Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Көлтабан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көлтабан ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1) Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 10 "Көлтабан ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-134 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашада аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімінде:
кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Көлтабан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
4 тармақтағы "өз міндетіме аламын" сөздері "өзіме қалдырамын" сөздерімен ауыстырылсын.
2) Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 11 "Көлтабан ауылдық округі құрамындағы бөліктеріне (қыстақтарға) атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-135 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашада аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімінде:
кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Көлтабан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
2 тармақтағы "өз міндетіме аламын" сөздері "өзіме қалдырамын" сөздерімен ауыстырылсын.
2. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көлтабан ауылдық округінің әкімі |
С. Бітімбай |