Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 07.06.2018 № 114 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астрахан ауданы әкімдігінің "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімін анықтау туралы" 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 97 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-6-152 тіркелген, 2011 жылғы 6 мамырдағы "Маяк" № 18 газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың 2 тармақшасында "бұршақ", "ноқай" сөздері алынып тасталсын;
атауы мен 1 тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі | Р.Әкімов |