Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 33/339-IV "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 13/152-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 18 шілдеде № 4156 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы № 25/288-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 21.06.2018 № 25/288-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 495-бабының 9-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 33/339-IV "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2039 болып тіркелген, 2010 жылғы 6 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасқан тек қана осындай келісім шеңберіндегі объектілер бойынша субъектілерді қоспағанда, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      шешімнің атауында, қосымшаның атауында, қосымшаның 1-тармағында және оның кестесінің 3- және 4-бағаналарында, қосымшаның 2-тармағында және оның кестесінің 3-бағанында, қосымшаның 3-тармағында және оның кестесінің 3-бағанында, қосымшаның 4-тармағында, қосымшаның 5-тармағында және осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында "ставкалары", "ставка", "ставкаларына", "ставкасына" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелері", "мөлшерлеме", "мөлшерлемелеріне", "мөлшерлемесіне" деген сөздерге ауыстырылсын;

      қосымшаның 2-тармағындағы кестесінің 3-жолы 2-бағанасында "сығымдалған" деген сөз "сығылған" деген сөзге ауыстырылсын;

      қосымшаның 3-тармағындағы кестесінің 1-жолы 2-бағанасында "нитраттар" деген сөз "нитриттар" деген сөзге ауыстырылсын;

      4-тармақтың кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Р/с

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабеккерель (Гбк) үшін

1

2

3

4

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:



1.1.

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы)

0,38


1.2.

Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар:



1.2.1.

"қызыл" тізім

14


1.2.2.

"жақұт" тізім

8


1.2.3.

"жасыл" тізім

2


1.2.4.

Сыныпталмағандар

0,9


1.3.

Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар:



1.3.1.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):



1.3.1.1.

аршынды жыныстар

0,004


1.3.1.2.

жанас таужыныстары

0,026


1.3.1.3.

байыту қалдықтары

0,02


1.3.1.4.

шлактар, шламдар

0,038


1.3.2.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар

0,038


1.3.3.

күл мен күлшлактар

0,66


1.3.4.

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,002


2.

Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):



2.1.

Трансуранды


0,76

2.2.

Альфа-радиоактивті


0,38

2.3.

Бета-радиоактивті


0,04

2.4.

Шынақты радиоактивті көздер


0,38

      "

      қосымшаның 5-тармағы 1) тармақшасының 4-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тармақтың 1.3.3.-жолында – 0,05 коэффициенті;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қ. Әбдіхалық
      Облыстық мәслихат
      хатшысы Қ. Балабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады