Лебяжі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы "Лебяжі ауданының жекелеген санаттағы азаматтарына 2010 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 7/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 28 маусымдағы N 163/6 қаулысы. Павлодар облысы Лебяжі ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 тамызда N 12-9-116 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысысының 2014 жылғы 06 наурыздағы N 31/1-36/89 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысының 06.03.2014 N 31/1-36/89 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына, аудандық мәслихаттың (ІV сайланған, кезектен тыс XXI сессиясы) 2010 жылғы 17 маусымдағы Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 жылы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санатын бекіту туралы" N 5/16 шешіміне толықтырулар енгізу туралы N 4/21 шешіміне сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы "Лебяжі ауданының жекелеген санаттағы азаматтарына 2010 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 7/1 (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізілімінде N 12-9-104 болып тіркелген, 2010 жылғы 18 ақпанда "Аққу үні" газетінің N 14 санында жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      3-тармақтың 1)–тармақшасында:
      Астана қаласына баруға және экскурсияға бір реттік материалдық көмек 15000 теңге көлемінде;
      канализация жүйесінен су жиынын шығару нақты құнының көлемінде;
      3-тармақтың 2), 3), 4), 5), 6), 7), 14), 23), 24), 25), 32) – тармақшаларында көрсетілген санатқа "Астана қаласына баруға және экскурсияға бір реттік материалдық көмек 15000 теңге көлемінде";
      3-тармақтың 9)–тармақшасында хирург-дәрігеріне жеке ауласын дамытуға бір реттік материалдық көмек 200000 теңге көлемінде;
      1-тармақ келесі мазмұндағы 39), 40) тармақшаларымен толықтырылсын:
      39) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
      40) жетім балалар;
      2-тармақ келесі мазмұндағы 33), 34) тармақшаларымен толықтырылсын:
      33) 1-тармақтың 39) тармақшасында көрсетілген санатқа - Астана қаласына баруға және экскурсияға бір реттік материалдық көмек төлеуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, статусын растайтын құжаттың көшірмесі;
      34) 1-тармақтың 40)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік материалдық көмек төлеуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген (қамқоршы) өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік көшірмесі;
      3-тармақтың 3)-тармақшасында "10000" саны "25000" санымен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 7)-тармақшасы келесі мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:
      Жеңіс күніне арналған бір реттік материалдық көмек 10000 теңге көлемінде;
      3-тармақ келесі мазмұндағы 36), 37) тармақшаларымен толықтырылсын:
      36) 1-тармақтың 39) тармақшасында көрсетілген санатқа - бір реттік материалдық көмек 15000 теңге көлемінде;
      37) 1-тармақтың 40) тармақшасында көрсетілген санатқа - бір реттік материалдық көмек 70 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде.
      2. Бұл қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сағандықовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Әпсалықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады