Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі N 33/339-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 28 қазанда N 2039 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы № 25/288-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 21.06.2018 № 25/288-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
      Ескерту. Атауға өзгерістер енгізілді - Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 27.06.2017 № 13/152-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 495-бабының 9 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасқан тек қана осындай келісім шеңберіндегі объектілер бойынша субъектілерді қоспағанда, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 27.06.2017 № 13/152-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы М. Егізбаев
      Облыстық мәслихат хатшысы Ә. Досболов

  Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2010 жылғы
24 қыркүйектегі № 33/339-IV
шешіміне қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері

      Ескерту. Қосымшаның атауына өзгерістер енгізілді - Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 27.06.2017 № 13/152-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлем мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Реет

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері, (АЕК)

1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері, (АЕК)

1

2

3

4

1.

Күкірт тотықтары

20


2.

Азот тотықтары

20


3.

Шаң және күл

10


4.

Қорғасын және оның қосындылары

3986


5.

Күкіртсутегі

124


6.

Фенолдар

332


7.

Көмірсутектер

0,32


8.

Формальдегид

332


9.

Көміртегі тотықтары

0,32


10.

Метан

0,02


11.

Күйе

24


12.

Темір тотықтары

30


13.

Аммиак

24


14.

Алты валентті хром

798


15.

Мыс тотықтары

598


16.

Бенз(а)пирен


996,6


      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 27.06.2017 № 13/152-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

N

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме, (АЕК)

1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,66

2.

Дизель отыны үшін

0,9

3.

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,48


      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 25.06.2014 № 28/220-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2017 № 13/152-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері, (АЕК)

1

2

3

1.

Нитриттар

670

2.

Мырыш

1340

3.

Мыс

13402

4.

Оттегіне биологиялық сұраныс

4

5.

Тұзды аммоний

34

6.

Мұнай өнімдері

268

7.

Нитраттар

1

8.

Жалпы темір

134

9.

Сульфаттар (анион)

0,4

10.

Өлшенген заттар

1

11.

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

27

12.

Хлоридтер (анион)

0,1

13.

Алюминий

27


      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 27.06.2017 № 13/152-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабеккерель (Гбк) үшін

1

2

3

4

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:



1.1.

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы)

0,38


1.2.

Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар:



1.2.1.

"қызыл" тізім

14


1.2.2.

"жақұт" тізім

8


1.2.3.

"жасыл" тізім

2


1.2.4.

Сыныпталмағандар

0,9


1.3.

Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар:



1.3.1.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):



1.3.1.1.

аршынды жыныстар

0,004


1.3.1.2.

жанас таужыныстары

0,026


1.3.1.3.

байыту қалдықтары

0,02


1.3.1.4.

шлактар, шламдар

0,038


1.3.2.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар

0,038


1.3.3.

күл мен күлшлактар

0,66


1.3.4.

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,002


2.

Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):



2.1.

Трансуранды


0,76

2.2.

Альфа-радиоактивті


0,38

2.3.

Бета-радиоактивті


0,04

2.4.

Шынақты радиоактивті көздер


0,38


      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 25.06.2014 № 28/220-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2017 № 13/152-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Осы қосымшада белгіленген төлем мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне:

      1-тармақта - 0,3 коэффициенті;

      3-тармақ - 0,43 коэффициенті;

      4-тармақтың 1.3.3.-жолында - 0,05 коэффициенті;

      2) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін 4-тармақтың 1.1-жолында белгіленген төлемақы мөлшерлемесіне 0,2 коэффициенті қолданылады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 27.06.2017 № 13/152-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Осы қосымшаның 5-тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.

      Ескерту:

      АЕК-айлық есептік көрсеткіш, Республикалық бюджет туралы заңмен салықтық кезеңнің бірінші күніне белгіленген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады