Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар үшін, сондай-ақ базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 137 шешімі. Қостанай облысы Қамысты ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 мамырда № 9-11-91 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 97 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 04.01.2013 № 97 шешімімен (қол қойылған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Атауында және бүкіл мәтін бойынша "жеке тұлғалар" сөздері "Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар" сөздерімен ауыстырылсын - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2011.02.11 № 273 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қызметi дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшін, сондай-ақ базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бiржолғы талондардың құны белгіленсін (қосымшаға сәйкес).

      2. Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 220 "Қызметi ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар және базарда тауарларды сатуды жүзеге асыратын тұлғалар үшін бiржолғы талондардың құнын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оларды алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық


мәслихаттың кезекті


сессиясының төрайымы

С. Қыстаубаева

Қамысты аудандық


мәслихатының хатшысы

Б. Рақымжанов


      КЕЛІСІЛДІ


  Мәслихаттың
2009 жылғы 22 сәуірдегі
№ 137 шешіміне қосымша

Қызметi дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан
Республикасының азаматтары, оралмандар үшін, сондай-ақ базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау,
қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
азаматтары, оралмандар, дара кәсіпкерлер мен
заңды тұлғалар үшін бiржолғы талондардың құны

Қызмет түрінің атауы

Құны

(теңге)

1.

Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге

асырылатын қызметтерді қоспағанда):



Газеттер мен журналдарды

141

2.

Тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал

(екпелер, көшет), бақша дақылдарын,

саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде

өсірілген тірі гүлдерді, қосалқы

шаруашылық, бағбандық, бақшашылық және

саяжай учаскелерінің өнімдерін, жануарлар

мен құстардың жемдерін, сыпыртқылар,

сыпырғылар, орман жидегін, бал,

саңырауқұлақ және балық

30

3.

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке

трактор иелерінің көрсететін қызметі

150

4.

Базар аумағындағы дүңгіршектердегі,

стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған

блоктардағы) сауданы қоспағанда,

базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар

орындау, қызметтер көрсету жөніндегі

қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан

Республикасының азаматтары, оралмандар,

дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар

103


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады