Бөрлі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 3 наурыздағы N 18-9 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 шілдедегі N 28-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 1 тамызда N 7-3-114 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 18 сәуірдегі N 3-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаттың 2012.04.18 N 3-6 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2010 жылғы 9 желтоқсандағы N 3/9-3409 хатын басшылыққа алып, аудан мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бөрлі аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2010 жылғы 3 наурыздағы N 18-9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-3-91 тіркелген, 2010 жылғы 9 сәуірдегі "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде N 29 жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ауданның келесі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ай сайын әлеуметтік көмек көрсетілсін:";
      1 тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                  М. Махауова
      Аудандық мәслихат хатшысы        И. Измагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады