Арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 14-1/513 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 30 қыркүйекте № 7228 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 19-1/248 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.03.2015 № 19-1/248 бұйрығымен.

       Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабы 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Қ.А.Мейрембеков) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Е.Толыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 14-1/513 бұйрығымен
бекітілген

Нысан

кімге ___________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
кімнен __________________________________________
      (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)

Арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш

_____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының Су кодексінің 66-бабының 6 тармағына сәйкес су пайдалану түрін көрсету)
__________________________________________рұқсат беруіңізді сұраймын.

1. Жеке немесе заңды тұлға туралы мәліметтер:
1) жеке тұлғалар үшін төлқұжат деректері, СТН (ЖСН) немесе заңды тұлғалар үшін тіркеу туралы куәлік, СТН (БСН)___________________
      (№, кім және қашан берген)
____________________________________________________________________;
2) мекен жайы;______________________________________________________;
              (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон, факс)
3) филиалдар, өкілдіктер_____________________________________________
____________________________________________________________________;
4) су пайдалануға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефоны____________________________________________________
2. Жер үсті суларын (ағызылатын сарқынды суларды, жер асты су көзін) алу және (немесе) пайдалану орындарының координаттары көрсетілген ахуалдық схемасы (қоса беріледі).
3. Су пайдалану мақсаты________________________________________
4. Су объектісінің атауы, негізгі гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалары, су пайдаланудың басқа да шарттары
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Жер үсті суларын (ағызылатын сарқынды суларды, алынатын жер асты суларын) алу және (немесе) пайдаланудың есептік көлемі осы Арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішке қосымшаға сәйкес ұсынылады.
6. Өнім бірлігіне кететін жер үсті, жер асты және сарқынды сулардың үлестік шығыстары___________________________________________
7. Су пайдалануды бастау және аяқтаудың болжанып отырған мерзімі______________________________________________________________
8. Су пайдаланушының өндірістік қызметіне сипаттама (шығарылатын өнімнің көлемі, қызметкерлердің, қызмет көрсетілетін халықтың саны, қуаты, суарылатын учаскелерінің алаңдары)_____________
9. Арнайы су пайдалануға бұрын берілген рұқсаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді, қолданылу мерзімі, егер осылар өтініш берушіде бар болса, жер үсті және жер асты суларын алу және (немесе) пайдалану жөніндегі пайдалану, өнеркәсіптік және басқа да сарқынды суларды жер беті су объектілеріне ағызу тәжірибесі)_________
10. Суды пайдалануды есепке алуға, режимдік байқаулар мен зертханалық талдаулар жүргізуге арналған жабдықтардың сипаттамалары
_____________________________________________________________________

      Өтініш беруші
_____________________________________________________________________
      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

      Мөр орны
      20__ жылғы «__»________

      Өтініш 20__жылғы «__»____________________ қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

Арнайы су пайдалануға рұқсат
беру туралы өтінішке
қосымша

Жер үсті суларын (ағызылатын сарқынды суларды, алынатын жер асты суларын) алу және (немесе) пайдаланудың есептік көлемі

№ р/с

Айлар

Литр/секунд

Текше метр/тәулік

Текше метр/ай

1

2

3

4

5

1

Қаңтар




2

Ақпан




3

Наурыз




4

Сәуір




5

Мамыр




6

Маусым




7

Шілде




8

Тамыз




9

Қыркүйек




10

Қазан




11

Қараша




12

Желтоқсан




Барлығы жылына, текше метр/жыл


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады