Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 29.05.2020 № 49/514-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 576-бабының 8-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың | |
сессия төрағасы | З. Чалданов |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Қ. Балабиев |
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы № 25/288-VI шешіміне 1-қосымша |
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері
1. Стационарлық көздерден ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Күкірт тотықтары | 20 | |
2. | Азот тотықтары | 20 | |
3. | Шаң және күл | 10 | |
4. | Қорғасын және оның қосындылары | 3 986 | |
5. | Күкіртсутек | 124 | |
6. | Фенолдар | 332 | |
7. | Көмірсутектер | 0,32 | |
8. | Формальдегид | 332 | |
9. | Көміртегі тотықтары | 0,32 | |
10. | Метан | 0,02 | |
11. | Күйе | 24 | |
12. | Темір тотықтары | 30 | |
13. | Аммиак | 24 | |
14. | Алты валентті хром | 798 | |
15. | Мыс тотықтары | 598 | |
16. | Бенз(а)пирен | 996,6 |
2. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Этилденбеген бензин үшін | 0,66 |
2. | Дизель отыны үшін | 0,9 |
3. | Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін | 0,48 |
3. Ластаушы заттарды төккені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Нитриттар | 1 340 |
2. | Мырыш | 2 680 |
3. | Мыс | 26 804 |
4. | Оттегіне биологиялық қажеттілік | 8 |
5. | Тұзды аммоний | 68 |
6. | Мұнай өнімдері | 536 |
7. | Нитраттар | 2 |
8. | Жалпы темір | 268 |
9. | Сульфаттар (анион) | 0,8 |
10. | Өлшенген заттар | 2 |
11. | Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар | 54 |
12. | Хлоридтер (анион) | 0,2 |
13. | Алюминий | 54 |
4. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
1 тонна үшін | 1 гигабеккерель (Гбк) үшін | ||
1. | Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін: | ||
1.1. | Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы) | 0,38 | |
1.2. | Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар | ||
1.2.1. | "қызыл" тізім | 14 | |
1.2.2. | "жақұт" тізім | 8 | |
1.2.3. | "жасыл" тізім | 2 | |
1.2.4. | сыныпталмағандар | 0,9 | |
1.3. | Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар: | ||
1.3.1. | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | ||
1.3.1.1. | Аршынды жыныстар | 0,004 | |
1.3.1.2. | Жанастау жыныстары | 0,026 | |
1.3.1.3. | Байыту қалдықтары | 0,02 | |
1.3.1.4. | шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.3.2. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.3.3. | күл мен күлшлактар | 0,66 | |
1.3.4. | Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,002 | |
2. | Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк): | ||
2.1. | Трансуранды | 0,76 | |
2.2. | Альфа-радиоактивті | 0,38 | |
2.3. | Бета-радиоактивті | 0,04 | |
2.4. | Шынақты радиоактивті көздер | 0,38 |
5. Мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 7,54 АЕК құрайды.
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы № 25/288-VI шешіміне 2-қосымша |
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 33/339-IV "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2039 болып тіркелген, 2010 жылғы 6 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).
2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы № 28/220-V "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 33/339-IV "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2715 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 шілдеде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).
3. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 13/152-VI "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 33/339-IV "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4156 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 шілдеде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2017 жылғы 31 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).