2011 жылы жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 3 наурыздағы N 9/9 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 сәуірде N 8-3-115 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 23 маусымдағы N 24/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011.06.23 N 24/4 (бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) Қаулысымен.

      Жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірушілерді, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту және олардың практикалық тәжірибе, дағды мен білім жинауы мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-112 нөмірмен тіркелген Теміртау қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы 34 сессиясының "2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" N 34/5 шешімін басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Уәкілетті орган – "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы (бұдан әрі – жастар практикасы) өткізу жұмыстарын ұйымдастырсын, жұмысқа орналасуға және еңбек нарығындағы бәсекелестікті арттыруға ықпал етсін;
      2) кәсіптік оқу орындарын бітірген жұмыссыздарға уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыруға шарттар жасасын;
      3) жастар практикасын өткізу шараларын қаржыландыруды 002 "Еңбекпен қамту бағдарламасы" бағдарламасында 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" бағдарламашасында қарастырылған қалалық бюджет қаражаты есебінен жүргізсін;
      4) жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысын жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 21400 теңге мөлшерінде белгілесін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 ақпаннан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.

      Теміртау қаласының әкімі                   Н. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады