Көлтабан ауылдық округі құрамындағы бөліктеріне (қыстақтарға) атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан селолық округі әкімінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 11 шешімі. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 қарашада № 3-4-135 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 19.11.2014 № 15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селолық" деген сөзі тиісінше "ауылдық" деген сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 19.11.2014 № 15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Көлтабан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 07.12.2020 № 44 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Көлтабан ауылдық округінің құрамындағы бөліктеріне (қыстақтарға) келесі атаулар берілсін:

      1) Аққұдық;

      2) Ербас;

      3) Қаражар;

      4) Қарабұйрат;

      5) Қамысқора;

      6) Қызылту;

      7) Қызылтаң;

      8) Құлақ;

      9) Мойындықияқ;

      10) Сарыбұлақ;

      11) Шихетер;

      12) Елібай;

      13) Қарағандысай;

      14) Қызылқұдық;

      15) Тереңқұдық;

      16) Үлкен Сорқұдық;

      17) Кенжалы;

      18) № 174 разъезд;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 07.12.2020 № 44 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көлтабан ауылдық округі әкімі С.М.Бітімбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады