Мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 137 "Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшін, сондай-ақ базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2011 жылғы 11 ақпандағы № 273 шешімі. Қостанай облысы Қамысты ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 наурызда № 9-11-115 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 97 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 04.01.2013 № 97 шешімімен (қол қойылған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 137 "Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшін, сондай-ақ базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 9-11-91, 2009 жылғы 15 мамырда "Новый путь - Бозторғай" газетінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауында "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      қосымшаның атауында "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      қосымшаның 4-тармағында "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оларды алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық


мәслихаттың кезекті


сессиясының төрағасы

М. Әлиев

Қамысты аудандық


мәслихатының хатшысы

Б. Рақымжанов

КЕЛІСІЛДІ:


Қазақстан Республикасы


Қаржы министрлігінің


Қостанай облысы салық


департаментінің Қамысты


ауданы бойынша салық


басқармасының бастығы


_______ М. Сейiтқамалов



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады