Астрахан ауданы бойынша 2018 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 7 маусымдағы № 114 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 маусымда № 6691 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астрахан ауданы бойынша 2018 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi, осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      Астрахан ауданы әкімдігінің "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмiн анықтау туралы" 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 97 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-152 болып тіркелген, 2011 жылғы 6 мамырда аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) қаулысы;

      Астрахан ауданы әкімдігінің "Астрахан ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 97 "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмiн анықтау туралы" Астрахан ауданы әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2011 жылғы 26 мамырдағы № 143 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-154 болып тіркелген, 2011 жылғы 24 маусымда аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) қаулысы.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Б. Мұқұшевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Ж.Шахпұтова

  Астрахан ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 7 маусымдағы
№ 114 қаулысына қосымша

Астрахан ауданы бойынша 2018 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi

№ р/с

Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi

Оңтайлы мерзімдері

1.

Жаздық бидай

15 мамырдан 8 маусымға дейін

2.

Жаздық арпа

25 мамырдан 15 маусымға дейін

3

Сұлы

25 мамырдан 15 маусымға дейін

4

Біржылдық шөпке, жасыл азыққа

12 мамырдан 15 маусымға дейін

5

Судан шөбі шөпке, жасыл азыққа

17 мамырдан 15 маусымға дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады