2011 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 97 қаулысы. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 3 мамырда № 1-6-152 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 7 маусымдағы № 114 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 07.06.2018 № 114 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5 бабының 3 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Астрахан ауданының әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2011 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімі белгіленсін:

      1) бидай 14 мамырдан 1 маусымға дейін;

      2) сұлы, күнбағыс, зығыр, арпа 15 мамырдан 5 маусымға дейін.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2011.05.26 № 143 (қолданысқа енгізу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) қаулысымен

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.

      3. Осы қаулы Астрахан ауданының Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының әкімі Р.Әкімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады