Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2010.07.19 N 244/6 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңының 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы N 123 қаулысымен бекітілген көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың бағалары арзандатылған облыстық бюджет және Астана қаласының бюджеті, 2010 жылғы республикалық бюджеттің мақсатты ағымдағы трансферттерін қолдану Ережелеріне сәйкес, 2010 жылғы 30 сәуірдегі Павлодар АШҒЗИ N 132-1-10 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылдың көктеміндегі егудің қолайлы мерзімдерін анықтау:
1) жаздық бидай мамырдың 20-нан маусымның 5-не дейін;
2) арпа мамырдың 25-нен маусымның 5-не дейін;
3) сұлы мамырдың 28-нен 30-на дейін;
4) карақұмық мамырдың 30-нан маусымның 5-не дейін;
5) тары мамырдың 28-нен маусымның 10-на дейін;
6) күнбағыс мамырдың 5-нен 20-на дейін;
7) күздік бидай тамыздың 20-нан 25-не дейін.
2. Ауылшаруашылық тауар өндірушілерге осы қаулының 1 тармағында белгіленген егу мерзімдерін ұстау ұсынылсын және қолайлы мерзімнің бұзылуымен себілген дәнді-дақылдардың аумақтары субсидиялануға жатпайтыны туралы хабарландырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі және аумақтық әділет органында тіркелгеннен кейін ресми жариялануға тиіс.
Аудан әкімі В. Левченко