"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 23 маусымдағы N 24/4 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 шілдеде N 8-3-121 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы N 3/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 19.01.2012 N 3/1 қаулысымен.
      Жұмыссыз азаматтардың - жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірушілердің жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту және олардың практикалық тәжірибе, білім мен дағды жинауы, сондай-ақ "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кіші және орта бизнесті қолдау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Уәкілетті орган – "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы (бұдан әрі - жастар практикасы) өткізу жұмыстарын ұйымдастырсын, жұмысқа орналасуға және еңбек нарығындағы бәсекелестікті арттыруға ықпал етсін;
      2) экономиканың басым секторларында қызмет ететін қаланың заңды тұлғалары мен жеке кәсіпкерлерден жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісіне түскен жастар практикасын ұйымдастыруға қатысатын өтінімдердің орындалуын қамтамасыз етсін;
      3) кәсіптік оқу орындарын бітірушілерге - жұмыссыздарға уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыруға шарттар жасасын.
      2. Жастар практикасын өткізу шараларын қаржыландыруды 002 "Еңбекпен қамту бағдарламасы", 022 "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламалары шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау" бағдарламасы, 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар", 011 "Республикалық бюджет трансферттері есебінен" бағдарламашаларында қарастырылған қаражаты есебінен жүргізілсін.
      3. Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы бюджетте белгіленген қаражат мөлшерінде анықталсын, бірақ 2011 жылға белгіленген ең төменгі бір айлық еңбекақы мөлшерінен аз болмауы тиіс.
      4. Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 3 наурыздағы N 9/9 "2011 жылы жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыру туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-115 нөмірмен тіркелген, 2011 жылғы 13 сәуірдегі N 14 "Зеркало" газетінде және 2011 жылғы 13 сәуірдегі N 15 "Теміртау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.
      6. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

Теміртау қаласының әкімі
Н. Сұлтанов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады