Аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 84 "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралары туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Бейнеу ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 12 Қаулысы. Бейнеу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 04 ақпанда № 11-3-111 тіркелді. Күші жойылды - Бейнеу аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 84 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Бейнеу аудандық әкімдігінің 2012.06.14  № 84 Қаулысымен.
      1. Аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 84 «Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралары туралы» (11-3-77 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, «Рауан» газетінің 2009 жылғы 4 маусымындағы № 23 санында ресми жарияланған, 11-3-97 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, «Рауан» газетінің 2010 жылғы 18 ақпанындағы № 7 санында ресми жарияланған аудандық әкімдіктің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 18 «Аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 84 «Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралары туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен өзгерістер енгізілген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      5 - тармақтағы «20 000 (жиырма мың)» деген сөздер «26 000 (жиырма алты мың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      қаулының қосымшасымен бекітілген Ауданда халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібінде:
      12 тармақтағы «20 000 (жиырма мың)» деген сөздер «26 000 (жиырма алты мың)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                       Қ.Әбілшеев

      А.Ұлұкбанов
      Ү.Әмірханова
      Қ.Бөлтеков
      М.Нысанбаев
      М.Көбеген
      Қ.Жарасбаева
      дайынд.:Б.Өмірбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады