқысты, жапырақтарды өртеу;
      7) ағаштарға электр желісін, сымдарды тарту, алтыбақан орнату үшін пайдалану.

9. Үй жануарларын күтіп ұстау, бағу

      48. Баянауыл ауылдық округінде үй жануарларын күтіп ұстау, бағу қағидаларының орындалуын қадағалау Баянауыл ауданының ауылдық округі және Майқайың кенті әкімдерінің аппараттарына, "Баянауыл аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы Комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) және Баянауыл аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) жүктеледі.
      49. Үй жануарлары арнайы жабдықталған жабық орындарда, құстарды қамауға лайықталған торлы қораларда, иттер қамаулы немесе байлаулы болуы және жеке тұрғын ұйлерден, стадионнан, қоғамдық тамақтандыру, сауда, азық–түлік өнеркәсібі кәсіпорындарынан, көпқабатты үйлерден, көпшілік демалатын жерлерден, балаларды сауықтыру лагерлерінен, санаторийлерден, табиғи және жасанды су айдындарынан, құдықтардан қолданыстағы нормаларға сәйкес қашықта ұсталынады.
      50. Баянауыл ауданының ауылдық округтері мен Майқайың кентінің әкімдері елді мекендерде жайылым аумағын белгілейді, үй жануарларын бағу жұмыстарын ұйымдастырады, сонымен қатар ауыл ішінде, тау арасында, орманда, қараусыз жүрген үй жануарларының уақытша қамалып тұратын жерін анықтайды.
      51. Тұрғын үйлерде бір отбасынан артық отбасы тұрған кезде, осы тұратын көрші отбасыларының келісімімен, белгіленген ветеринариялық – санитарлық нормаларды сақтаған жағдайда, үй жануарларын арнайы жабдықталған жабық орындарда, құстарды қамауға лайықталған торлы қораларда, иттерді қамаулы немесе байлаулы ұстауға рұқсат етіледі.
      52. Үй жануарларын сату, әкелу, әкету ветеринария саласындағы өкілетті орган беретін белгіленген үлгідегі ветеринарлық куәлік рәсімделгеннен кейін ветеринарлық паспорт негізінде рұқсат етіледі.
      53. Үй жануарларын су, әуе және басқа да көліктерінде тасымалдау осы көліктерде тасымалдау Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      54. Үй жануарларын ұстаудың міндетті шарттары:
      1) ветеринария саласындағы өкілетті органның талап етуі бойынша жыл сайын қайта тіркеуден өткізу, ерекше қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация жасату және паразитарлық ауруларға қарсы жоспарлы алдын – алу шараларын жасау, уақытында бірдейлендіру;
      2) екі ай мерзім ішінде жаңа туылған және сатып алынған үй жануарлары ветеринария саласындағы өкілетті органда қаралуға және тіркелуге тиіс;
      3) санитарлық–гигиеналық, ветеринариялық–санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау.
      55. Үй жануарлары иелеріне рұқсат етілмейді:
      1) Майқайың кенті мен ауылдық округтің тұрғын аймағында үй жануарларын бағуға және айдауға;
      2) көшелерде, алаңдарда, скверлерде, саяжайларда және басқа да ортақ қолданылатын жерлерде үй жануарларын қыдыртуға;
      3) үй жануарларын көлге, адамдар демалатын басқа да табиғи және жасанды су айдындарына түсіруге;
      4) қоршаған ортаны ластауға;
      5) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей үй жануарларды өткізу үшін союға және сойғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық–санитарлық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге;
      6) үй жануарларының мүрдесін лақтыруға немесе жерге көмуге;
      7) үй жануарларын Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ерекше қорғалатын аймағында бағуға, рұқсат етілмеген жерлерден иесінің қостауынсыз өтуге;
      8) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережені бұзуға.
      56. Үй жануарларының иелері қараусыз жіберген жағдайда, қараусыз жүрген үй жануарларының ұстауы және қайтарылуы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңға сәйкес қаралады.

10. Үй жануарлары иелерінің құқығы

      57. Кез – келген үй жануарлары иелерінің меншігі болып табылады және меншік түрі болғандықтан заңмен қорғалады.

11. Үй жануарлары иелерінің міндеттері

      58. Үй жануарларының иелері мыналарды істеуі міндетті:
      1) үй жануарларына жанашырлықпен қарау, биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес асырау, ауырған жағдайда уақытында ветеринариялық көмек көрсету;
      2) Ветеринария саласындағы өкілетті органның, талап етуі бойынша уақытында үй жануарларына диагноз қоюға, зерттеуге, емдеуге, қарауға, аурудың алдын алу үшін ветеринариялық мамандарға уақытында апару және жағдай жасау;
      3) барлық үй жануарларына паспорт алуды және бірдейлендіруді қамтамасыз ету;
      4) олардың тұратын орындарын тиісті санитарлық жағдайда ұстау, үнемі дезинфекция жасау. Жем – шөптің қалдығын және қоқыстарды уақытында коммуналдық кәсіпорын арқылы ауылдық қоқыс орнына апарып төгу;
      5) үй жануарларын қараусыз қалдырмау және бетімен жібермеу;
      6) адамдар мен үй жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау;
      7) үй жануарларын сатып алғанда, жоғалтқанда немесе өлгенде ол туралы уақытында ветеринария саласындағы өкілетті органға хабарлау;
      8) үй жануарлары адамға немесе басқа жануарға зақым келтірген жағдайда таяу маңдағы медициналық мекемелерге, ветеринариялық мамандарға хабарлау;
      9) үй жануарының мүрдесін алып кету және жою үшін уақытында ауылдық коммуналдық кәсіпорнына, ветеринариялық маманға хабарлау.

12. Ит пен мысықтарды күтіп ұстау

      59. Жануарлардың иелері:
      1) жануарларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауға, ауырған жағдайда ветеринарлық көмек етуге апарады;
      2) мемлекеттік ветеринарлық мекемелер қызметкерлердің талабы бойынша жануарларды уақытында қарау, диагностикалық тексеру және алдын ала емдеу шараларын өткізу үшін апарады;
      3) айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шара қабылдайды;
      4) ұстай алатын мүмкіндігі болмаған жағдайда оларды басқа қолға немесе ветеринарлық мекемеге тапсырады;
      5) ұстаған жануарларының өлігін тек арнаулы бөлінген жерге ғана көмуге шығарады.
      60. Елді мекендердің аймақтарында иесіз жүрген жануарлар қанғырған деп саналады, мамандырылған қызметтермен аулауға жатады.
      61. Тыйым салынады:
      1) иттерді тұмылдырықсыз, тізгінсіз серуенге және көпшілік жалпы пайдаланатын орындарға шығару;
      2) иттерді жалпы пайдаланылатын орындарды, балалардың спорт алаңдарын, газондарды, тротуарларды және т.б. ластау;
      Жануарлардың серуенде қалдырған нәжістерін, газондар мен тротуарларды қоса алғанда, олардың иелері жинайды.

13. Заңды және жеке тұлғалардың Қағидаларды
бұзған үшін жауапкершілігі туралы

      62. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес Қағидалардың бұзылғанына кінәлі жеке және заңды тұлғалар жауапкершілікке тартылады.
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіргеннен материалдық залал өтеу міндеттерінен, әкімшілік жауапкершілік шаралар қолданудан және жіберілген бұзушылықты жою міндетінен босатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады