Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Республикалық Бюджеттің Атқарылуын Бақылау Жөніндегі Есеп Комитетінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № 2-НП Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 қыркүйекте № 7190 тіркелді. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасың 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 3-НП нормативтік қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасың 16.04.2013 № 3-НП нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылсын деп танылсын:
      1) «Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5643 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2009 жыл, № 7 жарияланған);
      2) «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 30 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5984 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жыл, № 10 жарияланған);
      3) «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 4 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 37-Қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6702 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2011 жылғы, № 1 жарияланған).
      3. Есеп комитетінің аппарат басшысы Сыздықов Е.Қ. бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     О. Өксікбаев

Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің 2011 жылғы
18 тамыздағы № 2-НП
нормативтік қаулысымен
бекітілген

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережеге, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына (бұдан әрі - Стандарттар) сәйкес әзірленген.
      2. Ереже сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау, жүргізу, оның нәтижелерін ресімдеу, шешім шығару, сапаны бақылау, есепке алу, есептілік және шешімдердің орындалуын бақылау, мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандарын және сарапшыларды бақылау жүргізуге тарту тәртібін айқындайды.
      3. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау мемлекеттік басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланудың ашықтығын, тиімділігін, жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
      Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды (бұдан әрі - бақылау) мемлекеттік басқарудың республикалық және жергілікті деңгейлерінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиялары (бұдан әрі - Тексеру комиссиясы) жүзеге асырады (бұдан әрі - сыртқы бақылау органдары).
      3-1. Сыртқы бақылау органдары бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген құзыретіне сүйене отырып осы Ережені басшылыққа алады.
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      4. Бақылау республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын, мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын, бюджет процесіне қатысушылардың, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ басқа да бюджет қаражатын алушылардың, байланысты гранттарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, бюджеттік инвестицияларды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - бақылау объектілері) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының нормаларын сақтауын мониторингілеу, салыстыру, бағалау және талдау жүйесін қолдана отырып жүргізіледі.
      5. Бақылау жүргізуге тартылатын мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандары және сарапшылар осы Ережені басшылыққа алады.

2. Бақылау туралы жалпы мәліметтер

      6. Бақылау жүргізу кезінде:
      1) тәуелсіздік;
      2) объективтілік;
      3) анықтық;
      4) ашықтық;
      5) құзыреттілік;
      6) жариялылық принциптері басшылыққа алынады.
      6-1. Мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін олардың жұмыс жоспарларында көзделмеген тексерулерді жүргізуге тартуға жол берілмейді.
      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      7. Бақылау сыртқы бақылау органының жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарлары негізінде жүргізіледі.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакция - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      8. Сыртқы бақылау органдарының жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарлары сыртқы бақылау органдарының ішкі регламентіне сәйкес әзірленіп бекітіледі.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакция - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      9. Сыртқы бақылау органдарының бақылау жүргізуге жауапты лауазымды адамдарының бақылау объектісін таңдаудың орындылығын (тәуекелдерді басқару жүйесінің деректерін ескере отырып), бақылау объектісінің мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын және өзге де бағдарламалық құжаттарды іске асыруға қатысу дәрежесін, бақылау жүргізудің болжанып отырған кезеңінде республикалық немесе жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражат көлемін, мемлекет активтерінің бар-жоғын және өзге бақылау-қадағалау органдарының осы объектідегі соңғы бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді негіздейтін ұсыныстары бақылау объектісін жұмыс жоспарына енгізуге негіз болып табылады.
      10. Бақылау іс-шарасын жүргізуге тікелей басшылықты сыртқы бақылау органының басшысы тағайындайтын, оны жүргізуге жауапты лауазымды адам жүзеге асырады.

3. Бақылаудың үлгілері мен түрлері

      11. Бақылау мынадай үлгілерге бөлінеді:
      1) сәйкестікке бақылау жасау - бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау;
      2) қаржылық есептілікті бақылау - бақылау объектісінің қаржылық есептілікті жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақтылығын бағалау.
      Қаржылық есептілікті бақылаудың нәтижесі бойынша бақылау объектісінің қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жүргізген қаржылық операцияларының нәтижелері туралы жеткілікті және қажетті дәлелдемелері негізінде жасалған объективті пікір білдіріледі;
      3) тиімділікті бақылау - сәйкестікке бақылау жасау және қаржылық есептілікті бақылау негізінде жүргізілетін бағалау, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізілуін, мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануды бағалау, сондай-ақ мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе жеке алғанда экономиканың, әлеуметтік саланың, мемлекеттік басқарудың басқа да салаларының дамуына тигізетін әсерін кешенді және объективті талдау.
      Тиімділікті бақылау мынадай негізгі бағыттарды:
      1) бақылау объектісі қызметінің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге жұмсалған бюджет қаражатының пайдаланылу үнемділігін;
      2) бақылау объектісінің өндірістік және өзге қызметі процесінде еңбек, қаржы және басқа ресурстарды пайдаланудың, сондай-ақ ақпараттық жүйелер мен технологияларды пайдаланудың өнімділігін;
      3) бақылау объектісінің қойылған міндеттерді орындау, осыған бөлінген ресурстар көлемін ескере отырып, жоспарлы көрсеткіштермен салыстырғанда нақты нәтижелерге қол жеткізу бойынша қызметінің нәтижелілігін қамтуы тиіс.
      12. Сыртқы бақылау органдары өз өкілеттіктері шегінде мынадай бақылау түрлерін жүзеге асырады:
      1) кешенді бақылау - бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін барлық мәселелер бойынша бақылау және бағалау;
      2) тақырыптық бақылау - бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша бақылау және бағалау;
      3) үстеме бақылау - үшінші тұлғаларды бақылау, ол тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізіледі;
      4) бірлескен бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттік органдармен келісілген уақытта бірлесіп жүргізетін бақылау;
      5) параллель бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары келісілген мәселелер және өткізу уақыты бойынша кейіннен нәтижелерімен өзара алмаса отырып, дербес жүргізетін бақылау.
      13. Бақылау рәсімі жоспарлаудан, жүргізуден, оның қорытындысы бойынша қабылданған нәтижелерді ресімдеуден тұрады.

4. Бақылауды жоспарлау тәртібі

      14. Бақылауды жоспарлау оның бастапқы кезеңі болып саналады, онда бақылау объектісінің жұмыс істеуі мен қызметінің, бағдарламалардың іске асырылуының және сыртқы бақылау органының құзыретіне кіретін басқа да мәселелердің бақылауға жататын аспектілеріне зерделеу жүргізіледі (бақылаудың үлгісі мен түрін, бақылау объектісін таңдау, бақылаумен қамтылатын кезең, бюджет қаражатының, түсімдердің, байланысты гранттардың, мемлекет активтерінің, бюджеттік инвестициялардың көлемі, бақылау жүргізу мерзімі, бақылау объектілерінің саны, еңбекті көп қажет ететіні және тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып, толыққанды бақылауды жүзеге асыруға қажетті басқа да ресурстар).
      Бақылауды жоспарлау кезінде жұмыс стандарттары пайдаланылады, олар бақылаудың барлық үлгілеріне қолданылады.
      15. Бақылауды жоспарлау кезінде кешенділік, үздіксіздік, оңтайлылық, атаулылық принциптерін басшылыққа алған жөн:
      1) жоспарлаудың кешенділігі - бақылау объектісін алдын ала зерделеуден бастап, бақылау бағдарламасын жасағанға дейінгі жоспарлаудың барлық кезеңдерінің өзара байланыстылығы мен келісе жүргізілуі;
      2) жоспарлаудың үздіксіздігі - бақылауды жүзеге асыратын бақылау органдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандарына және сарапшыларға берілген тапсырмалардың бақылау кезеңдері мен мерзімдері бойынша өзара байланыстылығын белгілеу;
      3) жоспарлаудың оңтайлылығы - бақылаудың түпкі мақсатына қол жеткізу үшін ең аз шығын жұмсай отырып, бақылаудың үлгілерін, түрлерін, сондай-ақ бақылау бағдарламасының ең ұтымды нұсқасын таңдау;
      4) жоспарлаудың атаулылығы - бақылау объектілерінің өңірлік орналасуын қоса алғанда, оларды нақты таңдау.
      16. Бақылауды жоспарлаудың нысанасы:
      1) республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығы, республикалық бюджеттен түсетін түсімдер сомаларының қайтарылуы, салықтық және кедендік әкімшілік ету;
      2) мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары;
      3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;
      4) мемлекеттік органдардың, мекемелердің және өзге де ұйымдардың - бюджет қаражатын иеленушілер мен алушылардың нақты қызметі арқылы жүзеге асырылатын бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану процесі;
      4-1) акциялары (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерді басқаруы;
      4-2) бюджеттік инвестициялар;
      5) қойылған әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге пайдаланылатын мемлекеттің барлық ресурстары, қаржы және өзге де активтері болып табылады.
      Осы ресурстардың жиынтығы:
      республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын;
      мемлекеттік төтенше бюджеттің қаражатын;
      Ұлттық қордың қаражатын;
      Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің активтерін;
      мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін;
      бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін заңнаманың талаптарына сәйкес басқару мен қолданудың өзге де салаларын (трансферттер, гранттар, қарыздар, субвенциялар, бюджеттік кредиттер және басқалар);
      акциялары (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін;
      бюджеттік инвестицияларды;
      квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатының қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкестігін;
      мемлекеттік сатып алуды жүргізудің рәсімдерін қамтиды.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      17. Бақылау іс-шарасын жоспарлау нәтижеге қол жеткізу мақсатында өзара байланысқан үш кезеңнен - бақылау объектісін алдын-ала зерделеуден, бақылау жоспарын жасаудан, бақылау бағдарламасын бекітуден тұрады.
      18. Бақылау объектілерін алдын ала зерделеу бақылаудың мақсаты мен мәселелерін айқындауға, бақылау объектілерін нақтылауға және тиімділікті бақылауды жүргізген жағдайда тиімділікті, үнемділік пен нәтижелілікті бағалаудың тиісті өлшемдерін әзірлеуге қажетті ақпаратты жинау және талдау жолымен жүргізіледі.
      Бақылау объектісін алдын ала зерделеу бақылау іс-шаралары басталғанға дейін кемінде бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      19. Бақылау объектісін алдын ала зерделеу барысында жоспарланған бақылауды жүргізуге қажетті ақпарат көздері айқындалады, сондай-ақ бақылау объектісінде ішкі бақылау жүйесі болған жағдайда, оның қызметі зерделенеді.
      Бақылау объектісінің қызметі туралы ақпарат көздері:
      1) бақылау объектісінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер;
      2) бақылау объектісінің құрылтай құжаттары;
      3) мемлекеттік органдардың стратегиялық, операциялық жоспарлары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарлары;
      4) бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, кеңес хаттамалары;
      5) бақылау объектісінің өндірістік және ұйымдық құрылымын регламенттейтін құжаттар;
      6) бақылау объектісінің қаржылық, бухгалтерлік және статистикалық есептілігі;
      7) бақылау объектісінің қызметін жоспарлау құжаттары;
      8) бұрынғы тексерулердің материалдары, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша құжаттар;
      9) бақылауды жүргізуге жауапты лауазымды адамның сұрауларына жауаптар;
      10) бақылау объектісінің интернет ресурстары;
      11) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
      12) үшінші тұлғалардың сұрауларына жауаптар;
      13) мемлекеттік сатып алудың жүргізілуін мониторингілеу бойынша құжаттама;
      14) бақылау объектісі туралы мәліметтерді қамтитын өзге де көздер болып табылады.
      Мемлекеттік құпияларды және заңдармен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуге құқық беретін қажетті құжаттарды уақтылы дайындау мақсатында аталған мәліметтердің бақылау объектілерінде бар-жоғы анықталады.
      20. Бақылау объектісін алдын ала зерделеу барысында алынған деректерге сәйкес талдау жүргізіліп, тәуекелдер айқындалады, солардың негізінде бақылаудың үлгілері, түрлері, әлеуетті маңызды бағыттары, сондай-ақ ресурстардың көлемі, оның ішінде бақылау жүргізуге қажетті мамандарды, сарапшыларды және аудиторлық ұйымдарды тарту мәселесі анықталады.
      21. Бұл объектілерде бақылауды жүзеге асырудың орынсыз екенін (елеулі тәуекелдердің жоқ екенін және басқаларды) немесе бақылаудың үлгілері мен түрлері бойынша өзгерістер енгізудің қажеттігін көрсететін факторлар анықталған жағдайда, бақылауға жауапты лауазымды адам бақылаудың үлгісі мен түрін, сондай-ақ бақылау объектілерінің  тізбесін өзгерту немесе аталған бақылау іс-шарасын сыртқы бақылау органының жұмыс жоспарынан алып тастау туралы ұсыныс дайындайды және оны сыртқы бақылау органының бірінші басшысына (бұдан әрі - сыртқы бақылау органының басшысы) қарауға ұсынады. Өзгеріс енгізу туралы немесе сыртқы бақылау органының жұмыс жоспарынан бақылау іс-шарасын алып тастау туралы шешім оның регламентіне сәйкес қабылданады.
      22. Бақылау объектісін алдын ала зерделегеннен кейін жоспар жасалып, бақылау бағдарламасы әзірленеді.
      23. Бақылау жоспарын бақылау жүргізуге жауапты лауазымды адамның ұсынысы бойынша сыртқы бақылау органының басшысы бекітеді және оны сыртқы бақылау органының басшысы бақылау жүргізу процесінде өзгертуі немесе толықтыруы мүмкін.
      24. Бақылау жоспарында бақылау жүргізуге негіз, бақылаудың мақсаты, бақылау объектілері, бюджетке түскен түсімдердің немесе қаржыландырудың, мемлекет активтерінің, акциялары (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің, бюджеттік инвестициялардың, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатының қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкестігінің, мемлекеттік қарыздардың, кепілгерліктердің, байланысты гранттардың, мемлекеттік сатып алудың көлемі, бақылаумен қамтылатын кезең, бақылаудың ұзақтығы көрсетіле отырып негізгі ұйымдастырушылық мәселелер, сондай-ақ оны жүргізуге қажетті ресурстар қамтылады.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакция - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      25. Сыртқы бақылау органының басшысы тиісті бақылау іс-шарасының жоспарында мерзімін белгілейтін тиімділікті бақылауды қоспағанда, бақылау жүргізудің мерзімі алдағы жұмыстардың көлемін және қойылған міндеттерді ескере отырып, бақылау объектісінің басшысына бақылау жүргізуге арналған тапсырманы табыс еткен сәттен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін белгіленеді.
      26. Сыртқы бақылау органының басшысы бақылау жүргізуге жауапты лауазымды адамның жазбаша өтініші бойынша бақылау жүргізудің мерзімін күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге ұзарта алады.
      27. Бақылау тобының алдын ала сандық және дербес құрамы бақылауға жауапты лауазымды адамдармен келісе отырып, сыртқы бақылау органының тоқсандық жұмыс жоспарларына қосымшаларда айқындалады.
      28. Бақылау тобының құрамы сыртқы бақылау органының біреуін бақылау тобының жетекшісі айқындайтын кемінде екі қызметкерін, ал қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың мамандарын, аудиторлық ұйымдардың қызметкерлерін және сарапшыларды қамтуы тиіс.
      29. Бақылау бағдарламасы бақылау жоспарын дамыту үшін жасалады және оны іс жүзінде іске асыруға қажетті іс-шаралардың егжей-тегжейлі сипаттамасын білдіреді.
      Бақылау бағдарламасын бақылау тобы әзірлейді және оны бақылау жүргізуге жауапты лауазымды адам бекітеді.
      Бақылау бағдарламасы қисынды, түсінікті, сондай-ақ бақылауды жүргізудің мақсатына және оған арналған ресурстарға қарай оның ықтималды нәтижелерінің арақатынасы тұрғысынан тиімді болуы тиіс.
      Бақылау жүргізу барысында бақылау бағдарламасына сыртқы бақылау органының регламентіне сай толықтырулар немесе өзгерістер енгізілуі мүмкін.
      30. Бақылау бағдарламасында бақылау жүргізуге негіз, бақылау тобының дербес құрамы, оның жетекшісі, бақылау объектісінің атауы, бақылау жүргізудің мерзімі, бақылау мәселелері және оларды қараудың дәйектілігі көрсетіледі. Тиімділікті бақылау жүргізілетін жағдайда, бақылау бағдарламасына оны жүргізудің өлшемдері енгізіледі.
      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакция - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      31. Бақылау жүргізудің нәтижесі бойынша қол жеткіземіз деп жоспарланған бақылау бағдарламасының мақсаты айқын және нақты болуы тиіс. Бұл ретте тәуекелдердің жоғары дәрежесін анықтауға болатын және бақылау қорытындысы барынша нәтиже бере алатын салаларға баса екпін қойылуы тиіс.
      Бақылаудың мақсаты бақылау аяқталғаннан кейін тиісті қорытындылар мен тұжырымдар жасалып, ұсынымдар әзірленетіндей болып айқындалуы қажет.
      32. Бақылаудың мақсаты қойылған міндеттерге:
      бюджеттің атқарылуын, мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалауға;
      бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалауға;
      квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатын олардың пайдалануының қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкестігін бақылауға;
      акциялары (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару тиімділігін бағалауға;
      бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, бюджеттен түсетін түсімдер сомаларының қайтарылуын бағалауға;
      салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігін бағалауға;
      бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, бюджеттік инвестицияларды, концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылауға байланысты айқындалады.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакция - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      33. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламалар, бюджеттік инвестициялар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, байланысты гранттар, мемлекет кепілгерліктері мен активтері, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар, акциялары (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтері, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатының қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкестігі, бюджет қаражатын, мемлекет активтерін пайдалануға және мемлекеттік органның және/немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіне қатысты жекелеген мәселелер бақылаудың мәні болып табылады.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакция - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      34. Бақылау бағдарламасының негізгі бағыттары:
      1) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуі, мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің іске асырылуы;
      2) бақылау объектісінің есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығы;
      3) республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі;
      3-1) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатын олардың пайдалануының қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкестігі, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару тиімділігі, бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау;
      4) республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығы, сондай-ақ түсімдер сомаларының қайтарылуы, салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігі;
      5) республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде бақылау объектілерінің мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауы;
      6) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларға мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламаларда, аумақтарды дамыту бағдарламаларында көзделген мақсаттар мен іс-шараларға бөлінген бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануы болып табылады.
      Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      35. Сәйкестікке бақылау жасау кезінде бақылау бағдарламасында бюджетсалық және кеден заңнамасы нормаларының сақталуы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларының, қаржылық есептілікті ұйымдастырудың, жасаудың және ұсынудың белгіленген тәртібінің іске асырылуы сияқты мәселелер, сондай-ақ бақылау объектісінің қызметін реттейтін және регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің ережелері қамтылады.
      Бұл ретте заңнамалық нормаларды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді сақтамау бақылау объектісінің бюджет қаражатын, мемлекет активтерін пайдалануы нәтижесіне, қаржылық есептіліктің жай-күйіне елеулі әсер етуі мүмкін екендігін назарға алған жөн.
      Бақылау объектісінің қасақана, сондай-ақ байқамай жасаған, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына қайшы келетін әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтамау деп ұғынылады.
      36. Қаржылық есептілікті бақылаудың бағдарламасын жасау кезінде оған бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қаржылық есептілікті нормативтік құқықтық актілерге, бухгалтерлік стандарттарға сәйкес жасауының толықтығы мен анықтығы мәселелерін енгізген жөн, осы мәселелерді бұзу қаржылық есепте мәлімделген сомаларға немесе қаражатты пайдаланудың дұрыстығының нәтижелеріне тікелей және елеулі әсер етеді.
      37. Тиімділікті бақылау бағдарламасы бұрынғы екі бақылау үлгісіне - сәйкестікке бақылау жасауға және қаржылық есептілікті бақылауға негізделеді. Тиімділікті бақылау бағдарламасының мәселелері оның бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланудан алынған түпкі әлеуметтік-экономикалық нәтижені айқындауға арналған бағыт-бағдарын ескеруі тиіс.
      Тиімділікті бақылау бағдарламасында өлшемдер - қисынды және қол жеткізілетін көрсеткіштер (стандарттар) міндетті түрде айқындалады, солар бойынша бақылау объектісі қызметінің үнемділігі, тиімділігі және нәтижелілігі бағаланады. Сапалы нәтижелердің, сандық қорытындылардың, іске асырылып отырған мемлекеттік саясаттың нәтижелілігі мен тиімділігінің сандық тұрғыдан айқындауға болатын көрсеткіштері өлшемдер болып табылады.
      38. Бақылау бағдарламасында бақылауға жататын бағыттар бойынша ақпарат көздерінің, сондай-ақ бақылау барысында қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі келтіріледі.
      39. Бақылауға жауапты лауазымды адам бекітетін жұмыс жоспары бақылау бағдарламасына міндетті қосымша болып табылады, онда нақты бағдарламалық мәселелерге жауапты адамдар, мерзімі және нақты бақылау объектілері көрсетіледі.

5. Бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      40. Бақылау жоспары мен бағдарламасы негізінде сыртқы бақылау органының басшысы немесе бақылау жүргізуге жауапты лауазымды адам қол қойған тапсырманың (бұдан әрі - Тапсырма) болуы бақылау жүргізу үшін міндетті шарт болып табылады.
      41. Тапсырма бақылау жүргізуге құқық беретін, қатаң есептілік бланкісіне ресімделетін ресми құжат болып табылады.
      42. Тапсырмада:
      1) сыртқы бақылау органының атауы, бақылау жүргізуге жауапты лауазымды адамның аты-жөні мен лауазымы, оның қолы, сондай-ақ мөрі не оның міндетін атқарушы тұлғаның деректері;
      2) нөмірі мен берілген күні;
      3) бақылау жүргізуге құқықтық негіздер;
      4) бақылауды жүргізу тапсырылған адамның (адамдардың) аты-жөні мен лауазымы;
      5) бақылау объектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны, толық атауы, оның орналасқан жері және салық төлеушінің тіркеу нөмірі, басшысының аты-жөні;
      6) бақылаудың мақсаты және мәні;
      7) бақылаудың үлгісі мен түрі;
      8) бақылау объектісінде бақылау жүргізудің жоспарланып отырған мерзімі;
      9) бақылаумен қамтылатын кезең;
      10) бақылау жүргізуді тағайындаған лауазымды адамның қолы;
      11) бақылау бастапқы белгіленген мерзімінен асып кеткен жағдайда, күнін көрсете отырып, бақылау мерзімін ұзарту туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      43. Әрбір бақылау объектісіне жеке Тапсырма ресімделеді. Тапсырмалар сыртқы бақылау органында сақталатын, оларды есепке алатын жеке журналда тіркеледі.
      44. Үстеме бақылау жүргізу үшін әрбір объектіге осы Ереженің 42-тармағына сәйкес ресімделген жеке Тапсырма дайындалады. Үстеме бақылау жүргізу үшін берілген Тапсырмаға негізгі бақылау объектісінде бақылау жүргізуге арналған Тапсырма нөмірі және бөлшек арқылы оның реттік нөмірі беріледі.
      45. Бақылауды жүргізердің алдында бақылау объектісінің басшысына:
      1) Тапсырма;
      2) бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдардың қызметтік куәліктері;
      3) қажет болған жағдайда, құзыретті органның режимді объектіде болуға арналған рұқсаты көрсетіледі.
      46. Бақылауды Тапсырмада көрсетілген адамдар ғана жүзеге асырады.
      47. Бақылау объектісінің лауазымды адамына (адамдарына) Тапсырма көрсетілген сәттен бастап, бақылау жүргізу басталды деп есептеледі.
      48. Тапсырмамен танысудан бас тарту, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы, сондай-ақ объектіге кіргізуден немесе ақпарат беруден бас тарту туралы актіні толтыру бақылау жүргізуді болдырмауға негіз бола алмайды.
      49. Бақылау жүргізу бақылау объектісінің қызметіне кедергі келтірмеуі тиіс.
      50. Бақылау жүргізу бақылау объектісінің жұмыс режимі мен күн тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
      51. Басқа мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау объектісінде белгілі бір мән бойынша, әрі белгілі бір кезеңде бақылау іс-шараларын жүргізгені және/немесе құқық қорғау органдарының құқық белгілеуші және өзге де бастапқы құжаттарды алып қойғаны анықталған жағдайда, бақылау тобының жетекшісі бақылау жүргізуге жауапты лауазымды адамға бақылау іс-шараларын одан әрі жүргізудің орындылығы туралы және бақылау бағдарламасын өзгерту туралы өтінішхат дайындайды.
      Бакылау жүргізуге жауапты лауазымды адам бақылауды жүзеге асыруда туындаған кедергілерді жойылмайтын деп таныған жағдайда, бақылаудың мерзімін ауыстыру не бақылау іс-шарасын жүргізуді орынсыз деп тану туралы шешім қабылдауы үшін сыртқы бақылау органы басшысының атына тиісті ақпарат дайындайды.
      52. Бақылау барысында бақылау бағдарламасында қамтылмаған, бірақ бақылау мәнін толық зерделеуге қажетті мәселелер туындаған жағдайда, бақылау объектісі бақылауды жүзеге асыратын адамның сұратуы негізінде аталған материалдарды ұсынады.
      53. Сыртқы бақылау органының қызметкерлері іс жүзінде тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және белгілі бір жұмыс түрлерін (көлемін) орындау мәнінің анықтығын растау және/немесе осыған байланысты дәлелдер жинау үшін бақылау объектісінің басшысы уәкілеттік берген адаммен бірге бақылау өлшемін (тексеру және басқа да қажетті іс-қимылдар) (бұдан әрі - бақылау өлшемі) жүргізеді. Бақылау объектісінің басшылығына бақылау өлшемінің жүргізілетіні туралы жазбаша түрде хабардар етіледі және оған тапсырыс берушінің өкілдерінің, қажет болған жағдайда өнім берушінің (мердігердің) және басқа да қатысы бар адамдардың толыққанды бақылау өлшемін жүргізуге қажетті бақылау-өлшеу аспаптарымен бірге қатысуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс беріледі.
      Соның қорытындысы бойынша бақылау өлшемі актісі екі данада ресімделіп, бақылау өлшемінің жүргізілген күні, орны, мақсаты, нәтижелері және оны жүргізуге қатысқан адамдар көрсетіледі, оған олар қол қояды. Қол қойылған актінің бір данасы бақылау органының қызметкеріне қалдырылады, ал екінші данасы бақылау объектісіне табыс етіледі.
      Бақылау объектісінің (тапсырыс берушінің) өкілдері актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, олардың қол қоюдан бас тартқаны жөнінде белгі қойылады. Жүргізілген бақылау өлшемінің нәтижелерін растайтын тиісті негіздер (дәлелдер) болған жағдайда, бақылау объектісі (тапсырыс беруші) тарапынан актіге қол қоюдан бас тарту өлшем нәтижелерін сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау актісіне енгізуден бас тартуға негіз бола алмайды.
      Бақылау объектісінің лауазымды адамы бақылау өлшемінің жүргізілуінен бас тартқан жағдайда, сыртқы бақылау органының қызметкері бақылауға жауапты лауазымды адамды аталған факті жөнінде хабардар етеді.
      54. Егер бақылау іс-шарасы барысында бақылау объектісінің үшінші адамдарымен жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерінің, есеп айырысулары мен қаржы операцияларының анықтығын, іс жүзінде тауарлардың жеткізілгенін, жұмыстардың орындалғанын және қызметтердің көрсетілгенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау мүмкін болмағанда, үстеме бақылау жүргізіледі.
      55. Сыртқы бақылау органының басшысы негіздерін көрсетіп, әрі осы Ереженің қағидаларын сақтай отырып, осы сыртқы бақылау органының қызметкерлері жүргізген бақылау нәтижелерін бақылауды, қайта тексеруді тағайындай алады.
      Қайта тексеруді осы бақылау объектісінде бақылау жүргізуге бұрын қатыспаған қызметкерлер жүргізуі тиіс.
      56. Режимдік мекемелерде бақылау жүргізуге байланысты құпия материалдарды зерделеу және талдау Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      57. Бірлескен немесе параллель бақылау іс-шаралары мынадай ұйымдық нысандарда:
      1) бюджеттің түрлі деңгейіндегі бақылау органдарының, сондай-ақ бақылау - қадағалау функциялары берілген басқа да мемлекеттік органдардың әрқайсысы жеке немесе олардың өкілдерінен бірлескен жұмыс тобын қалыптастырып, кейіннен бақылаудың нәтижесі бойынша жеке немесе бірлескен қорытынды құжат дайындай отырып, бақылау нәтижелерімен алмасу арқылы;
      2) басқа елдердің жоғары қаржы бақылау органдарымен бірлескен немесе параллель бақылау жүргізу кезінде әрбір тарап жеке топ қалыптастырып, кейіннен бақылаудың нәтижесі бойынша жеке қорытынды құжат дайындай отырып, бақылау нәтижелерімен алмасу арқылы жүргізіледі.
      58. Бірлескен немесе параллель бақылауды ел ішінде жүргізу мемлекеттік органдардың функционалдық міндеттері мен олар үшін көзделген тәртіпті ескере отырып, бірлескен немесе параллель бақылаудың жеке немесе жалпы бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
      59. Бірлескен немесе параллель бақылау бағдарламасының жобасын дайындауды сыртқы бақылау органы немесе екінші тараптың келісімі бойынша бірлескен бақылау жүргізуге бастама көтерген бақылау-қадағалау органы жүзеге асырады.
      60. Қызметкерлерді іссапарға жіберуді, сондай-ақ іссапар шығыстарын төлеуді әрбір орган дербес жүргізеді.
      61. Шетелдердің мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен бірлескен немесе параллель бақылау республикалық, жергілікті бюджеттер қаражатының, бюджеттік инвестициялардың және қатысушы елдердің аумақтарында орналасқан жекелеген объектілерді бірлескен үлестік қаржыландыруға бағытталған бюджеттер қаражатының пайдаланылуын бақылау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттары мен келісімдерінде көзделген басқа да жағдайларда жүргізіледі.
      62. Бірлескен немесе параллель бақылауды жүргізу үшін сыртқы бақылау органы жоғары қаржы бақылау органдарының бір немесе бірнеше органымен ақпарат алмасып, онда:
      1) бірлескен немесе параллель бақылаудың тақырыбы;
      2) бақылаудың мақсаты, міндеттері мен мәселелері;
      3) бақылау объектілері;
      4) бақылау жүргізудің мерзімі;
      5) бақылауды жүргізуге жауаптылар;
      6) ұлттық заңнамада, шетелдердің қаржылық бақылау органдарымен ынтымақтастық туралы келісімдер мен шарттарда айқындалған әрбір Тараптың функциялары мен бақылау өкілеттіктеріне сүйене отырып, олардың қатысу шарттары мен мәселелері;
      7) Тараптардың бақылауды жүргізуге байланысты жұмыстарды қаржыландыру бөлігіндегі міндеттемелері;
      8) ақпарат алмасу және бақылау нәтижелерін ресімдеу тәртібі, оның ішінде қорытынды құжаттың нысаны;
      9) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша шешімдер дайындау және қабылдау тәртібі;
      10) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша қабылданған шешімдердің атқарылуын бақылау тәртібі айқындалады.

6. Әкімшілік жауапкершілік туралы хаттаманы толтыру тәртібі

      63. Бақылау объектісінің басшысы немесе басқа лауазымды адамы бақылау жүргізуге құқық беретін Тапсырманы көрсеткен сыртқы бақылау органының қызметкерін бақылау объектісіне кіргізуден, бақылау жүргізуге қажетті ақпаратты беруден бас тартқанда, сондай-ақ бақылау актісін қайтармағанда және (немесе) оған қол қоймағанда сыртқы бақылау органының қызметкері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 146-бабында белгіленген бақылау объектісі басшысының міндеттерін (бақылау объектісі басшысының сыртқы бақылау органының қызметкерлерін жұмыс орындарымен, бақылауды жүзеге асыруға қажетті барлық сұратқан құжаттамамен, ақпаратпен қамтамасыз ету, бақылау актісіне қол қою, оны қайтару жөніндегі міндеттер) атқаруы туралы талапты (бұдан әрі - талап) күнін, уақытын, орнын, құқыққа қайшы әрекетке жол берген лауазымды адамның деректерін, өзге де қажетті ақпаратты көрсете отырып, екі данада толтырады.
      Талаптың бір данасы бақылау объектісінің басшысына қолхатпен беріледі, ол қолхатпен оны алмаған жағдайда, талап бақылау объектісінің кеңсесі арқылы жіберіледі.
      64. Егер бақылау объектісінің басшысы талапта көрсетілген мерзім аяқталған соң да Бюджет кодексінің 146-бабында көзделген міндеттерін орындамаса, сыртқы бақылау органының қызметкері дереу, ал егер әкімшілік құқық бұзушылықтың жағдаяттарын және жеке тұлғаның жекебасын қосымша анықтау қажет болғанда үш тәулік ішінде «Әкімшілікқұқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБКо) 356-бабы негізінде (ӘҚБКо-нің 635-бабына сәйкес) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады.
      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру кезінде өзіне қатысты іс қозғалған лауазымды адамға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің басқа да қатысушыларына ӘҚБКо-нің 34-тарауында көзделген олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, бұл туралы хаттамаға белгі қойылады (хаттамада ӘҚБКо-нің 635-бабының екінші бөлігінде көрсетілген деректер мен мәліметтер көрсетіледі).
      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны толтырған адам және әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған адам қол қояды. Куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайда, хаттамаға осы адамдар да қол қояды.
      Өзіне қатысты іс қозғалған лауазымды адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкіндік беріледі. Көрсетілген адам хаттаманың мазмұны бойынша түсініктемелер мен ескертпелер беруге, сондай-ақ осы хаттамаға қоса тіркелетін хаттамаға қол қоюдан бас тартуының себептерін баяндауға құқылы. Аталған адамдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, онда тиісті жазба жасалады.
      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесі өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамға қолхатпен табыс етіледі.
      65. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін қолхатпен алудан бас тартылған жағдайда, оны толтырған адам хаттамада тиісті жазба жасайды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамды хабардар ете отырып, тапсырысты хатпен пошта арқылы тұратын мекенжайына немесе жұмыс орнына жолдайды.
      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың түпнұсқасы мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің басқа да материалдары толтырылған сәтінен бастап үш тәуліктің ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орналасқан сотқа жолданады.
      66. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және істің басқа да материалдары қайтарылған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен басқа материалдардың кемшіліктері әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараушы судьядан оларды алған күннен бастап, үш тәуліктен аспайтын мерзімде түзетіледі. Түзетілген хаттама және істің басқа да материалдары олардағы өзгерістерімен бірге кемшіліктердің түзетілген күнінен бастап, бір тәуліктің ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараушы судьяға қайтадан жолданады.

7. Бақылауды жүзеге асыратын адамдардың қызметі

      67. Бақылауды жүзеге асыратын адамдар:
      1) осы Ереженің 45-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен жағдайда, бақылау объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіре алады;
      2) бақылаудың міндеттері мен мәніне сәйкес, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау актісін (бұдан әрі - бақылау актісі) дайындау үшін өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, ақпаратты, оның ішінде электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге рұқсатты, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты сұратады және өздері белгілеген мерзімде алады;
      3) басқа бақылау-қадағалау органдары жүргізген бақылаудың нәтижелері бойынша қабылданған актілерді сұратады.
      68. Бақылауды жүзеге асыратын адамдар:
      1) жиынтығында бақылаудың мәні туралы жеткілікті түсінік беретін білімге ие болуға және қолданыстағы талаптарға сәйкес бақылау жүргізуге қажетті кәсіби білікті болуға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау объектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ сыртқы бақылау органының құқықтарын сақтауға;
      3) бақылауды жүргізу кезінде бақылау объектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамауға;
      4) бақылау объектісінің басшыларымен және қызметкерлерімен арадағы қатынастарын өзара сыйластық тұрғысынан құруға;
      5) бақылау объектісінің лауазымды адамдарына бақылау мәніне жатпайтын қандай да бір болмасын талаптар қоймауға және өтініштермен жүгінбеуге;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуын болдырмау, анықтау және жолын кесу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өкілеттіктерін уақтылы және толық көлемде орындауға;
      7) бекітілген бақылау бағдарламасы аясында және Стандарттар мен осы Ережеде белгіленген шарттарға қатаң сәйкестікте бақылауды жүргізуге;
      8) бақылау объектісінің басшысына (лауазымды адамдарына) бақылау жүргізу кезінде болуға, бақылау мәніне жататын мәселелер бойынша түсініктер беруге кедергі жасамауға;
      9) бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге, оның ішінде мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтерді жария етпеуге;
      10) бақылауға, оның барысында қолданылатын өлшемдерге, жиналған нақты деректерге, бақылаудың нәтижесі бойынша жасалған байқаулар мен тұжырымдардың маңыздылығына қатысты шешімдерді қабылдау кезінде әділ болуға;
      11) бақылау нәтижелерін тек бақылау барысында бақылау саласындағы басқа стандарттарға, ұсынымдар мен нұсқаулықтарға сәйкес алынған және жиналған ақпарат пен нақты деректерге ғана негіздеуге;
      12) бақылау объектісінде бақылау жүргізудің Тапсырмада көрсетілген мерзімінің соңғы күнін қоса алғанда үш күн бұрын, бақылау объектісінің басшысына (лауазымды адамдарына) танысып, қол қоюы үшін бақылау объектісімен алдын ала талқыланған бақылау актісін екі данада табыс етуге тиіс.
      Ескерту. 68-тармаққа өзгеріс енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      69. Бақылау объектісінің лауазымды адамдарының іс-әрекетінде қылмыс немесе құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, сыртқы бақылау органының бақылауды жүзеге асыратын қызметкері құқық бұзушылыққа жол берген адамнан жазбаша түсініктеме талап етуге және кейіннен құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайтын уәкілетті органдарға беру үшін анықталған құқық бұзушылықтың белгілерін растайтын, лауазымды адамдардың қолымен немесе ұйымның мөрімен расталған құжаттардың түпнұсқаларының көшірмелерін жасауға құқылы.
      70. Бақылау объектісі басшысының құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 146-бабында белгіленген.

8. Бақылаудың нәтижелерін ресімдеу және шешімдерді қабылдау тәртібі

      71. Бақылау жүргізілген әрбір объекті бойынша бақылаудың нәтижелері бақылау актісімен ресімделеді.
      72. Бақылау актісінің құрылымы бақылау бағдарламаларында көрсетілген барлық мәселелердің толық көрсетілуін, онда баяндалған мәліметтердің анықтығын, объективтілігін қамтамасыз етуі тиіс.
      73. Бақылау актісінде:
      1) актінің толтырылған күні, орны және данасының нөмірі;
      2) бақылаудың үлгісі мен түрі;
      3) Тапсырманың күні мен нөмірі, сондай-ақ Тапсырмаға қол қойған лауазымды адамның аты-жөні, лауазымы;
      4) сыртқы бақылау органы қызметкерлерінің, бақылауды жүргізуге тартылған мемлекеттік органдар мен аудиторлық ұйымдар мамандарының және сарапшылардың аты-жөні, лауазымы;
      5) бақылау объектісінің толық атауы, мемлекеттік тіркеу туралы деректер, бақылау объектісі туралы қысқаша мәліметтер, банк және салық деректемелері;
      6) бақылаудың мақсаты, мәні, бақылаумен қамтылған кезең;
      7) бақылау жүргізу мерзімі;
      8) бақылауды жүзеге асыратын кезде хабардар етілген бақылау объектісінің лауазымды адамдарының аты-жөні, сондай-ақ олардың жұмыс істеген кезеңі;
      9) бұрынғы бақылаудың нәтижелері (тек бақылауға жататын мәселелер бойынша), бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша бақылау объектісінің қолданған шаралары туралы мәліметтер;
      10) жүргізіліп отырған бақылаудың нәтижелері туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.
      Бақылау бағыттарының ерекшеліктерін ескере отырып, бақылаудың үлгісіне, түріне және объектісіне қарай мемлекеттік органдардың мақсаттарына, стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкі нәтижелеріне қол жеткізуі, мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің іске асырылуы, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекет кепілгерліктері мен активтерінің пайдаланылуы, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатын олардың пайдалануының қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкестігі, бюджеттік инвестициялардың тиімділігі, акциялары (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқаруы көрсетіледі, сондай-ақ бұзушылық фактілері баяндалады;
      11) бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ақпарат, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру фактілері;
      12) бақылауды жүргізген сыртқы бақылау органы қызметкерлерінің және бақылау объектісінің лауазымды адамдарының қолы;
      13) бақылау актісінің соңғы бетінің төменгі жағында бақылау актісі бланкілерінің нөмірлерін және адресаттарды көрсете отырып, бақылау актісінің толтырылған даналарының саны туралы жазба жасалады.
      Ескерту. 73-тармаққа өзгеріс енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      74. Анықталған бұзушылықтар актідегі жазбалардың анықтығын растайтын құжаттар түпнұсқаларының деректемелеріне, сондай-ақ ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтарына және тармақшаларына қажетті сілтемелер жасала отырып, объективті және дәл сипатталуы қажет.
      Бұзушылықтың әрбір фактісі бұзушылықтың сипаты мен түрін, оның ішінде Бұзушылықтар сыныптамасында көзделгендерін сипаттай отырып нөмірленеді және жеке тармақта тіркеледі.
      75. Бақылау актісіне бұзушылық фактілерін көрсететін әрі актінің ажырамас бөлігі болып табылатын анықталған бұзушылықтардың тізілімі, құжаттардың түпнұсқалары немесе тиісті түрде расталған көшірмелері, анықтамалар, кестелер, диаграммалар, фотосуреттер, сондай-ақ оған қатысы бар адамдардың функционалдық және лауазымдық міндеттерінен туындайтын жазбаша түсініктемелері міндетті түрде қоса беріледі. Сондай-ақ бақылау актісіне, егер бар болса, жүргізілген зерттеулер (сынақтар, өлшем жасау және т.б.) мен сараптамалардың актілері (хаттамалары, қорытындылары) және бақылау нәтижелеріне байланысты басқа құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі. Бақылау актісіне қоса берілетін құжаттардың көшірмелері уәкілетті лауазымды адамдардың қойған қолымен және/немесе бақылау объектісінің мөрімен расталады. Бақылау актісіндегі қосымшаларға міндетті түрде сілтеме жасалады.
      76. Бақылау актісіне тиісті құжаттармен расталмаған әртүрлі фактілерді, тұжырымдарды енгізуге жол берілмейді.
      Актіде баяндалып, актіде соларға сілтеме жасалған бұзушылықтарды растайтын құжаттардың болмауы Стандарттарды бұзу болып табылады. Мұндай фактілерді бақылау актілерінің және (немесе) аудиторлық есептердің негізінде жасалатын Есеп комитетінің және тексеру комиссияларының құжаты - қорытындыға (бұдан әрі - Қорытынды) негіз етіп алуға болмайды.
      Бақылау объектісінің тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілген қызметтерге ақы төлеуінің негізділігің растайтын қандай да бір құжаттар бақылау объектісінде болмаған жағдайда, сыртқы бақылау органының қызметкерлері бақылау объектісінің лауазымды адамдарынан тиісті жазбаша түсініктемелер алады.
      77. Бакылау объектісінде бұзушылықтар болмаған жағдайда, бақылау актісінде бақылаудың нәтижелері сыртқы бақылау кезінде анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтардың жоқ екені көрсетіле отырып, жоспарға, бақылау бағдарламасына, Стандарттарға қатаң сәйкестікте көрсетіледі.
      78. Бақылау актісі екі данада жасалып, оған бақылауды жүзеге асырған сыртқы бақылау органының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандары және сарапшылар қол қояды және бақылау объектісінің кіріс хат-хабарларын есепке алу жүйесінде міндетті түрде тіркеле отырып, не почта арқылы бақылау объектісінің басшысына танысып, қол қоюы үшін табыс етіледі.
      79. Тараптардың өкілдерінен бақылау тобын құру арқылы бірлескен немесе параллель бақылауды жүргізу кезінде әрбір бақылау объектісінде кейіннен бақылау нәтижелерімен алмаса отырып, әрбір тарап үшін бірлескен акт немесе жеке акт толтырылады.
      80. Бір бақылау іс-шарасы аясында бірнеше бақылау объектісінде жүргізілген бақылаудың нәтижелерін қорыту кезінде бақылау объектісінің жауапты лауазымды адамдарын таныстыру үшін жиынтық ақпарат (анықтама) жасалып, оған бақылау тобының жетекшісі кол қояды.
      81. Бақылау объектісінің басшылығы жүргізілген бақылаудың нәтижелерімен танысуға бақылау актісі берілген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде бақылау актісімен танысып, оларға қол қояды. Бақылауды жүргізген сыртқы бақылау органының қызметкері мен бақылау объектісінің лауазымды адамы бақылау актісінің екінші парағынан бастап, барлық беттеріне қолдарын қояды.
      82. Бақылау объектісінің басшылығы бақылаудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда, бақылау актісіне қарсылықтарының бар екені туралы ескертіп қол қояды. Бақылау актісіне жазбаша қарсылықтар сыртқы бақылау органына күнтізбелік он күн ішінде ұсынылады және бақылау актісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бақылау актісіне қарсылықтар күнтізбелік он күннен кешіктіріліп ұсынылған жағдайда, сыртқы бақылау органы оларды қарамайды.
      83. Сыртқы бақылау органына күнтізбелік он күн ішінде келіп түскен бақылау актісіне қарсылықтарды бақылауға жауапты лауазымды адам бақылауды жүзеге асырған сыртқы бақылау органының қызметкерлерімен және/немесе тартылған сарапшылармен, мемлекеттік органдардың мамандарымен, аудиторлық ұйымдардың қызметкерлерімен бірге 5 жұмыс күні ішінде қарап, бақылау объектісіне дәлелді жауап береді.
      Белгіленген мерзімі өткеннен кейін келіп түскен не қарсылықсыз қол қойылған бақылау актісіне келіп түскен қарсылықтар қаралмайды.
      84. Бақылау актісінің қол қойылған бір данасы қосымшаларымен бірге бақылау тобының жетекшісінде, екінші данасы – анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар және басқа да іс-әрекеттер қолдану үшін бақылау объектісінің басшысында қалдырылады.
      Ескерту. 84-тармақ жаңа редакция - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      85. Бақылау объектісінің басшылығы бақылау актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бақылауды жүргізген сыртқы бақылау органының қызметкері бақылау объектісінің лауазымды адамының қол қоюдан бас тартқаны туралы бақылау актісінде тиісті жазба жасайды.
      Бақылау объектісі бақылау актісінің қол қоюға берілген бұрынғы даналарына қол қоюдан бас тартып, оларды кайтармаған жағдайда, бақылауды жүргізген сыртқы бақылау органының қызметкері бақылау актісінің үшінші данасын толтырады, онда бақылау актісінің бұрынғы даналарына қол қоюдан бас тартылғаны және олардың қайтарылмағаны жөнінде тиісті жазба жасайды.
      86. Бақылауға жауапты лауазымды адам сыртқы бақылау органының басшысына бақылауды жүзеге асырған қызметкерлердің, бақылауға қатысқан мемлекеттік органдар мен аудиторлық ұйымдар мамандарының және сарапшылардың бақылауды жүргізу барысында қызметтік міндеттерін атқармағаны және еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы жазбаша түрде дереу хабарлайды.
      87. Жүргізілген бақылаудың нәтижелері бойынша оның жүргізілуіне жауапты лауазымды адам бақылауды жүзеге асырған сыртқы бақылау органы қызметкерлерінің және/немесе тартылған сарапшылардың, мемлекеттік органдар мамандарының және аудиторлық ұйымдар қызметкерлерінің қатысуымен бақылау аяқталғаннан кейін немесе егер бар болса, бақылау объектісінің қарсылықтарына дәлелді жауап жіберілген кезден бастап екі апта мерзімде қорытынды дайындап, сыртқы бақылау органының басшысына табыс етеді.
      88. Қорытындыда бақылаумен анықталған барлық бұзушылықтардың бақылау актісінде (аудиторлық есепте) көрсетілген фактілері, оларды жою, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, түсімдердің бюджетке толық және уақтылы түсуі, мемлекеттік бюджет қаражатын, трансферттерді, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, бюджеттік инвестицияларды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдаланудың тиімділігін жақсарту жөнінде ұсыныстар қамтылады.
      89. Қорытындыға бақылау объектісінің осы Ережені сақтай отырып жіберген қарсылықтары осы Ереженің 83-тармағында белгіленген тәртіппен қаралмаған бұзушылық фактілерін енгізуге жол берілмейді.
      Қорытынды кіріспе, негізгі (талдамалық) және қорытынды бөліктерден тұрады.
      90. Қорытындының кіріспе бөлімі бақылаудың негізін, мақсатын, мәнін және объектілерін, бақылау жүргізу кезеңін, мерзімін, бақылау тобы туралы жалпы мәліметтерді сипаттайды.
      91. Қорытындының негізгі (талдамалық) бөлігі бақылау іс-шараларының, сондай-ақ бақылаудың қойған мақсаты мен белгілі бір түрі және үлгісі шегінде бақылау объектісінің қызметіне жасалған жалпы талдаудың нақты нәтижелерін қамтиды.
      92. Салықтық, салықтық емес түсімдер немесе бюджетке төленетін басқа да төлемдер, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігі республикалық және жергілікті бюджеттер кірістерінің жалпы көлеміндегі олардың үлесін айқындай отырып, бақылаумен қамтылған кезеңде талданады.
      93. Мемлекет активтерінің, акциялары (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылуын талдаудың қорытындысы бақылау объектісінің жалпы сипаттамасынан, оның негізгі функцияларынан, жарғылық капиталды құруға немесе толықтыруға жұмсалған бюджет шығыстарынан басқа квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе жеке алғанда экономиканың, әлеуметтік саланың, мемлекеттік басқарудың өзге де салаларының дамуына тигізетін әсерін кешенді талдауды қамтуы тиіс.
      Ескерту. 93-тармақ жаңа редакция - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      94. Бақылаудың нәтижелері бақылау бағыттарының ерекшеліктерін ескере отырып, бақылаудың үлгісіне, түріне және объектісіне сәйкес жүйеге келтірілген мына бөлімдерді:
      1) мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын нормативтік әдістемелік қамтамасыз ету, олардың толыққандығы және бақылау объектісі қызметінің бекітілген стратегиялық жоспарларға сәйкестігінің деңгейін;
      2) мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруға немесе жекелеген әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешуге, сондай-ақ бақылау объектісінің стратегиялық жоспарының мақсаттары мен индикаторларына қол жеткізуге бағытталған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының қызметін;
      3) бюджет қаражатын, оның ішінде трансферттерді, кредиттер мен қарыздарды игеру нәтижелілігінің, мемлекет активтерін пайдалануды және акциялары (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқаруды қоса алғанда, бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкі мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізудің дәрежесін;
      4) бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ бюджеттен түсетін түсімдер сомаларының қайтарылуын, салықтық және кедендік әкімшілік ету тиімділігін бақылаудың нәтижелерін қамтиды.
      Қорытындының негізгі (талдамалық) бөлігінде қаржы активтерін сатып алу бойынша, оларды сатудан бюджетке түскен түсімдерді және бюджеттік инвестицияларды пайдалануды бақылаудың нәтижелері бөлек көрсетіледі.
      Әрбір бұзушылық фактісі жеке тармақта көрсетіледі. Бақылау актісінде (аудиторлық есепте) көрсетілген бұзушылыктардың үш фактісінен астамы Қорытындыда қамтылмаған жағдайда, бақылауға жауапты лауазымды адам Қорытындының ажырамас бөлігі болып табылатын оларды бұзушылық ретінде есептемеу туралы тиісті негіздеме дайындайды, кейіннен осындай фактілер қамтылған бақылау актілерін сыртқы бақылау органының басшысына қарауға береді.
      Ескерту. 94-тармаққа өзгеріс енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      95. Жекелеген бұзушылықтарды әлдеқайда толығырақ ашу үшін негізгі (талдамалық) бөлік қосымшалармен толықтырылуы мүмкін. Қосымшалар Қорытындының негізгі мәтінімен бірге біртұтас бүтінді құрайды.
      96. Қорытындының қорытынды бөлігі «Қолданылған шаралар», «Тұжырымдар», «Ұсыныстар мен ұсынымдар» деген бөлімдерден тұрады.
      97. «Қолданылған шаралар» деген бөлім қосымша есептелген салықтар, айыппұлдар, өсімақылар туралы, бюджетке түсімдер енгізудің қамтамасыз етілгені және негізсіз пайдаланылған қаражаттың өтелгені, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушілердің шарттағы міндеттемелерін орындағаны, бұзушылықтарға жол берген бақылау объектісінің лауазымды адамдарына қолданылған тәртіптік жазалау шаралары туралы және бақылауды жүзеге асыру процесінде және бақылау қорытындысы бойынша отырыс өткізілгенге дейін бақылау объектісінің бұзушылықтарды жоюына қатысты басқа да ақпаратты қамтуы тиіс.
      98. «Тұжырымдар» деген бөлім жүргізілген бақылаудың мәселелері бойынша бақылау объектісі қызметінің нәтижелерін жалпы бағалауды қамтуы тиіс. Бақылау бағытының ерекшеліктерін ескере отырып, бақылаудың үлгісіне, түріне және объектісіне қарай бюджеттің атқарылуын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын, мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылу тиімділігін, мемлекеттік органдардың (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) бюджетке кірістердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің, байланысты гранттардың, бюджеттік инвестициялардың, мемлекет кепілгерліктерінің тиімді пайдаланылуын, акциялары (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің басқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін бағалау қамтылады.
      Ескерту. 98-тармақ жаңа редакция - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      99. «Ұсыныстар мен ұсынымдар» деген бөлімде сыртқы бақылау органының отырысында бақылаудың нәтижелерін қарау мүмкіншілігін көздейтін бағыт бойынша бақылауды жүргізуге жауапты лауазымды адамның пікірі көрсетіледі.
      Бөлімде:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, уәкілетті мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға, басқа да консультативтік-кеңесші органдарға нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, анықталған бұзушылықтарды жою, негізсіз пайдаланылған бюджет қаражатын қалпына келтіру не оларды есеп бойынша қалпына келтіру, атаулылық және нысаналы сипат принципін бұза отырып пайдаланылған бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді қайтару, өнім берушілердің шарттағы міндеттемелерін орындауы, сондай-ақ бюджет және өзге де заңнаманың талаптарын бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде ұсынымдар;
      2) сыртқы бақылау органының нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, анықталған бұзушылықтарды жою, негізсіз пайдаланылған бюджет қаражатын қалпына келтіру не оларды есеп бойынша қалпына келтіру, атаулылық және нысаналы сипат принципін бұза отырып пайдаланылған бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді қайтару, өнім берушілердің шарттағы міндеттемелерін орындауы, сондай-ақ бюджет және өзге де заңнаманың талаптарын бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде бақылау объектілері орындауға міндетті шешімдері;
      3) бақылау объектілерінің лауазымды және өзге де адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстардың белгілерін қамтитын анықталған фактілер бойынша бақылау материалдарын іс жүргізу шараларын қолдану үшін құқық қорғау органдарына табыс ету туралы шешімдер;
      3-1) бақылау объектілерінің лауазымды және өзге де адамдарының іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың белгілерін қамтитын анықталған фактілер бойынша бақылау материалдарын, егер бақылау материалдары Қорытынды дайындалғанға дейін берілмеген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға табыс ету туралы шешімдер;
      4) бақылау объектісі басшылығының бақылау іс-шарасы барысында жасаған және бюджет пен өзге де заңнаманың талаптарына қатысты бұрын жол берген бұзушылықтардың салдарын барынша азайтуға бағытталған іс-әрекеттерін назарға алу туралы ұсыныстар көрсетіледі.
      Ескерту. 99-тармаққа өзгеріс енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      100. Қорытынды бақылау органының қаулысы мен ұсынымының жобаларын дайындау үшін негіз болып табылады.
      101. Қорытындыға қол қойылғаннан кейін бақылауға жауапты лауазымды адам бақылау тобының қызметкерлерімен бірге анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімін және қаулының (ұсынымның) жобасын жасайды.
      102. Сыртқы бақылау органының қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) - сыртқы бақылау органдары қабылдайтын, бақылау нәтижелерін растайтын және өздеріне арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті шешімдерді қамтитын құжат.
      Сыртқы бақылау органының қаулысы әкімшілік рәсімдер туралы заңнамада белгіленген деректемелерді қамтиды.
      Қаулы бақылауға жауапты лауазымды адамның ақпаратын тыңдаудың қорытындысы бойынша сыртқы бақылау органының отырысында регламентке сай қабылданады.
      103. Басқа бақылау-қадағалау органдарымен жүргізілген бірлескен бақылаудың қорытындысы бойынша қаулы Есеп комитетінің отырысында осы органның өкілдерімен ақпаратты талқылағаннан кейін қабылданады.
      104. Қаулы белгілеуші және қаулы шығарушы бөліктерден тұрады.
      105. Қаулының белгілеуші бөлігінде бақылау бағытының ерекшеліктерін ескере отырып, бақылаудың үлгісіне, түріне және объектісіне қарай бюджеттің атқарылуын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын, мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылу тиімділігін, мемлекеттік органдардың (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) бюджетке кірістердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің, байланысты гранттардың, бюджеттік инвестициялардың, мемлекет кепілгерліктерінің тиімді пайдаланылуын, акциялары (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің басқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін бағалау және анықталған бұзушылықтардың қысқаша сипаттамасы қамтылады.
      Ескерту. 105-тармақ жаңа редакция - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      106. Қаулының қаулы шығарушы бөлігі:
      1) бақылаумен қамтылған мәселенің жай-күйі туралы жалпы тұжырымдама;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, басқа да консультативтік-кеңесші органдарға және жүргізілген бақылаудың объектілері болып табылмайтын уәкілетті органдарға нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, анықталған бұзушылықтарды жою, сондай-ақ бюджет және өзге де заңнаманың талаптарын бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде ұсынымдарды;
      3) сыртқы бақылау органының нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшiлiктердi жою, негізсіз пайдаланылған бюджет қаражатын қалпына келтіру не оларды есеп бойынша қалпына келтіру, атаулылық және нысаналы сипат принципін бұза отырып пайдаланылған бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді қайтару, өнім берушілердің шарттағы міндеттемелерін орындауы, сондай-ақ бюджет және өзге де заңнаманың талаптарын бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде бақылау объектілері орындауға міндетті шешімдерді;
      4) бақылау объектілерінің лауазымды және өзге де адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстардың белгілерін қамтитын анықталған фактілер бойынша бақылау материалдарын іс жүргізу шараларын қолдану үшін құқық қорғау органдарына табыс ету туралы шешімдерді;
      5) бақылау объектілерінің лауазымды және өзге де адамдарының іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың белгілерін қамтитын анықталған фактілер бойынша бақылау материалдарын, егер бақылау материалдары Қаулы дайындалғанға дейін берілмеген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға табыс ету туралы шешімдерді;
      6) бақылау объектісі басшылығының бақылау іс-шарасы барысында жасаған және бюджет пен өзге де заңнаманың талаптарына қатысты жол берген бұзушылықтардың салдарын барынша азайтуға бағытталған іс-әрекеттерін назарға алу туралы ұсыныстарды;
      7) қажет болған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін бақылау объектілеріне және басқа да мүдделі адамдарға жіберілетін мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының орындауға міндетті құжаты - ұсынымды (бұдан әрі - Ұсыным) бақылау объектісінің мекенжайына жіберу туралы тапсырманы;
      8) Қаулының орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бақылау органына ұсыну туралы талапты;
      9) Қаулыны міндетті түрде орындау туралы талапты;
      10) Қаулының орындалуын бақылау жүктелген сыртқы бақылау органының лауазымды адамының лауазымын, аты-жөнін қамтиды.
      Ескерту. 106-тармақ жаңа редакция - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      107. Ұсыным бақылау объектісіне қойылған:
      1) негізсіз пайдаланылған бюджет қаражатын қалпына келтіру не оларды есеп бойынша қалпына келтіру, атаулылық және нысаналы сипат принципін бұза отырып пайдаланылған бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің сомаларын қайтару, заңсыз іс-әрекеттер нәтижесінде мемлекетке келтірілген залалдың орнын толтыру туралы;
      2) бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, өнім берушілердің тауарларды жеткізуін (жұмыстарды орындауын және қызметтерді көрсетуін), шарттағы басқа да міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ басқа да шараларды қолдану туралы;
      3) ұсынымның орындалуы туралы ақпаратты сыртқы бақылау органына онда белгіленген мерзімде ұсыну туралы талаптарды қамтиды.
      108. Сыртқы бақылау органының бақылау жүргізуге жауапты лауазымды адамы Қаулы жобасымен бірге талқылау үшін сыртқы бақылау органының отырысына Ұсыным жобасын енгізеді.
      109. Бақылау нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, интернет-ресурсқа орналастыру сыртқы бақылау органының регламентіне сәйкес жүргізіледі.

9. Сапаны бақылауды жүргізу

      110. Сыртқы бақылау органдары өз қызметінің және қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің Стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ұсынылған бақылау актілерінің сапасына бақылау жүргізеді.
      111. Сапаны бақылау - бақылау актілерінің Стандарттарға, бақылау бағдарламасына сәйкестігін анықтау жолымен олардың сапасын бағалау, сондай-ақ сыртқы бақылау органының ішкі құқықтық сараптамасын жүргізу. Сапаны бақылауға қызметкердің бақылау жүргізу кезіндегі бүкіл қызметі де, жүргізілген бақылаудың жекелеген бағыттары да тартылады.
      Сапаны бақылауды сыртқы бақылау органының аталған бақылауға қатыспаған қызметкерлері жүргізеді.
      112. Сапаны бақылауды жүргізудің қажеттілігін, кезеңділігін және мерзімін сыртқы бақылау органының басшысы ішкі регламентке сай айқындайды.
      113. Сыртқы бақылау органының қызметкерлері жол берген Стандарттарды сақтамаудың, бақылау рәсімдерін бұзудың анықталған фактілері сапаны бақылауды жүргізуге негіз болып табылады.
      114. Сапаны бақылаудың нәтижелері сыртқы бақылау органының регламентіне сәйкес ресімделеді.

10. Мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандарын және сарапшыларды бақылау жүргізуге тартудың тәртібі

      115. Сыртқы бақылау органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында өз құзыреті шегінде мынадай ұйымдық нысандарда:
      сыртқы бақылау органының бақылау тобының құрамына жекелеген мамандарды, сарапшыларды енгізуде;
      аудиторлық ұйымдарға, сарапшыларға бақылау бағдарламасына сай қызметтер көрсетуді тапсыруда мемлекеттік органдар мен мекемелердің, аудиторлық ұйымдардың мамандарын және сарапшыларды тарта алады.
      116. Мемлекеттік органдар мен мекемелердің, аудиторлық ұйымдардың мамандарын және сарапшыларды тартудың мақсаты тиісті сирек мамандандырылған мәселелер бойынша арнайы білімдерді пайдалану жолымен бақылаудың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету және тәуелсіз сараптама жүргізу болып табылады.
      117. Мемлекеттік органдар мен мекемелердің, аудиторлық ұйымдардың мамандарын және сарапшыларды тарту кезінде олардың кәсіпқойлығына, біліктілігіне және нақты міндеттерді орындау қабілеттілігіне, сондай-ақ Стандарттарды және осы Ережені мүлтіксіз орындауы жөнінде тиісті талаптар қою қажет.
      Бақылау жүргізуге тартылған барлық адамдар бақылау материалдарына және бақылау жүргізу кезінде пайдаланатын ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауы тиіс.
      118. Мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандарын және сарапшыларды тартудың қажеттілігі сыртқы бақылау органының жылдық жоспарын жасау кезінде айқындалады және бақылау жүргізу басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей, сыртқы бақылау органының тоқсандық жұмыс жоспарын дайындау кезінде нақтыланады.
      119. Сыртқы бақылау органының жоспарланған бақылаудың мәнін, мамандардың саны мен біліктілігін, бақылаудың немесе сараптаманың жүргізілу мерзімі мен кезеңін көрсете отырып, мемлекеттік органдардың басшыларына жіберген хатының негізінде мемлекеттік органдардың мамандары бақылауға тартылады.
      120. Аудиторлық ұйымдардың мамандарын және сарапшыларды тартудың қажеттілігін бақылауға жауапты лауазымды адамның жазбаша өтінімі негізінде сыртқы бақылау органының басшысы айқындайды. Өтінімде жоспарланып отырған бақылауға жүргізілген талдаудың негізінде аудиторлық ұйымдардың мамандарын және сарапшыларды тартуға негіздеме, олардың саны, оларға қойылатын біліктілік талаптары, олардың жұмыс істеу мерзімі мен кезеңі көрсетіледі.
      121. Бақылауға жауапты лауазымды адамдардың жазбаша өтінімдерінің негізінде, бөлінген сомалардың лимиттеріне сүйене отырып, аудиторлық ұйымдардың мамандарын және сарапшыларды тартуға жиынтық өтінім жасалады, ол сыртқы бақылау органының операциялық (жылдық) және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекіту кезінде талқылауға енгізіледі.
      122. Айрықша жағдайларда, сыртқы бақылау органының жұмыс жоспары бекітілгеннен кейін аудиторлық ұйымдар мамандарының және сарапшылардың қызметіне қажеттілік туындағанда, сыртқы бақылау органының басшысы оларды жұмысқа тарту туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      123. Аудиторлық ұйымдардың және сарапшылардың көрсететін қызметтерін сатып алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы мен мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олармен тиісті шарттар жасала отырып жүргізіледі.
      124. Бақылаудың немесе сараптаманың нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымдардың мамандары және сарапшылар есеп (акті, қорытынды) жасап, оны бақылауға жауапты лауазымды адамға табыс етеді. Аудиторлық ұйымдардың және сарапшылардың қызметіне ақы төлеу жағдайлары тиісті шарттарда көрсетіледі. Ақы төлеу осы мақсаттарға бөлінген бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырылады. Аудиторлық ұйымдардың және сарапшылардың қызметіне қорытынды ақы төлеу сыртқы бақылау органы бақылау іс-шарасының нәтижелерін бекітіп, Қаулы (Ұсыным) қабылдағаннан кейін жүргізілуі тиіс.
      125. Аудиторлық ұйымдардың және сарапшылардың есептерін қабылдау, сондай-ақ есепке берілген ескертпелер мен ұсыныстарды жою шарттары мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға немесе өзге де азаматтық-құқықтық шарттарға сәйкес белгіленеді.

11. Бақылау материалдарын есепке алу, олардың есептілігі мен орындалуын бақылау

      126. Сыртқы бақылау органы Қаулыға (Ұсынымға) қол қойылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қаулыда немесе Ұсынымда белгіленген шараларды қолдану үшін өздеріне арналған тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға оның жіберілуін қамтамасыз етеді.
      127. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына жіберілген Қаулылар (Ұсынымдар) ондағы көрсетілген мерзімде қаралуы тиіс.
      128. Қаулылардың (Ұсынымдардың) орындалуын бақылауды сыртқы бақылау органының бақылауға жауапты лауазымды адамы жүзеге асырады.
      129. Сыртқы бақылау органының Қаулыларының (Ұсынымдарының) іске асырылуын бақылау мынадай рәсімдерді:
      1) сыртқы бақылау органының Қаулыларының (Ұсынымдарының) тапсырмалық тармақтарын бақылауға қоюды;
      2) сыртқы бақылау органының Қаулыларының (Ұсынымдарының) іске асырылу барысы мен нәтижелерін талдауды;
      3) бақылау объектісі осы Ереженің 6-бөлімінде көзделген тәртіппен қаулыларды (ұсынымдарды) орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайларда, ӘҚБКо-де белгіленген шаралар қолдануды;
      4) Қаулыларды (Ұсынымдарды) бақылаудан алуды, оларды іске асырудың мерзімін ұзартуды және (немесе) оларды іске асыру жөнінде шаралар қолдануды қамтиды.
      130. Сыртқы бақылау органы құқық қорғау органдарына жіберген бақылау іс-шараларының материалдарын олардың қарау қорытындысы бойынша қолданған шараларына талдау жүргізеді.
      Талдау өтінішті қараудың нәтижелері бойынша құқық қорғау органынан алынған ақпараттың негізінде жүргізіледі.
      131. Сыртқы бақылау органының бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға және өзге де бақылау объектілеріне жіберілген шешімінің орындалуын бақылау жүктелген сыртқы бақылау органының лауазымды адамы Қаулыда немесе Ұсынымда белгіленген орындалу мерзімі аяқталған соң бір жұмыс күні ішінде Қаулының (Ұсынымның) әрбір тармағының іске асырылуы туралы сыртқы бақылау органы басшысының атына қызметтік жазба дайындайды. Қаулының (Ұсынымның) қандайда да бір тармағы орындалмаған жағдайда, қызметтік жазбада оның себептері мен ықтимал орындалу мерзімі көрсетіледі.
      132. Қажет болған жағдайда, Қаулының (Ұсынымның) орындалу барысы туралы мәселені талқылау сыртқы бақылау органының отырысына шығарылуы мүмкін.
      133. Есептілік нысандары, оның кезеңділігі, сондай-ақ бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізілімінің нысаны, Бұзушылықтар сыныптамасы бүкіл сыртқы бақылау органдары үшін бірыңғай болып табылады.
      134. Қағаз жеткізгіштердегі бақылау материалдары Қаулыға (Ұсынымға) қол қойылғаннан кейін бес күннің ішінде (сыртқы бақылау органына келген уақыттан бастап үш күн ішінде тапсырылатын бақылау актілерін қоспағанда) сыртқы бақылау органының құжаттау мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшесіне тапсырылып, құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаcына сәйкес сақталады және кейіннен белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылады.
      Ескерту. 134-тармақ жаңа редакция - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012.07.09 № 1-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      135. Мемлекеттік құпияны құрайтын бақылау материалдары есепке алынып, Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сақталады.
      136. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға іс жүргізу шешімін қабылдау үшін жіберілген әкімшілік материалдардың көшірмелері сыртқы бақылау органының әкімшілік ісқағаздарды жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінде сақталады және жеке журналда тіркеледі. Әкімшілік материалдардың сақтауға тапсырылған көшірмелері сыртқы бақылау органының жалпы хат-хабарларынан бөлек сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады