Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 33/339-IV "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы № 28/220-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 шілдеде № 2715 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы № 25/288-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 21.06.2018 № 25/288-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 495-бабының 9-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5 тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 33/339-IV "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2039-нөмірмен тіркелген, 2010 жылғы 18 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия төлемақы ставкалары" қосымшасындағы:

      "2-тармағының 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

3.

Сұйытылған, сығымдалған газ, керосин үшін

0,48


      ;

      4-тармағының 1.3.6 - жолы мынадай редакцияда жазылсын:

1.3.6.

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,018


      ".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Л.Тәшімов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Ержан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады