(IV шақырылымның кезектен тыс XXV сессиясы) Аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы (IV шақырылымның кезекті XXI сессиясы) "Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар ауданның жеке санаттағы азаматтар тізімін бекіту туралы" N 186-4/21 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 шілдедегі N 215-4/24 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 11 тамызда N 12-6-93 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2012 жылғы 29 ақпандағы N 15-5/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2012.02.29 N 15-5/2 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Железинка аудандық мәслихатының (IV шақырылымның XXI сессиясы) 2010 жылғы 5 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар ауданның жеке санаттағы азаматтар тізімін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-6-85 болып тіркелген,  2010 жылғы 6 наурызда аудандық "Родные просторы" газетінің 10 нөмірінде жарияланған) N 186-4/21 шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      32) тармақшада "мемлекеттік арнайы әлеуметтік көмек алатын отбасылар" сөздері, "барлық санаттағы бірінші, екінші топтағы мүгедектер" сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:
      "33) Жетім балалар, ата-аналарының қамқорысыз қалған балалар, балаларға арналған жәрдем ақыларының басқа түрлерін алмайтын қамқоршылар".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан мәслихатының
      сессиясының төрағасы                       А. Кирилов

      Аудандық мәслихатының хатшысы              В. Крутиков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады