Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 3 наурыздағы N 18-9 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 5 сәуірде N 7-3-91 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 18 сәуірдегі N 3-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаттың 2012.04.18 N 3-6 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы""Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігінің ұсынысын қарастыра отырып аудан мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауданның келесі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ай сайын әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) тармақша алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2011.07.12 N 28-4 Шешімімен.
      2) жергiлiктi маңызы бар дербес зейнеткерлерге 1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      3) Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың және мүгедектердің коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге 2 000 мың теңге;
      4) Ауғанстандағы әскери әрекеттерді қамтамасыз етудегі бұрынғы Совет Одағының орденімен марапатталған ардагерлерге, бірінші, екінші топ мүгедектеріне, қаза болған жауынгерлердің отбасыларына, қазіргі уақытта орденімен марапатталған ардагерлерге коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге 2 000 мың теңге;
      5) бейбітшілік кезінде әскери борышын атқаруда қаза болған (апатқа ұшыраған) әскери қызметкерлердің жанұясына төлеуге 1 000 теңге көлемінде;
      6) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында соңғы әскерге шақырылған адамдарға 2,9 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      7) Социалистік Еңбек Ерлеріне 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2010.10.29 N 23-5, 2011.07.12 N 28-4 Шешімдерімен.
      2. Азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін біржолғы әлеуметтік көмек Бөрлі ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияның шешімі негізінде төмендегі түрде берілсін:
      1) шұғыл әлеуметтік қолдауда төлем (емделу, отбасының бір мүшесінің өлімі, онкологиялық және туберкулездік ауруларды емдеу және басқа да қиын жағдайларда) комиссия белгілеген мөлшерде жылына екі рет;
      2) біржолғы әлеуметтік көмек отын сатып алу үшін аз қамтылған отбасыларға, орташа жан табысы күнкөріс деңгейінен төмен және жалғыз басты ең аз зейнетақы алатын зейнеткерлерге;
      3) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2010.05.19 N 20-2 Шешімімен.
      4) жылына бір рет туберкулезбен ауыратын азаматтарға, ауруды емдеу кезеңінде қолдау көрсету мақсатында, 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем;
      5) мерекелерде берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек келесі азаматтардың жекелеген санаттарына төленеді:
      Халықаралық әйелдер күні 8 наурызда "Алтын алқа" және "Күміс алқа" наградалармен марапатталған көп балалы аналарға, кәмелетке толмаған төрт немесе одан да көп балалары бар аналарға, үйден әлеуметтік қызметті қажет ететін жалғыз басты зейнеткерлерге;
      Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, Совет Армиясының мүгедектеріне, соғыс жауынгерлеріне, әскери жауынгерлерге;
      Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы кезінде фашистік лагерлерде тұтқында болғандарға, Совет Армиясының ерікті құрамында болғандарға, тыл еңбеккерлеріне, қайтыс болған Ұлы Отан соғысының жауынгерлер жесірлеріне;
      Чернобыль атомдық электростансасының апатын жоюға қатысушыларға, бейбітшілік кезде қайтқан жауынгерлер жесірлеріне;
      саяси репрессияға ұшырағандарды еске алу күніне ақталған азаматтарға, Ауғанстан соғысы жауынгерлерін Ауғанстан жерінен шығарылған күніне байланысты интернационалист жауынгерлерге;
      балаларды қорғау күніне 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      қарттар күніне зейнеткерлерге, мерейтой күнінде 80 толғандарға, 100-ге толғандарға;
      мүгедектер күніне мүгедектерге;
      Жаңа жыл мерекесіне орай, жетімдерге, қорғаушысы бар балаларға, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, аз қамтылған отбасылар мен көп балалы отбасыларға, жаңа жылдық сыйлықтар табыс етіледі;
      6) Әлеуметтік көмек мүгедек балаларға, еңбек және соғыс ардагерлеріне, жалпы аурумен ауыратын бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері мен аз қамтылған отбасы балаларына шипажайларда емделу мен спорттық мәдени шараларға жолдама беру түрінде көрсетіледі;
      7) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына тісті тегін протездеуге қаражат бөлінеді.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2010.05.19 N 20-2 Шешімімен.
      3. Әлеуметтік көмектің көлемі әр нақты оқиғада жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат көлеміне сәйкес, Бөрлі ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссиясымен анықталады.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  А. Есмагулов
      Бөрлі аудандық
      мәслихатының хатшысы             И. Измагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады