Қарашай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қарашай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 12 қазанда № 3-8-137 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қарашай ауылдық округінің әкімінің 20.02.2015 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қарашай ауылдық округінің әкімінің 20.02.2015 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемесінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қарашай ауылдық округі әкімінің 17.11.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Қарашай ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қарашай ауылдық округі әкімінің 17.11.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы шешіммен қосымша келген схемалық карта бойынша орналасқан Қарашай ауылдық округіндегі елді мекендеріндегі қөшелерге келесі атау берілсін:

      1) Александр Довыдович Квиндт. (Қаратаусай ауылы);

      2) Қамаш Балғазинұлы Балғазин (Аққайың ауылы);

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қарашай ауылдық округі әкімінің 17.11.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      3. Шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарашай ауылдық округі
әкімінің уақытша міндетін атқарушы
Н. Қарақұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады