"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, ерекше табиғи кешендерді сақтау, қалпына келтіру және одан әрі дамыту мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Облыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режиміне теріс әсер ететін шаруашылық қызметтер мен тиісті аумақтарды белгілеу туралы" 2010 жылғы 25 ақпандағы № 31 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3039 тіркелген, 2010 жылғы 6 сәуірдегі "Орал өңірі" газетінің № 37 жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулы қосымшасының 7-тармағында:
1) "Жергілікті маңызы бар "Орда" шаруашылық қызметінің режимі реттелетін ландшафтты табиғат ескерткіші" сөздері "Жергілікті маңызы бар "Орда" шаруашылық қызметінің режимі реттелетін мемлекеттік ботаникалық табиғи қаумалы" сөздеріне ауыстырылсын;
2) "Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтауға қатер төндiретiн немесе оларды молықтыруды нашарлататын қызметтер, оның iшiнде: тас, қиыршық тас, құм және басқа да пайдалы қазбалар өндiру, үңгiрлердi бүлдiру, жер қазу жұмыстарын жүргiзу, табиғи гидрологиялық режимдi өзгертетiн әрекеттер, мемлекеттiк табиғи қаумалдың табиғи құрама бөлiктерiн бүлдiру немесе қиратуға байланысты iзденiстер мен ғылыми зерттеулер" сөздері "Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтауға қатер төндiретiн немесе оларды молықтыруды нашарлататын қызметтер, оның iшiнде: мал жаю, шөп шабу, ағаш кесудiң барлық түрлерi, гүлдер теру, өсiмдiктердiң тамырларын, түйнектерiн және жуашығын қазып алу, от жағу, көлiк құралдарының бар жолдардан тыс жерлермен келiп кiруi және жүруi, өсiмдiктер мен жануарлардың бөтен түрлерiн жерсiндiру, сол сияқты өсiмдiктердiң бүлiнуiн және жойылуын туғызған немесе туғызатын басқа да әрекеттер" сөздеріне ауыстырылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Ғ. Салықовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Ноғаев